Сабақтың тақырыбы: Сутек. Сутектің табиғатта таралуы және алынуы. Сабақтың мақсаты



бет1/6
Дата11.02.2018
өлшемі0,86 Mb.
#37467
  1   2   3   4   5   6
Сабақтың тақырыбы: Сутек. Сутектің табиғатта таралуы және алынуы.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Сутектің химиялық элемент және жай зат ретіндегі түсінігін қалыптастыру мақсатында элементті сипаттауға ерекше мән беріп, білімдерін дамыту, табиғатта таралуы және алыну жолының ерекшеліктерін өткен сабақпен байланыстыра отырып түсіндіру.

Дамытушылық: Экзо, эндотермиялық реакцияларды қайталай отырып оқушылардың дұрыс шешім қабылдай білу дағдыларын жетілдіру, белсенділік икем дағдысын қалыптастыру.

Тәрбиелік: Экологиялық тәрбие беру.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: СТО стратегиялары, зертханалық жұмыс

Құрал-жабдықтар,көрнекі құралдар:Газ жинайтын құрал (тұрғы,сынауық, спиртшам), Кипп аппараты, мырыш , тұз қышқылы, күкірт қышқылы,кальций,су, периодтық кесте.

Пәнаралық байланыс: әдебиет, тарих

Күтілетін нәтиже: Оқушылар эксперименттік тәжірибелердің орындалуын мұқият қадағалап, қауіпсіздік ережесін еске түсіреді, зертханалық тәжірибелерден қорытынды жасап,реакция теңдеулерін жазып,реакция типтерін ажырата біледі.

САБАҚТЫҢ ЖҮРУ БАРЫСЫ:



І. Ұйымдастыру бөлімі

ІІ. «Қызығушылықты ояту»
1. « Миға шабуыл»

  • 1.Заттар нешеге жіктеледі? Жай және күрделі заттар дегеніміз не?

  • Химиялық элемент дегеніміз не? Оттек элементіне сипттама беріп көрелік( аты, таңбасы, сал.ат.массасы, молекуласы, сал.мол.массы,валенттілігі, периодтық кестеде орны бар,аллотропиялық түр өзгерісі бар)

  • 3.Химиялық реакцияның неше типі бар? Атаңыз

  • 4.Термохимиялық реакция дегеніміз қандай реакция,ол нешеге жіктеледі?

2. « Семантикалық карта»




Қосылу реакция

сы

Айырылу реакция

сы

Орын

басу реакция

сы

Алмасу

реакци

ясы

Экзо

Термия

лық реак

ция

Эндо

Термия

лық реак

ция

Са + О2 = 2СаО

+
















Fe + CuCI2 = Cu + FeCI2







+










CaCO3 = CaO + CO2 - Q




+










+

HCI + NaOH = NaCI + H2O + Q










+

+




2H 2O = 2H2 + O2 - Q




+










+

2H2 + O2 = 2H 2O + Q

+










+





ІІІ. «Мағнаны тану»


  1. «Мені тап»

Мен судың арғы тегімін,

Серігімін оттек атты серінің.

Ежелден ең жеңіл газбын,

Оттекке қарағанда азбын.

1 пайыз ғана жер бетіне тарағам,

Ғаламшарда 92 пайызбын.

Бармын газбен көмір,мұнайда,

Болашақта өзім отын бола алам. (Сутек)





  1. Бүгінгі сабақтың тақырыбы (тақтамен, дәптермен жұмыс)


Химиялық таңбасы : Н , Ar ( Н ) = 1,008 м.а.б.

Н2 , Mr (Н2) = 2 м.а.б.

Н2 ↑, и , т, суда АЕ (100Vсуда - 2V Н2 ериді).


  • Жер бетінде оттекке қарағанда сутек едәуір аз.Ең көп тараған қосылысы- Н2О

  • Күн жүйесі планеталарының 92%-ін сутек атомы құрады.

  • Сутектің жер қыртысында газ күйіндегі метанның, қатты тас көмірдің, сұйық күйдегі мұнайдың, көптеген минералдар мен тау жыныстарының құрамында оттекпен қатар сутек те кіреді. Жер қыртысындағы сутектің массалық үлесі 1 %. Ол аз болып көрінгенмен, шындығында жердегі әр 100 атомның, шамамен, 10 атомы сутектің үлесіне келеді.

  • Сутекті отын ретінде пайдаланған тиімді. Әзірше сутекті көп мөлшерде өндіруге болатын шикізаттар – метан мен суды айыру қымбатқа түсіп отыр. Келешекте автомобильдерді сутек отыны көмегімен жүргізуді дамыту көзделуде.

Жер қыртысындағы сутектің мөлшері:




Жер бетінде сутек бос күйінде кездеспейді, көп тараған қосылысы-су. Судағы сутектің массалық үлесі 11 пайыз. Сонымен қатар сутек табиғатта қосылыстар құрамында кездеседі



Каталог: uploads -> doc -> 0661
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0661 -> Жоспар Кіріспе
0661 -> Сабақ жоспары Мұғалім: Керейбаева Г. М. 10- сынып
0661 -> Сабақ №6 Сынып: 7 Күні Пән: Қазақстан тарихы Тақырыбы: Оғыз мемлекетінің құрылуы
0661 -> Сабақ түрі: практикалық сабақ. Оқыту әдісі: көрсету, тусіндіру, уйрету
0661 -> Сабақ беру әдісі: Сұрақ жауап, ауызша, интерактивті әдіс
0661 -> Сабақ жоспары Сынып 5
0661 -> Эссе мемлекеттік тілді білу парызым


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет