Сабақтың тақырыбы: Құстар қласы. Класстың жалпы сипаттамасы



бет1/6
Дата04.07.2018
өлшемі0,69 Mb.
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6
Шахтинск қаласы

№16 лицей-мектебі

Биолгия пән мұғалімі

Нурпеисова Кунсулу Алимовна

Санаты: 1

Мерзімі: 21.04.2014ж

Қысқа мерзімді сабақ жоспары Биология 7-сынып

Сабақтың тақырыбы: Құстар қласы. Класстың жалпы сипаттамасы.

Білімділік: Құстардың тіршілік әрекетімен, құрылыс ерекшеліктерімен, көптүрлілігімен, өздеріне

тән белгілерімен танысу.

Дамытушылық: Ойын тәсілдерін пайдалана отырып құстар туралы білетіндерін толықтыру, пәнге

деген қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелік: Құстарды қорғауға, табиғатты аялауға үйрету.

Сабақтың кезеңдері


мұғалімнің іс-әрекеті


оқушының іс-әрекеті


ұйымдастыру


Бағалау


ресурстар

Ұйымдастыру кезеңі

2-3 мин



Психологиялық ахуал тудыру оқушылармен амандасу, түгендеу, назарын сабаққа аудару үшін құстардың әр-түрлі дыбыстарын тыңдатып, аңықтату қандай құсқа тән дыбыс. Сабақтың мақсатын, кезеңдерін айқындау

Оқушыларды топқа бөлу



Оқу құралдарын дайындау құстардың түрлеріне байланысты топқа бөлінеді, сабақтың мақсатың анықтады, сабақ кезеңдерімен танысты, топ басшысын сайлайды.

Топқа бөліну

Формативті

Интерактивті тақта

Слайдтар, стикерлер, маркер, бағалау парағы.





Үй тапсырмасын тексеру

Әр топқа үй жұмысын қайталау үшін таратпа материалдар берілді

1-топ «Құстар»

1. Жорғалаушыларды зерттейтін ғылым.

а) зоология

ә) герпетология

б) биология

2. Жорғалаушылардың жүрегі неше қуысты?

а) 3


ә) 4

б) 2


3. Жорғалаушылар не арқылы тыныс алады?

а) бүйрек

ә) жүрек

б) өкпе


4. Жорғалаушылардың терісі қандай?

а) Тегіс, безді

ә) ірі қабыршақты

б) мүйізді қабыршақты

5. Жорғалаушылар қалай көбейеді?

а) жұмыртқа

ә) уылдырық

б) тірілей

2 – топ «Жорғалаушылар» серпіліс сұрақтары

1. Жорғалаушылардың қаңқасының құрылысы қандай?

2. Жорғалаушылар қалай тыныс алады?

3. Терісінің құрылысы қандай?

4. Ас қорыту мүшелері.

5. Зәр шығаруы қалай жүреді?

6. Қан айналым мүшесі.

7. Қандай отрядтары бар?

3 –топ «Сүтқоректілер» биологиялық диктанат

1. Жорғалаушылардың терісі..........

2. Терісі үнемі өсу кезінде...........

3. Жүрегі жартылай..........

4. Жорғалаушылардың сезім мүшесі.........

5. Дара жынысты..........ұрықтанады.

6. Жұмыртқа салады және............ туады.

Үй тапсырмасын қорытындылап, бағалайды.



Оқушылар тақырып бойынша білетін мәліметтерін ортаға салады,бірінің жауабын бірі толықтырады, бір-бірін бағалайды.

1-топ «Құстар»

1ә, 2ә, 3б 5, 4б, 5а

2-топ «Жорғалаушылар»

1. Бассүйек, омыртқа жотасы, иық белдеуі, алдыңғы аяқтары, жамбас белдеуі, арқы аяқтары және кеуде қуысы.

2. Өкпе арқылы тыныс алады.

3. Терісі құрғақ, мүйізденген қабыршақ немесе қалқанша сауатты.

4. Ауыз қуысының түбінде қозғалмалы етті тілі қорегін ұстауға, айналаны сипап сезуге көмектеседі. Жыланның тілі жіңішке, ұшы екі айыр, ол сипап сезу қызметін атқарады.

5. Жорғалаушылардың құрылысы күрделі екі

бүйрегі жамбасқа жақын орналасады. Зәр бүйректе түзіледі. Түзілген зәр екі несепағар түтігі арқылы қуықта уақытша жиналады. Қуықтан клоака арқылы сыртқа шығарылады.

6. Жүрегеінің құрылысы қосмекенділерге ұқсас үш қуысты(екі құлақша және бір қарыншадан тұрады). Жорғалаушылар қарыншасының арасын жартылай перде екіге бөледі. Аралас қан тарайды. Артерия қаны көбірек. Крокодилдің жүрегі төрт қуысты.

7. Жорғалаушылар класы 4 отрядқа бөлінеді. Олар: тұмсықбастылар, қабыршақтылар, тасбақалар, крокодилдер.

3-топ «Сүтқоректілер» биологиялық диктанат

1. Жорғалаушылардың терісі құрғақ бездер көп.

2. Терісі үнемі өсу кезінде түлейді, түседі.

3. Жүрегі жартылайпердемен бөлінген.

4. Жорғалаушылардың сезім мүшесі тілі

5. Дара жынысты, іштей ұрықтанады.

6. Жұмыртқа салады және.кейбір түрлері тірі туады.

Үй тапсырмасын қорытындылап, бағалайды»



Топтық Жұмыс Флипчарт қорғау

Формативті:мұғалім тарапынан түзету,қолдау, мадақтау;Оқушы тарапынан өзін өзі өзгені бағалау

Түрлі-түсті маркерлер, флипчарт, бағалау парағы, интерактивті тақтадан слайдтер

Кіріспе

Білу 7-8- мин



Оқушылардың базалық білімдерін жаңғырту және құстар туралы білімдерін анықтау мақсатында сұрақтар қойылады, сыныппен диалог жүргізіледі.

1. Басқа омыртқалы жануарлардың құстардың қандай ерекшеліктері бар?

2. Құстардың қандай түрлерін білесіздер?

3. Құстардың барлығы ұша алады ма?

4. Құстардың жорғалаушыларға ұқсас қандай қасиеттерін білесіздер?


Сұрақтарға жауап берді.

Диалог-Зерттеушілік әңгіме

Оқушылардың өзара бағалауы; Мұғалімнің сұрақты қайта бағыттап, немесе түрткі сұрақтар арқылы жауапты нақтылауға ұмтылуы






Түсіну 7-8мин

Оқушыларға құрылымдық схеманы пайдалана отырып, жаңа сабақтың мазмұнын меңгеруге бағыттау. Оқулықтағы мәтінмен жұмыс жасау беріледі, әр топ берілген таратпадағы сұрақтарға жауап іздеп, кластер сызады.

1-топ «Құстар»

1. Құстардың сыртқы құрылысы.

2. Құстардың түрлері(пингвин, түйеқұс, үйрек, бүркіт т. б)

3. Құстардың қаңқасы

4. Ас қорытуы.

2-топ «Жорғалаушылар»

5. Қосарлы тыныс алуы.

6. Қан айналым жүйесі.

7. Жүйке жүйесі.

3-топ «Сүтқоректілер»

8. Зәр шығаруы.

9. Жұмыртқаның құрылысы.

10. Балапан түрлері.

11. Құстардың арғы тегі (ілкіқұс, көнеқұс)


Оқулықтан мәтінді оқып, меңгеру, талдау

Сұрақтарға жауап беру.

1-топ «Құстар»

1. Бас, мойын, тұлға.

2. Тоты, қырғауыл, киви, шағала, тұйеқұс, қыран, бірқазын, пингвин, тауық, қаз т.б

3. Бассүйек, омыртқа жотасы, иық белдеуі, аяқтары және кеуде қуысы.

4. Безді және етті қарын, тіқ ішек, клоака

2-топ «Жорғалаушылар»

5. Құстар ұшқан кезде өкпеде ауа құрамындағы оттегіне қан екі ретқанығады. Құстардың мұндай тынысалу ерекшелігін қосарлы тынысалу деп атайды.

6. Жүрегі төрт қуысты(екі құлақша, екі қарынша), артерия және вена қаны араласпайды. Үлкен және кіші қанайналым жүйесі бар. Құстардың денесіне тек артерия қаны (оттегіне қаныққан) тарайды.

7. Жүйке жасушысы жақсы дамыған алдыңғы ми айқын сыңарларына бөлінген. Оның сыыртында ми қыртысы пайда болған.Ортанғы ми көру мүшенің жақсы дамуына әсер етеді.Мишық күрделі қозғалысқа жауап береді.

3-топ «Сүтқоректілер»

9. Құстарда жамбас жағында екі бүйрегі жақсы жетілген. Құстарда қуық болмайды. Бүйректе түзілген зәр қышқылы екі несепағар түтігімен-клоакаға, одан нәжіспен бірге саңғырық түрінде сыртқа тез шығарылады.

10. Аналық безде жетілген жұмыртқа жасушаның сарыуызы мол. Жетілген жұмыртқа жасуша жұмыртқа жолға түсіп, ұрықтанады. Құрылысы: ауа қуысы, сарыуыз, ұрық табақшасы, сарыуыз қабықшасы, ақуыз, әкқабық, арқанша (халаза)

11. Қызышақа балапандар және ширақ балапандар түрлері деп екі түрі болады. Қызылшақа балап шығаратың құстар: кептер, торғай, тоқылдақ т.б Ширақ балапан шығаратың құстарға: тауықтәріздестер, қазтәріздестер және жыртқыш құстар жатады.

12. Еуропада бұдан 150 мын жыл бұрын тіршілік еткен археоптерикстің тастағы таңбасы табылған.




Жұптық жұмыс

Оқушылар өздері мәтінді қаншалықты меңгергенін бақылай алады.

Интерактивті тақта, қалам, оқулық, дәптер, бағалау парағы.

Қолдану 15 мин

Сергіту сәті

Қызыл өрік әніне билейді


№9 зертханалық жұмысты орындау Мұғалім жұмыстың мақсатын түсіндіреді. Құстардың сыртқы құрылысы. Қауырсынды жамылғысы және қауырсындарының әртүрлі типтері бар екенін анықтауды ұсынады

Венн диаграммасын сызу

Қызылшақа балапан және ширақ балапандар ұқсатығы мен айырмашылықтарын анықтау. (тақтада дайын Венн диаграммасы және әр-түрлі ширақ және қызылшақа балапандарға байланысты сөздер берілген, сол сөздерді сәйкестендіріп қояды)


Оқушылар: 1. Жұмыстың мақсатын айқындайды.

2. Құстың ішкі құрылысымен танысады

3. Құстардың әртүрлі мамықтарын салыстырады.

4. Қорытынды жазу үшін сұрақтарға жауап береді:

1. Құстардың қаңқасына тән белгілер.

2. Тыныс алуында қандай ерекшеліктер бар?

3. Балапан шығаруындағы ерекшелігі.

4. Неге жылықандылар деп атайды?

5. Жорғалаушыларға ұқсас белгілері.

6. Зәршығарудағы ерекшелігі.

7. Терісінің қосалқы бөлімдері.

8. Ас қорытудағы ерекшеліктері.

Топпен жұмыс жасады, кластер сызды қорғады.


Жұптық жұмыс Зерттеуші диалог Практикалық жұмыс

Өзара бағалау

Құстың кепкен макеті, микроскоптар, дайын микропрепараттар.

Анализ, Синтез 8 мин

Мұғалім құстардың суреттерінің астындағы сұрақтарға жауап беруді ұсынады.

«Құстар»


1. Құстар қалай тыныс алады?

2. Құстар қалай көбейеді?

3. Қауырсын бөлігі

4. Тіс қызметін атқарушы қарын.

5. Аяқ бөлігі.

6. Жүрегі неше бөлікті?

Сұрақтарды талдауды ұсынады, оқушылардың жауабын тыңдайды, толықтырады.

«Қандай құс?» ойыны


Оқушылар жұмыс дәптерімен жұмыс істейді, кестені толтырады, құстардың қызметін талқылайды,

«Қандай құс?» ойынының сұрақтарына жауап берді

1. Баласын аппағым дейтін қандай құс? (қарға)

2. Қандай құстың тамағы шоқуменен табылған?(сауысқан)

3. Қандай құстың түсіне тары кіреді?(тауық)

4. Қандай құс ұша алмайды?(пингвин)

5. Махамбеттің өлеңіндегі қандай құс?(қызғыш)

6. Қандай құс қорегін түнде аулайды?(үкі, жапалақ)

7. Кез - келген ұяға жұмыртқа салатын қандай құс?(көкек)

8. Қандай құс орман дәрігері?(тоқылдақ)

9. Қандай құстың қазаны бар?(бірқазан)



«Тіл - өнер» ойыны

Құстар – птицы - birds Жұмыртқа - яйцо - egg

Балапан - цыпленок - chicken

Тауық - курица - hen




Топтық жұмыс. диалог

Өзін-өзі және өзара бағалау

Құстың сызба-нұсқасы, муляж оқулық, оқушы дәптері

Үйге тапсырма Бағалау 1-2 мин

«Екі жұлдыз бір тілек»



Тақырыпты оқу эссе жазу. Мұғалім топтық және жұптық жұмыстарды, кейбір оқушыларды жеке бағалайды.Сабақтың мақсатына орай қандай нәтижеге қол жеткенін,өзін өзі бағалайды.

Құстардың құрылысы мен маңызын ұғады көптүрлілігімен, өздеріне тән белгілерімен танысады. Маңызын түсінеді, өзінің іс-әрекетін бақылай алатын болады, өзін өзі бағалайды.

Сабақтан алған әсерлерін стикерлерге жазады









Тақтада күннің, бұлттың және найзағайдың суреттері ілінген сол суреттердін қастарына стикерлерін іледі сабақтан алған әсерлері көрінеді.

Мерзімі: 22.04.2014ж

Қысқа мерзімді сабақ жоспары Биология 7-сынып

Сабақтың тақырыбы: Құстарды топқа бөлу.

Сабақтың мақсаты:

Бм Оқушының тақырып бойынша алған білімдерін тексеру және жетілдіру.

Дм: Оқытудың озық технологиялары арқылы оқушының шығармашылық қабілеттерін дамыту, құстар әлемі туралы білімін кеңейтіп,

дүниетанымын қалыптастыру.

Тм; Оқушыларға құстардың табиғаттағы ролін сезінуге, оларды қорғай білуге тәрбиелеу.

Сабақтың кезеңдері


мұғалімнің іс-әрекеті


оқушының іс-әрекеті


ұйымдастыру


Бағалау


ресурстар

Ұйымдастыру кезеңі

2-3 мин



Психологиялық ахуал тудыру оқушылармен амандасу, түгендеу, назарын сабаққа аудару, оқушыларға пингвиннің, бұлбұлдың және бұркіт құстарының әр түрлі қылықтарын келтіруді ұсынылады. Сабақтың мақсатын, кезеңдерін айқындау

Оқушыларды топқа бөлу



Оқу құралдарын дайындау құстардың түрлеріне байланысты топқа бөлінді, пингвиннің, бұлбұлдың және бүркіттің қылықтарын келтірді, сабақтың мақсаты мен кезеңдерімен танысты.

Топқа бөліну

1 топ «Пингвин»

2 топ «Бұлбұл»

3 топ «Бүркіт»



Формативті

Бағалау парағы



Интерактивті тақта

Слайд материалдары, құстар суреттері, суретжұмбақтар





Үй тапсырмасын тексеру

«Ыстық орындық» стратегиясы арқылы



Эсселерді тексеру

Оқушылар тақырып бойынша білетін мәліметтерін ортаға салады, эссе оқиды қарама-қарсы сұрақтарға жауап береді, бір-бірін бағалайды.

Топтық Жұмыс Флипчарт қорғау

Формативті:мұғалім тарапынан түзету, қолдау, мадақтау; Оқушы тарапынан өзін өзі өзгені бағалау

Түрлі-түсті маркерлер, флипчарт, бағалау парағы, интерактивті тақтадан слайдтер

Кіріспе

Білу 7-8- мин



Жаңа тақырып мақсатына жету үшін Джиксо стратегиясын қолдану.

Оқушылар топқа бөлінеді содан кейін тағы бөлініп басқа топтарға ауысады, оқулықты әр топқа бөліп оқыту және талқылап, түсініп болғанан кейі оқушылар бұрынғы топтарына барып не оқығандарын түсіндіреді. (оқуға 5 минут уақыт беріледі).

Смайликтер тарату.


Әр топ өз тапсырмаларын орындайды.


Диалог-Зерттеушілік әңгіме

Оқушылардың өзара бағалауы; Мұғалімнің сұрақты қайта бағыттап, немесе түрткі сұрақтар арқылы жауапты нақтылауға ұмтылуы






Түсіну 7-8мин

Оқушыларға берілген топтар бойынша жұмыс жасау ұсынылады:

1-топ қыртөссіздер немесе жүгіретін құстар

2-топ Қыртөстілер немесе ұшатын құстар

3-топ Экологиялық топтар

Жақсы қатысқан оқушыларға смайликтер беру.


Оқулықтан мәтінді оқып, меңгеру, талдау

Кластер сызады, талқылайды, қорғайды. Құстардың топқа бөлудің әр түрлі жолдарын анықтайды, дене құрылысы, тіршілік әрекетіне байланысты қыртөссіздер, жүзгіш және қыртөстілер деп бөлінетініне көздерін жеткізеді, экологиялық топтарды анықтайды олардың ерекшеліктерін салыстырады, және жыл мауысымдарға байланысты бөлінген топтарды табады. Олардың маңызын түсінеді, өзінің іс-әрекетін бақылай алатын болады.



Жұптық жұмыс

Оқушылар өздері мәтінді қаншалықты меңгергенін бақылай алады.

Интерактивті тақта, қалам, оқулық, дәптер, бағалау парағы.

Қолдану 15 мин

«Бинго» ойыны арқылы сұрақтарға жауап береді, «Актив слэйд» құрылғысы арқылы.

Сергіту сәті 2-3 минут

Еркін би


Оқушыларға сұрақтарға жауап береді, бинго ойыны арқылы, жауап берген оқушыларға смайликтер беру.

«Пингвин» тобына:

1. Суда жүзетін құстардың құрылыс ерекшеліктері қандай?

2. Қаз тәрізділерге қандай құстар жатады?

3. Пингвин тәрізділердің ерекшелігі неде?

4.Қыстап шығатың құстарды атау?

«Бұлбұл» тобына.

1. Орман құстарына тән белгілер.

2. Саусқанның тоқылдақ тұқымдас құстардан айырмашылығы неде?

3. Тауық тәрізділер отрядына жататын құстар?

4. Сұнқартектес тұқымдасының құстары?

«Бүркіт тобына»

1. Жыртқыш құстардың пайдасы?

2. Құмай мен Қыран құстардың айырмашылығы?

3. Басқа жыртқыш құстардан хатшы құстың айырмашылығы неде?

4. Құс салу деген не, оның жыртқыш құстармен байланысы?




Оқушылар:

«Пингвин» тобы

1. Саусақтарының арасында жүзу жарғағы бар, жақсы жүзіп, жақсы сүңгиді.

(қаздар, шағала, дегелек, қоқиқаз, тырна, үйрек жатады) 2. Қараша қаз, сұнқылдақ, аққу, үйрек т.б

3. Олардың алдыңғы аяқтары ескекке айналған, төссүйек қыры шамалы жетілген, олар ұша алмайды, құрлықта теңселіп әзер қозғалады, денесін тік ұстайды.

4. Қарғалар, торғайлар, сауысқандар, шымшықтар.

«Бұлбұл» тобы

1. Денелері шағын, қанаттары сүйірленген, тұмсықтары мықты үшкір, саусақтары қысқа, тырнақтары имек. (тоқылдақтар, көкектер, тотықұстар, жапалақтар, торғайлар т.б)

2. Сауысқан қыстап шығатың құс және ол адамдардың қасында тіршілік етеді ал тоқылдақ орман құсы ол тікелей ағашта өрмелеп тіршілік етеді.

3. Алтай ұлары, безгелдек, бөдене, қырғауыл, т.б

4. балықшы тұйғын, жыланжегіш, кезқұйрық, құмай, ақсұнқар, сақалтай т.б

«Бүркіт» тобы

1. Әр түрлі аңдарды қорек етіп олардың саның реттеп отырады.

2. Құмай өзі қыран құстарына жатады.

3. Салмағында мекен ортасында, қоректенуінде ерекшеліктері бар

4.


Жұптық жұмыс Зерттеуші диалог Практикалық жұмыс

Өзара бағалау

Актив слэйд, интерактивті тақта, қалам, дәптер, оқулық, смайликтер.

Қорытыныды. Лездік сұрақтар. Анализ. Синтез 8 мин

Де Боно қалпағы



Лездік сұрақтар

Жауап берген оқушыларға смайликтер беру.



Оқушылар жұмыс дәптерімен жұмыс істейді, кестені толтырады, құстардың қызметін талқылайды, лездік сұрақтарға жауап береді.

«Пингвин тобына»:

1. Ең үлкен пингвин. (Император)

2. Дене тұрқы 75 см шамасындағы шағын пингвин.(Адели)

3. Пингвин саусағының арасындағы түзінді? (жарғақ)

4. Император пингвині қай материкте мекендейді? (Антарктидада)

5. Тропикте ұя салатын пингвин? (Голапогос пингвині).

«Бұлбұл» тобына.

1. Үздік - үздік дыбыс шығаратын құс? (Дүпілдек)

2. Үндістан мен Цейлонда мекендейтін құс түрі? (Тауыс)

3. Асыранды тауықтың арғы ата тегі?(жабайы банкив тауығы)

4. Сырға гүлдермен, бүршіктермен қоректенетін құс?(Құр)

5. Орманда мекендейтін тауық тәрізділердің балапандары қай топқа жатады? (ширақ балапан ).

« Бүркіт тобына»

1.«Диірмен тасын теуіп сындырыпты» дейтін аңызда айтылатын құс?

(ителгі)


2. Секундына 100 метр жылдамдықпен төмен қарай сорғалайтын құс?

(Лашын)


3 Бүркіттің екі көзін саңлаусыз жауып тұратын бас киім?

( Томаға)

4. Бүркіттің төрт саусағын ата? (тегеурін, жембасар, сығым, шеңгел)

5. Орман - тоғай жақпар тастар арасымен жер бауырлап ұйытқып ұшатын құс?

(Тұйғын)

Жеке жұмыс беру, тест сұрақтарына жауап берді.

Оқушылар әр қалпақтың мазмұнына сай сөйлейді.


Топтық жұмыс. диалог

Өзін-өзі және өзара бағалау

Құстың сызба-нұсқасы, муляж оқулық, оқушы дәптері, алты қалпақ

Бағалау 1-2мин




Мұғалім топтық және жұптық жұмыстарды,кейбір оқушыларды жеке бағалайды.Сабақтың мақсатына орай қандай нәтижеге қол жеткенін,өзін өзі бағалайды.

Өзін өзі бағалайды.




Мұғалімнің қоытынды бағасы

Бағалау парағы

Каталог: wp-content -> uploads -> 2014
2014 -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
2014 -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
2014 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев
2014 -> М.Ә. Хасен төле би әлібекұлы
2014 -> «Қостанай таңының» кітапханасы Сәлім меңдібаев
2014 -> 3-деңгейлерге: а/берілген сөздерді аударыңдар


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

енгізу | тіркеу
    Басты бет


материалдарды жүктеу