Сабақтың тақырыбы Тахауи Ахтанов. «Күй аңызы» Оқу мақсаты


Сабақтың жоспарланған кезеңдері



бет3/4
Дата06.01.2022
өлшемі38,03 Kb.
#109665
түріСабақ
1   2   3   4
Байланысты:
2-саб адеб 8-кл 4-токс

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

8 минут



Көкпар(сұрақ-жауап)

  1. Қазақ халқының қандай ұлттық аспаптары бар?(Домбыра,қобыз,шаңқобыз,дабыл, дауылпаз,сазсырнай,т.б.)

  2. Күй дегеніміз не?

  3. Күйдің қандай түрі бар?

  4. Күйші дегеніміз кім?

  5. Қазақты қандай күйшілерін білесіңдер?

  6. Аңыз дегеніміз не?


Біле бергім келеді,біле бергім... Қосымша материал:

Қазақтың саз аспаптары-ғасырлар бойы ұрпақтан ұрпаққа мирас болып келе жатқан мәдени мұра.Халық өз өмірінде болған оқиғалар мен тіршілік тынысына табиғат сұлулығына тебіріне көңғлінен арып шыққан төл туындыларын сазды аспаптар арқылы бейнелеп отырған.Күй жанрында халықтың өткендегі өмірі мен тұрмыс-тіршілігі,әдет-ғұрып, салт-санасы, дүниетанудағы көзқарасы,арман-тілегі,т.б.толғанады.Домбыраны халқымыз қастерлеп, серік еткен өнер адамдарына ерекше құрмер көрсеткен.Домбырамен орындалатын күй өнерінде табиғат құбылыстары, аңыз ертегілер,тарихи оқиғалар, т.б.суреттеледі.

Қазақ халық аспаптық музыкасының ішінде күй жанры ерекше феномен деп саналады.Ол Тәттімбет,Құрманғазы,Қорқыт,Махамбет,Дәулеткерей,Ықылас,Абыл,Байсерке,Сейтектердің ғажайып күйлерінен бастап,Нұрғиса Тілендиев,Секен Тұрысбековтердің тамаша күйлеріне дейін ұзақ эволюциялық жолдан өтіп, қазақ халқының сан-салалы тыныс тіршіліі мен өмірін домбыра мен қобыздың сиқырлы тілімен жеткізе біледі.Күйші-композиторлар өз туындыларын туған халқының ішкі психологиялық жан дүниесін,дүниеге көзқарасын бейнелейді.

Күй жанры-қазақ музыка шығармаларының ішіндегі ең ірі жанырының бірі.Ал аңыз туралы,оның түрлері туралы сызбадан көруге болады.



Аңыз
Тарихи Топанимикалық Шежірелік

(Кенесары,Жошы хан,т.б.) (Жер-су атауына байланысты) (ру,тайпа,жүз)




Күй аңызы
Мифтік Әпсаналық Хикаяттық Жағдаяттық

Авторы – Тахауи Ахтанов.
Тақырыбы – Өнер тақырыбы, күй өнерінің құдіреті
Эпикалық жанр түрі – әңгіме.
Идеясы – Күй өнерінің құдіретін ұғынып, өнер адамын дәріптеу.

Кейіпкерлер бейнесі:
Жағымды кейіпкерлер: Естемес, Оразымбет, Жаңыл, қария
Жағымсыз кейіпкерлер жоқ.

ІІ топ: Шығарманың композициялық құрылысына талдап, әңгімені қысқаша мазмұндау. Әңгіменің тәрбиелік мәнін ашу.
Шығарманың композициялық құрылысы:
Басталуы. Қос салт атты.
Байланысуы. Жырада кездескен жалғыз нар.
Дамуы. Өрге шыға алмай тайғанақтаған күй.
Шиеленісуі. Әлденеге талпынған көңіл құрғыр...
Шарықтау шегі. Естемес күйшінің елде жоқ қолқа салуы.
Шешімі.”Нар идірген ” күйінің өмірге келуі.

ІІІ топ: Шығарманың көркемдік әдісі мен әдеби теориялық ұғымдармен жұмыс.
Баяндау – Әдеби шығарманың оқиғасын желілі түрде көркемдеп әңгімелеуді баяндау дейміз.
Суреттеу – жазушы кейде шығарма оқиғасын баяндау барысында оқиғаның болған жерімен, оқиғаға қатысушы кейіпкерлерімен, олардың жеке басына тән ерекшеліктерімен, оларды қоршаған ортамен таныстырады. Мұны суреттеу дейміз.
Портрет - Көркем шығармада кейіпкердің сырт тұлғасын, бет - әлпетін суреттеуді портрет дейміз.
Монолог - шығармадағы адамның ішкі ойы.

Диалог – Көркем шығармада кейіпкерлердің кезектесіп сөйлесуін диалог дейміз.
Теңеу – жібектей майысып, балшықтан құйғандай, сүйріктей саусақ, оңып кеткен шүберектей.
Эпитет – өткір қоңыр көзді, мүсәпір бейнесі, жұмсақ әуен бояуы.
Түсіндірме сөздік:
Таспадан “Нар идірген” күйінің шығу тарихын тыңдату.







Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет