Тоқхожаева Айбаршын,
№15 жалпы орта мектебінің география пәні мұғалімі.
Мақтарал ауданы
Сабақтың тақырыбы: Солтүстік Американың халқы және саяси картасы. Америка Құрама Штаттары.
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік: Оқушыларды Американың халқы мен елдерін таныстыру, елдің экономикалық жағдайымен алатын орнына, ірі мемлекеттеріне тоқталу.
Дамытушылық: Оқушылардың баяндау білу, есте сақтау, ойлау қабілеттерін, картамен жұмысты дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды басқа мемлекеттермен таныса отырып, олардың туған елге деген сүйіспеншілігін ояту арқылы бірін – бірі сыйлауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: топтық жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: Солтүстік Американың саяси картасы, атлас карта, оқулық, суреттер, қосымша материалдар, слайд.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: 1. Оқушылармен амандасу
2. Оларды түгендеу.
3. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.
4. Топқа бөлу: 1. Америка Құрама Штаты
2. Канада
3. Мексика
Өткен сабаққа шолу: «Кім жылдам» ойыны.
Америка Құрама Штаты тобы.
1. Арктикалық шөл зонасындағы өсімдіктер мен жануарлар.
2. “Прерий” сөзінің мағынасы.
3. Ылғалды мәңгі жасыл ормандар жануарлары.
4. Канадада тіршілік ететін солтүстік бұғысының түрі.
5. Тайга зонасының топырағы.
2. Канада тобы.
1. Тундра зонасының өсімдігі мен жануары. 2. “Суккулентті” өсімдіутер қай зонаға тән? 3. Американың шығысындағы ормандарда қалталы жануар. 4. Солтүстік Америка прерийлерінің топырағы қандай? 5. Саванналар мен ылғалды мәңгі жасыл ормандар өсімдіктері.
3. Мексика тобы.
1.Тайга жануарлары . 2. «Суккулент» сөзінің мағынасы. 3. Қоңыр топырақты жалпақжапырақты ормандар өсімдігі. 4. Саванналар мен ылғалды мәңгі жасыл ормандар жануарлары. 5. Прерий өсімдіктері.
«Сандарда сөйлейді» ойыны.
51м
|
24,2млн км2
|
1492ж
|
2млн 176 мың км2
|
1914ж
|
6193м
|
1849ж
|
-700
|
6420км
|
86см
|
Жаңа тақырып: Солтүстік Америка халқы мен елдері. АҚШ.
Достарыңызбен бөлісу: |