Шымкент қаласы №51 жалпы орта мектеп -
- Торғаутова Хализа
- Қазақ тілі және
- әдебиеті пәні мұғалімі
- Сөз тіркесі туралы түсінік
Сабақтың тақырыбы: Сөз тіркесі туралы түсінік - Сабақтың мақсаты:
- Білімділігі: cөз тіркесі туралы теориялық білімді меңгерту, түрлерін ажырата білуді үйрету, білімдерін тиянақтау, бекіту.
- Дамытушылық: өз ойларын еркін жеткізе білу дағдысын қалыптастыру, түрлі әдістер арқылы шығармашылық қабілеттерін арттыру, сөздік қорын молайту.
- Тәрбиелік: халқымыздың салт-дәстүрлерін бағалай білуге, елін сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ - Сабақтың түрі: аралас сабақ
- Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, шығармашылық жұмыс, деңгейлік тапсырмамен жұмыс.
- Сабақтың байланысы: әдебиет, халықтық педагогика
- Сабақтың көрнекіліктері: мақал-мәтелдер, тақта,бор,деңгейлік тапсырмалар,электронды оқулық
- Сабақтың өтетін орны: интерактивті тақта
- Сабақтың барысы:
- Ұйымдастыру кезеңі:
- Оқушыларды түгелдеп, сыныптың тазалығына көңіл бөлу.
- Бүгінгі сабақ барысында сынып оқушылары үш топқа бөлініп жұмыс істейтінін, олардың тапсырмалары үш түрлі болатынын хабарлау.
-
- І.Оңай деңгейдегі тапсырма
- ІІ. Орташа деңгейдегі тапсырма
- ІІІ. Жоғары деңгейдегі тапсырма
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау - 1.Сұрақтар беру
- Синтаксис қай тілдің сөзі?
- Синтаксис нені зерттейді?
- Тілдің ойды білдіретін ең кіші бөлімі не?
- 2. 224-жаттығу жұмысының орындалу барысын тексеру
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру - Жаңа сабақ мақсатымен оқушыларды таныстыру
- Сөз тіркесі туралы түсінік беру
- Мысалы:
- а) Қаһарлы сөз қамал бұзар
- Сөздер байланысы
- Қаһарлы сөз
- Қамал бұзар
- ә)Балалар күні бойы көкөніс жинауға көмектесті
- балалар көмектесті
- жинауға көмектесті
- көкөніс жинауға көмектесті
- күні бойы көмектесті
2.Сөз тіркесінің ережесімен таныстыру - 2.Сөз тіркесінің ережесімен таныстыру
- Сөйлемде кем дегенде екі толық мағыналы сөздің бірі екіншісіне сабақтаса (бағына) байланысқан сөздер тізбегін сөз тіркесі дейміз.
- 3. Сөз тіркесінің айрықша белгілері:
- 1) сөйлем ішінде танылады;
- 2) кем дегенде толық мағыналы екі сөзден тұрады;
- 3) бірі екіншісіне бағына байланысады;
- 4) белгілі бір синтаксистік қатынасты білдіреді
4. Сөз тіркесі екі сыңардан тұрады. - 1.Бағыныңқы сөз. 2. Басыңқы сөз.
- Баланың тілі
- Гүлденген Қазақстан
- Уәдеге берік
Сөз тіркесінің түрлері - 1. Есімді тіркес 2. Етістікті тіркес
- Басыңқы сыңары зат есім, Басыңқы сыңары
- сан есім, есімдік, сын есімнен етістіктен болады
- болады.
- Болашаққа (неге?) аманат Асықпай сөйледі
- Алтын (қандай?) сағат Ерте келді
- Ағасы (кімі?) осы Тез жүрді
ІV.Жаңа сабақты бекіту - 1.Сұрақтар беру
- 1.Сөз тіркесінің неше түрі бар?
- 2.Сөз тіркесі дегеніміз не?
- 3 .Етістікті, есімді тіркестердің ережесін айтып бер
Деңгейлік тапсырмалармен жұмыс - І.Деңгей
- 1.Үзіндіден сөз тіркесін тап.
- Кеш бойы Абай Пушкинді қайта оқумен болған еді.Бүгінгі күн анда-санда алаң еткен ол-пұл жайлар болса да Абайдың Пушкинге ең алғашқы рет таныса жақындасып ,туысын тапқандай боп толғана бой ұрған күнінің бірі еді.
-
-
2.Мына екі бағандағы сөздерді мағынасына сәйкес келетін сөздермен байланыстырып,сөз тіркесін жаса ІІ.Деңгейлік тапсырма - 1.Мына сөз тіркестерін қатынастырып, сөйлем құрап жаз.
- Абай өлеңі, Көкбай ақын, қонақтың бірі,
- Әйгерім әні, ерте келген , хатты алды
- 2.Мына сөздерден сөз тіркесін жасап,есімді,етістікті сөз тіркестеріне ажыратып жаз.
- Отан, ұлттық, көгілдір,ақ,қазақ,әдейі,
- оқушы,жаяу,бала,бағалы
ІІІ.Деңгейлік тапсырма - 1.«Абай әндері» тақырыбында шағын әңгіме жаз.Әңгімеден сөз тіркестерін тап.
- 2.Мына үлгіде көрсетілгендей сөз таптарын орнына қойып, екі-екіден сөз тіркесін жаса
-
- (сын есім) (зат есім)
- Мысалы : көңілді кеш
- 1.сан есім - зат есім
- 2.сын есім - зат есім
- 3.үстеу - етістік
3. Қорытындылау - Мақал-мәтелдер айтқызу
- (әр түрлі тақырыпта)
- V. Оқушыларды бағалау
- VІ. Үйге тапсырма
- Сөз тіркесін оқу, ереже жаттау
- 226 – жаттығуды орындау
Достарыңызбен бөлісу: |