Сабақтың басы
|
Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық.
Амансың ба, алтын күн!
Амансың ба, жарқын күн!
Амансың ба, туған жерім!
Амансың ба, достарым!
Үй жұмысын сұрау.
61-жаттығу, 26-беттегі.
Берілген әріптер қатарынан жасырынған сөзді тауып оқу және тапқан сөзі туралы не білетінін сұрау.
Баскетбол;
Бассейн;
Бокс;
Жүзгіш.
«Қызыл телпек» ойыны.
Жаңа тақырып «Спорт жарыстары туралы жазамын.
Жұрнақ пен жалғау»
|
Психологиялық ахуалға берілген тақпақтарды дауыстап айтып, тілді жаттықтыру және жаңа сабаққа назар аудару.
Оқушылар сұраққа жауап береді, жұмысты берілген түріне қарай орындайды.
|
ҚБ: дөңгелектер арқылы бағалау.
|
Психологиялық ахуал.
Алдыңғы білімді еске түсіру тапсырмалары.
Суреттер
Бейнежазба
|
Сабақтың ортасы
|
Білу.
Ой қозғау.
62-жаттығу
(Т) «Суретті әңгімеле» стратегиясы
Суреттегі оқиғаны болжату мақсатында сурет бойынша талқылатып, әңгімелету.
(Т; Ұ) «Автор орындығы»
Сурет бойынша талқылаған әңгімелерін жариялайды.
63-жаттығу
(Ө; Ұ)Жағдаят
Мектепте ұзындыққа секіру мен жүгіруден жарыс өткізілмекші. Жарысқа 2–4-сынып оқушылары қатысады. Сыныптарыңда секіру және жүгірумен шұғылданатын балалар бар ма? Олар осы жарысқа қатыса ала ма? Сол туралы өз ойыңды білдір.
Түсіну
64-жаттығу
(Ө) Өлеңді мәнерлеп оқы.
Қимыл жаса тұра қап,
Жалқаулықты жуытпа.
Көлеңкеңді қуалап
Жүгіруді ұмытпа.
Сергек жүрсең сен енді,
Жоламайды суық бір.
Суық сумен денеңді
Ертең ерте шынықтыр.
-Өлең не туралы?
-Жалқаулықты сөзін жалқау, жалқаулық сөздерімен салыстыр.
Қолдану
65-жаттығу
(Ө) Мақалды оқып, жатқа жаз.
Өнерлі жігіт өрде озар,
Өнерсіз жігіт жер соғар.
Жұрнақ жалғанған сөзді тап.
Талдау
Түйін жаса!
Қосымша жұрнақ, жалғау болып ... бөлінеді.
Сөз мағынасын өзгертетін қосымшаны ... дейді.
Сөз бен сөзді байланыстыратын қосымшаны ... дейді.
Жинақтау
«Қатесін тауып, түзе ойыны!»
Сағат – қосымшалы сөз.
Жылқышы – түбір сөз.
Қояндар – жалғауы бар сөз.
Саяхатшы – жұрнағы бар сөз.
Мектеп – түбір сөз.
Өзіңді тексер!
Сағат – түбір сөз.
Жылқышы – жұрнағы бар сөз, жылқы+шы
Қояндар – жалғауы бар сөз, қоян+дар
Саяхатшы – жұрнағы бар сөз, саяхат+шы
Мектеп – түбір сөз.
|
Берілген сұраққа жауап беріп, тапсырмаларды талапқа сай орындайды.
Жұмыс дәптеріндегі жазылым тапсырмаларын орындау
Өлеңді мәнерлеп оқып, не туралы екенің анықтайды.
Оқулықтағы қосымша тапсырмалар.
|
ҚБ: Дөңгелектер арқылы бағалау.
ҚБ: Дөңгелектер арқылы бағалау
|
Слайд
Оқылым, жазылым тапсырмалары.
Оқулық
Слайд
|