Сабақтың тақырыбы: Танысу. Мен және менің қызығуым. Мақсаты: Тақырыптың мазмұнын өз түсінігі бойынша аша білуге үйрету



бет27/65
Дата03.10.2024
өлшемі174,84 Kb.
#205618
түріСабақ
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   65
Байланысты:
түзету қмж.инклюз

«Түймелер» ойыны


  • Мақсаты: Баланың танымдық белсенділігін ояту, зейінін және ес процесін дамыту.

  • Ойынның шарты:

  • Әрбір ойнаушының алдында бір-бірден түймелер жиынтығы және ойын алаңы болады. Ойын алаңы тор көзге бөлінген төртбұрыштан тұрады. Төртбұрыштың ішінде тор көздер неғұрлым көп болса және неғұрлым түймелер көбірек пайдаланылса, соғұрлым ойын күрделі болады. Ойын төрт тор көзден тұратын ойын алаңы мен үш түймеден басталады. Бірінші ойыншы өзінің ойын алаңында үш түймені қойып шығады. Екінші ойыншы түймелердің орналасуын яғни қайсысы қайда тұрғанын есінде сақтайды, осыдан кейін бірінші ойыншы өз ойын алаңын қағазбен жауып қояды, ал екінші ойыншы өзінің түймелерінің арасынан керектерін таңдап алып өз ойын алаңында тура сондай етіп қойып шығуы қажет. Түймелер саны және ойын алаңындағы тор көздер біртіндеп кемиді.

  • Балаға ол үшін күрделі міндеттің шешілуін жеңілдету үшін бос төркөздердегі түймелердің орналасуын баламен бірге сөзбен айтып отыруға болады: «Үлкен қызыл түйме – сол жақ бұрышта, кішкентай қара түйме

  • ортасында, ал сары түйме оң жақ бұрышта». Осылай етіп ауызша айту баланың мақсатқа шоғырлануына көмектесіп, оның шешімін табудың жолын ашады.

  • Керекті құралдар: Түрлі түсті 12, түйме 4,6,9 тор көзден тұратын ойын алаңы.


    Түзету- дамыту №35
    Мерзімі: Сыныбы:
    Пән мұғалімі:
    Сабақтың тақырыбы: Менің вагоным.
    Мақсаты: : Логикалық ойлауды, есте сақтауды, зейінді дамыту. Бала өзін қандай вагонға қояды !? Бақылау.
    «Поезд» ойыны

    Ойынның шарты:


    Бұл ойын үшін көлемі бірдей 10 суретті картиналар қажет.
    Әрбір сурет поезд вагоны. Суреттерді бес-бестен екіге бөліп береді де алма кезек поезд құрастырады. Поездың вагондары жүріп бара жатқанда ажырамас үшін бір-біріне бекітілетінін біз білеміз. Суретті вагондар да қандай бір логикалық байланыспен бекітілуі қажет.
    Мысалы: Қасықты тарелкамен байланыстыруға болады, өйткені, қасықта, тарелкада ыдыс болып табылады. Тарелкадан кейін вазаны қоюға болады, өйткені вазаға да машинаға да су құяды т.б. ең бастысы ол баланың өз «байланыстыруын» түсіндіре алғанында. Поезд дайын болғанда вагондардың қалай байланыстырғанын ескеріңіз.
    Ойынды бірнеше рет қайталауға болады. Суреттер мен олардың орналасуын ауыстыруға болады. Керекті құралдар: 10-12 сурет /10х10/
    Мысалы: І/ көбелек, гүл, ваза, піл, балық, өзен.
    ІІ/ қар, шана, бала, баскиім, мысық, сүт.



    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   65




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет