Сабақтың тақырыбы: «Табиғатты қорғау»



Дата19.07.2017
өлшемі93,53 Kb.
#21294
түріСабақ
6 сынып 12.02.2015 жылы

Сабақтың тақырыбы: «Табиғатты қорғау» модуль бойынша нәтиже сабақ.

Сабақтың мақсаты: 1. а) Есімдік туралы алған теориялық білімдерін практикада қолдану, ауызша, жазбаша талдау жұмыстарын жүргізе отырып, білімдерін бекіту; Әр оқушының жеке қабілеттерін ашып дамытуына қажетті жағдай жасау. Тақырыпқа қатысты жаңа сөздерді меңгерту.

2. Үйренген сөздерін, есімдік түрлерін дұрыс қолдана білу дағдысын дамыту. Оқығанын түсініп, өз ойын дұрыс жеткізе білуге жаттықтыру. Логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.

3. Қазақтың халық даналығы арқылы оқушылар бойында табиғатқа деген қамқорлық сезімін тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың көрнекілігі: сөзжұмбақ, таратпалы қағаздар, смайлик бейнелері.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: әңгімелеу, сұрақ-жауап, көрнекілік әдісі, проблемалық тәсіл, деңгейлеп оқыту әдісі, «Даналық сандығы» оқыта үйрету ойыны.

Сабақтың техникалық құрал-жабдықтары: интерактивтік тақта, компьютер

Сабақтың жұмыс формалары: ұжымдық, жеке, деңгейлік / топтық/

Сабақтың өту барысы.

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлемдесу. Сабаққа даярлықтарын анықтау. Психологиялық дайындық.

- Бүгін біздің сабағымызға қонақтар келіп отыр. Бұл - өте жауапты сабақ. Сондықтан бүгінгі сабақта өте мұқият, ынталы, белсенді және батыл болуға тырысыңдар. Әр оқушының алдында смайлик бар, сол смайлик арқылы сабақтың басында көңіл күйлеріңіз қандай екен білейікші. (смайликтер тақтаға іледі).

ІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.

1 слайд

2. Сабақ тақырыбын, мақсатын айту.

Бүгінгі сабақтың тақырыбы - «Табиғатты қорғау» модуль бойынша нәтиже сабақ.

- Сабағымыздың мақсаты: осы тақырып бойынша жаңа сөздер үйрену, ол сөздерді, өткен сабақтарда үйренген есімдік түрлерін тілімізде дұрыс қолдана білуге жаттығу, сұрақты түсініп жауап бере білуге дағдылану, өз ойымызды дұрыс жеткізуге дағдылану.

3. «Табиғат» сөзіне ассоциациялық тізбек құрастыру.

Тақтада – тірек сызба.

Оқушылар өз ойларын айтады, мұғалім жинақтап толықтырады.

- Табиғат дегенде, біз жер, аспан, су, өсімдіктер, жануарлар, ауа, от, күн, жылу, ай, өзен - көлдер, таулар т. б. көз алдымызға елестетеміз. Бұлар бір - бірінсіз өмір сүре алмайды. Адам да табиғатта өмір сүреді. Өз өміріне қажетті заттарды осы табиғат - анадан алады. Суды өз өміріміз үшін қолданамыз. Күн бізге жылу, жарық береді. Өсімдіктер бізге таза ауа бөліп шығарады. Яғни, табиғаттағы әр заттың өз орны, өз маңызы бар.

Біз осы тақырып бойынша қанатты сөздер оқыдық, бұл сөздерді кім атады?


  1. Адамдардың табиғатсіз күні жоқ,

Оны айтуға табиғаттың тілі жоқ.

  1. Жер- қазына,

Су – алтын,

Мал – байлық.

Ал енді грамматикалық тақырыбын қайталайық, ол үшін сөзжұмбақты шешейік

2,3 – слайд – сөзжұмбақ

4 слайд – есімдік, есімдік түрлері- ережені қайталау, жекелік жұмыс – кестені толтыру

Мысалдар

жіктеу

сілтеу

сұрау

өздік

жалпы

лау


белгісіз

дік


болымсыз

дық


Барлық






















Кейбіреу






















Қайда?






















Мынау






















Өзіміздің






















Түгел






















Саған






















Әне






















Әлдекім






















Қалай?






















Ешқайда






















Осынау






















ІІІ. Сөздік жұмыс.

4 - слайд. «Жаңа сөздер мен сөз тіркестері»



халық қазынасы- богатство народа

пайдалана отырып - пользуясь

соған байланысты – в сязи с этим

басты мақсаты – главная цель

саны сиреп – уменьшение численности

қамқорлыққа алып – взять под защиту

Мұғалім өзі оқиды

- оқушыларға тізбектеп оқыту

- жаңа сөздерді сөздік дәптерге көшірту.

Сыныпты 3 камандаға бөліп, мәтін беріледі, оқушылар оны оқып, аударып, мітін бойынша

1 - топ оқушылар - Мәтінді аударады

2 - топ оқушылар – Мәтін бойынша сұрақтар жазады

3 - топ оқушылар – Мәтіннің мазмұнын айтады

Дайындалуға 3 минут беріледі.

Табиғат – халық қазынасы. Сондықтан біз оның байлығын пайдалана отырып, қорғай білуіміз қажет. Соған байланысты 1966 жылы біздің елімізде“Халықаралық табиғат қорғау қоғамы” құрылды. Оның басты мақсаты - саны сиреп, құрып бара жатқан аң, құстарды, өсімдіктерді қамқорлыққа алып, арнайы кітапқа тіркеу. Мұндай кітапты “Қызыл кітап“деп атайды.

ІІІ. Алған білімдерін бекіту.

5 - слайд. «Есімдіктері жасырылған сөйлемдер»

... өміріміз табиғатпен тікелей байланысты.

Көк шөпті... жұлуға болмайды.

... отанымның табиғаты өте бай.

Тест тапсырмасы:
1. Есімдік қандай сөз табы?
а) Заттың сынын білдіреді.
ә) Есім сөздер орнына қолданылады.
б) Заттың атын білдіреді.
2. Есімдік мағынасына қарай нешеге бөлінеді?
а) 7
ә) 5
б) 6
3. Жіктеу есімдігінің қанша жағы бар?
а) 3
ә) 2
б) 4
2. Есімдік тұлғасына қарай нешеге бөлінеді?
а) 7
ә) 5
б) 2
4. Есімдік құрамына қарай қалай бөлінеді?
а) дара, күрделі
ә) туынды, негізгі
б) сұрау, сілтеу
5. Жіктеу есімдіктердіі көрсет.
а) мынау, осы
ә) маған, саған
б) әркім, ешкім

Тексеру. Оқушылар өзіңді тексереді, баға қояды.

Дұрыс жауабы: 1-Ә 2-А 3-А 4- А 5-Ә
ІV. Тақырыпты қорыту. Түйін сөз.

- Бүгінгі сабақта не туралы айттық?

- Табиғатты не істеу керек?

- Табиғатты қорғайтын кімдер?

... Түйіп айтар сөзіміз:

Табиғаттың панасы –

Біздің мына өзіміз,

Адамзаттың баласы.

- Табиғатты қорғайтын кім екен?

- Адамзаттың баласы, яғни кімдер? Мына - біздер.

V. Сабақты қорыту. Смайликтер тарату.

Өз жұмысына, жалпы сабаққа қоятын бағаларын мұғалім таратқан жауап парағына көрсетеді.

Үй тапсырмасы: сөздерді жаттау. «Мен табиғатты қалай қорғап жүрмін» - эссе жазу.

Бағалау


Бағалау парағы ......................................................................

Тапсырмалар

Баға

  1. Қанатты сөздер




  1. Кесте- Етістік түрлері




  1. Мәтінмен жұмыс




  1. Тест сүрақтар




Қорытынды




Бағалау парағы ......................................................................

Тапсырмалар

Баға

  1. Қанатты сөздер




  1. Кесте- Етістік түрлері




  1. Мәтінмен жұмыс




  1. Тест сүрақтар




Қорытынды




Бағалау парағы ......................................................................

Тапсырмалар

Баға

  1. Қанатты сөздер




  1. Кесте- Етістік түрлері




  1. Мәтінмен жұмыс




  1. Тест сүрақтар




Қорытынды




Каталог: A916ADC5BDD25CD1
A916ADC5BDD25CD1 -> Сабақ№ Сыныбы Күні Тақырыбы: Кіріспе. Мақсаты
A916ADC5BDD25CD1 -> Михайлов орта мектебінің 2015-2016 оқужылыбойынша
A916ADC5BDD25CD1 -> 5- желтоқсаннан 15- желтоқсан аралығында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдерінің апталығы туралы есебі
A916ADC5BDD25CD1 -> Сабақ-өркеннің негізгі бөлігі Саңырауқұлақтар 8-билет Сабақтың көптүрлілігі және оның түрөзгерістері
A916ADC5BDD25CD1 -> Сабақ: алгебра Сабақтың тақырыбы: Пысықтау Жалпы мақсаты
A916ADC5BDD25CD1 -> Дидактикалық ойындар
A916ADC5BDD25CD1 -> Сабақ: информатика Сабақтың тақырыбы: WordPad мәтіндік редакторының қосымша мүмкіндіктері
A916ADC5BDD25CD1 -> Сабақ: информатика Сабақтың тақырыбы: Сандық ақпаратты өңдеу
A916ADC5BDD25CD1 -> Сабақ Тақырыбы: Терезелер


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет