Сабақтың тақырыбы: Танысу. Мен және менің қызығуым. Мақсаты: Тақырыптың мазмұнын өз түсінігі бойынша аша білуге үйрету



бет39/65
Дата03.10.2024
өлшемі174,84 Kb.
#205618
түріСабақ
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   65
Байланысты:
түзету қмж.инклюз

Пәні: Түзету- дамыту №8
Мерзімі: Сыныбы:
Пән мұғалімі:
Сабақтың тақырыбы:Танымдық жұмыс. «Бұл қашан болады?»
Мақсаты:
1.Баланың табиғат туралы білімін кеңейту.
2. есте сақтау қабілеттерін дамыту, қоршаған ортадағы табиғат өзгерістері, күзгі адамдар еңбегі туралы тапсырмаларды орындату арқылы ойын грамматикалық формада жеткізіп және байланыстырып сөйлеуге төселдіру.
3. Табиғатты аялауға, әсемдікті көре білу, сезінуге тәрбиелеу
Көрнекіліктері: күзгі аула бағы бейнеленген сурет, мақал - мәтелдер жинағы, халық болжамдары жазылған жинақ.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі. Бүгін «Бұл қашан болады?» тақырыбын өтеміз.
- Балақай, бүгінгі күз мезгілі туралы. Көзімізді жұмып күз мезгілін көз алдымызға елестетіп көрейік.
Баланың жауаптары:
- Балалар мектепке, балабақшаға бара жатыр.
- Пісіп тұрған алма, жерге түсіп жатқан жаңғақтарды көруге болады.
- Ағаштардың жапырақтары сарғая бастаған. Күз туралы сурет бойынша әңгіме жүргізу.
Тірек сұрақтар:
1. Қазір қай мезгіл?
2. Күз екенін қайдан білдің?
3. Неліктен жомарт күз дейміз?
4. Күздегі адамдар еңбегінен не білесің?
5. Неліктен күзді жақсы көресің?
6. Күз туралы не білесіңдер?
7. Күз айларында ағаштарда қандай өзгерістер болады? «Ненің жапырағы?» дидактикалық ойыны. Бала серуен кезінде жинаған жапырақтарының қандай ағаштікі екенін ажыратады. Үлгі жауап:
- Мынау - қайыңның жапырағы. Түсі сары, пішіні сопақша болып келген.
Дәптермен жұмыс
а) Жаңа сөздермен сөздік жұмысын жүргізу.
Элеватор - мол астықты сақтайтын және оны желдетудің, салқындатудың, кептірудің, құрғатудың, сұрыптаудың көмегімен сапалық деңгейге жеткізетін ғимарат.
Егіс алқабы - бидай, тары, жүгері, арпа сияқты дәнді дақылдар өсетін дала.
Қырман - астық бастыратын, тазалайтын ашық алаң.
ә) Бидайдың сабағының суретін салу.
б) Жұмбақты шешу. Шешуі: бидай.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   65




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет