Сабақтың тақырыбы Сұранысқа ие мамандықтар



Дата02.03.2020
өлшемі264,59 Kb.
#59341
түріСабақ
Байланысты:
user file 5de88697829a2


Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі:

Кәсіп пен еңбек. Болашақ мамандықтары



Мектеп: Н.Островский атындағы мектеп-лицейі

Күні: 25.11.2019

Мұғалімнің ТАӘ: Дуйсенхан И.А.


Сынып: 8 «ә»

Қатыспағандар саны:18

Қатысқандар саны : 0




Сабақтың тақырыбы

Сұранысқа ие мамандықтар

Осы сабақ арқылы іске асатын оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.2.1.1. тұтас және аралас мәтіндердегі (кесте, диаграмма, сызба, сурет) ақпараттарды салыстыру.

8.4.3.1. сөздік қор және сөздік құрам ерекшеліктерін түсініп қолдану.



Сабақтың мақсаты

Оқушылар:

  • Тұтас және аралас мәтіндердегі ақпараттарды түсінеді;

  • мәтіндерді салыстырады;

  • мәтіндегі деректерге қатысты пікір білдіреді;

  • мәтіннен жаңа сөздерді тауып жазады.


Бағалау критерийлері


  • Тұтас және аралас мәтіндерді салыстырады;

  • ұқсастығы мен айырмашылығын анықтайды;

  • деректердегі ұқсастық пен алшақтықты табады;

  • мәтіндердегі ақпаратты қабылдауға қатысты жеке көзқарасын білдіреді.

Тілдік мақсаттар

Пән лексикасы және терминология:

Жазылымға қажетті сөз тіркестері:

Ақпараттың шынайылығы, қандай мамандықты таңдаған дұрыс, жұмыс орнымен қамтылу, сұранысқа ие, тағы басқа мамандықтар.

Құндылықтар

Ашықтық, өмір бойы оқу

Пәнаралық байланыс



Осыған дейін меңгерілген білім

«Көне түркі жазбалары және қазақ жазуы», «Азаматтық құндылықтар және әлем мәдениеті» бөлімдері арқылы оқылым дағдылары дамытылды. Оқушылардың сөздік қор мен сөздік құрам туралы білімдері бар

Сабақтың барысы

Сабақ кезеңдері

Жоспарланған әрекеттер

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут


Оқылым алдындағы тапсырма.

Мұғалім оқушылардың тұтас, тұтас емес, аралас мәтіндер туралы білімдерін еске түсіреді.

1-тапсырма.


  • Тұтас мәтіндер дегеніміз не?

  • Тұтас емес және аралас мәтіндер дегенімізді қалай түсінесіз?

Төмендегілерді тұтас және тұтас емес мәтіндерге бөліп жазыңыз.

  • Ертегі

  • Сурет

  • Әңгіме

  • График

  • Мақала

  • Кесте

  • Диаграмма



Таныстырылым




Сабақтың ортасы

10 минут

10 минут


10 минут

Оқылым тапсырмасы.

Мұғалім оқушыларға бір тақырыптағы тұтас және аралас мәтінді ұсынады. Оқушылар мәтіндермен танысып, салыстырады.



1-мәтін.

Қандай кәсіп иелері сұраныста болмақ? Тоқырау жылдары зауыт-фабрикалар жабылып, өндіріс тоқтаған соң, жұмысшы мамандарды даярлау ісі қажет болмаған-тын. Бүгінде кәсіптік білім беру өз бағытын қайта тапқандай. Яғни, қазір жұмысшы мамандықтар сұранысқа ие. Сондай-ақ, сарапшылар Астанада аудармашыларға сұраныс азаятынын болжап отыр. Ал «сәнге» айналған экономист, мұнайшы, кеден ісі секілді мамандықты таңдаушылар әлі де кездеседі. Алайда жұмыс орны аз. Сондықтан, биылғы жылдың түлектері техникалық мамандықтармен қоса, жұмысшы мамандықтарын (инженер-құрылысшы, металлург, дәнекерлеуші және т.б.) таңдауда. Алайда, мамандар 2-3 жылдан кейін оның да сұранысы төмендейтінін алға тартады. Ал, сұранысқа ие медицина мамандығы жылдар өтіп артпаса, төмендемейтін көрінеді. Жылдар бойы Қазақстанда зерттеу жүргізетін мамандардың түлектерге берер кеңесі мынадай: Мәдина Денисова, HeadHunter.kz порталының маркетинг және PR жөніндегі директоры сұранысқа ие мамандардың тізімін айтты:

ТОП-5 сұранысқа ие мамандықтар:

- Менеджерлер;

- IT мамандары;

- Қаржы және есепші мамандары;

- Маркетинг саласы (маркетолог, PR маманы);

- Құрылыс мамандары.

Ал ҚР Білім және ғылым министрлігінің мәліметінше, бүгінде Қазақстанда техникалық мамандықтар сұранысқа ие екенін алға тартып отыр:

- Дәнекерлеуші (сварщик);

- Құрылысшы (строитель);

- Автомеханик.



2-мәтін.



1-тапсырма. Тұтас және тұтас емес мәтіндердегі ақпараттарды салыстырып, сұрақтарға жауап беріңіз.

Екі мәтіннің ұқсастығы



Екі мәтіннің айырмашылығы неде?



Мәтіндердің тақырыбы






Екі мәтіндегі деректерде қандай сәйкестік бар?



Мәтіндердегі ақпаратта алшақтық бар ма?



Мәтіндегі ақпарат кімдерге пайдалы болады деп ойлайсың?






Сіздің ойыңызша, қай мәтінді түсіну, ақпаратты қабылдау жеңіл? Неліктен?




Ал қай мәтінде ақпарат толығырақ берілген?




Дескриптор:

  • Тұтас және аралас мәтіндерді салыстырады;

  • ұқсастығы мен айырмашылығын анықтайды;

  • деректердегі ұқсастық пен алшақтықты табады;

  • мәтіндердегі ақпаратты қабылдауға қатысты жеке көзқарасын білдіреді.

Оқушылар дескрипторға сай бірін-бірі бағалайды.

Мұғалім оқушылардың есіне сөздік қор мен сөздік құрам туралы білімдерін түсіреді. Мәтіннен сөздік қорға жаңадан енген сөздерді тауып жазуын тапсырады.



2-тапсырма.

  • Мәтіннен сөздік қорға енген жаңа сөздерді тауып жазыңыз.

  • Осы жаңа сөздердің пайда болуына не әсер еткені туралы ойланып, жауап беріңіз.

Дескриптор:

  • Мәтіннен жаңа сөздерді анықтап жазады;

  • Жаңа сөздердің пайда болуының себептері туралы пікір білдіреді.

Оқылымнан кейінгі тапсырма.

Мұғалім оқылымда көтерілген мәселе бойынша талқылауды ұйымдастырады.



3-тапсырма.

Мәтіндегі ойға қатысты «Үш қадамдық сұхбат» әдісі арқылы бір-біріңізден сұхбат алыңыз.

Шарты:


  • Төрт адамнан тұратын топтарды жұптарға бөліңіз: А және Ә, Б және В.

  • 1-қадам. А Ә-дан сұхбат алады, ал Б В-дан сұхбат алады.

  • 2-қадам, керісінше. Ә А-дан сұхбат алады, ал В Б-дан сұхбат алады.

  • 3-қадам. Әр оқушы өз жұбы туралы ақпаратпен төрт адамдық топ ішінде бөліседі.

Мына фразаларды негізге алыңыз.

Ақпараттың шынайылығы, қандай мамандықты таңдаған дұрыс, жұмыс орнымен қамтылу, сұранысқа ие, тағы басқа мамандықтар.

Мәтіндердегі ақпараттарды пайдаланып, жаңа сөздерді орынды қолданы, сұхбат құраңыз.



Дескриптор:

  • Жұпта сұхбатқа түседі;

  • фразаларды негізге алып сөйлейді;

  • мәтіндегі ақпараттар мен жаңа сөздерді тиімді қолданады.


http://kazakh-tv.kz/kz/view/blog/page_185630_byginde-top-5-suranyska-ie-mamandyktar

«Талқылау құралдары»


Сабақтың соңы

5 минут

Сабақтың соңында мұғалім бағалау критерийлері мен сабақ мақсаттарына қайта оралады. Бағалау критерийлеріне қаншалықты қол жеткізгендері туралы бірге талқылайды.
Рефлексия.

Оқушыларға аяқталмаған сөйлемдер ұсынылады. Оқушылар осы сөйлемдерді өздері толықтырып, бүгінгі сабаққа кері байланыс береді.






Рефлексия парағы

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс
Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)









Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?



Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.




Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?





Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет