Сабақтың тақырыбы: Танысу. Мен және менің қызығуым. Мақсаты: Тақырыптың мазмұнын өз түсінігі бойынша аша білуге үйрету



бет12/64
Дата19.09.2022
өлшемі158,05 Kb.
#149998
түріСабақ
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   64
Байланысты:
туз

4. Сабақты қорытындылау.
а) Сұрақ - жауап әдісі арқылы сабақта алған білімін пысықтау.
ә) Сабақ баланың жануарлар туралы білетін өлең - тақпақтар айтуымен аяқталады.
Пәні: Түзету- дамыту №13
Мерзімі: Сыныбы:
Пән мұғалімі:
Сабақтың тақырыбы: Менің ақылды қөмекшілерім.
Мақсаты:1.Оқушымен саусақпен ойын жаттығуларын орындату, үйрету;
2. Оқушының сөздік қорын, ойлау қабілетін дамыту;
3. Оқушыны адамгершілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі:
а) Оқушының зейінін сабаққа аудару.
ә) Психологиялық дайындық. (баланы көңілдендіріп алу.)
2.Жаңа сабақ Сабақтын мақсатын айту. Саусақпен ойындар
«Бүлдірген жинаймыз»
Сол қолының ұшы ( саусақтары төмен түсірілген) бұтақта тұрған бүлдіргенді келтіреді. Оң қолымыздың саусақтарымен бұтақта тұрған бүлдіргенді түсіріп аламыз.
«Саусақтар амандасады» Саусақтарының ұштары бір-бірімен жұғысады: шынашақ саусақ шынашақпен, бас бармақ бас бармақпен.
«Саусақтар жуынады»Бір қолдың қайырылған саусақтары екінші қолдың саусақтарымен түйісіп жыбырлайды.
«Саусақтар адымдайды»Оң қол оң жаққа адымдайды, сол қол – сол жаққа.
«Сақина»Оң қолдың үлкен саусағы әрбір саусақпен қосылып сақина жасайды да сол қолдың әрбір саусағына кигізіледі: үлкен басқармақпен – басбармаққа, үлкен ортаншымен-ортаншыға т.б.с.с «Айна»Үлкен адамның істегенің оның артынан әрбір саусақтың қимылын әртүрлі қайталайды.
«Гармон»Саусақтар ашылған алақандарымен бірде ашылады, бірде жабылады.
3.Сабақты қортындылау.
-Бүгінгі сабақта не үйрендік?
-Бүгінгі ойын сабағымыз ұнады ма?
-Қандай ойындар ұнады.?

Пәні: Түзету- дамыту №14
Мерзімі: Сыныбы:
Пән мұғалімі:
Сабақтың тақырыбы: Бөлме ішіне бағдарлау .

Мақсаты: Кеңістік ұғымын қалыптастыруға арналған ойын-сабақ.
Ойын: «Қуыршақ бөлмесіне жиқаздарды орналастыр» деген ойынды ұйымдастыр немесе ауылда серуенде жүрген кезде Тәрбиешінің ұсынысы бойынша мына тапсырмаларды орында. 10 қадам алға оңға бұрылып, 5 қадам жүр, сонан соң 3 қадам артқа сияқты. Тағы басқа тапсырмаларды орындауға болады. «Ойыншықты тап», «Бала қайда тығылып жүр» т.б ойындарды ойнауға болады.
-Бұдан соң баланың өзінің дене мүшелерін (Оң қол, сол аяқ т.б) кеңістікке қатыстыру немесе затты затқа қатыстыру арқылы алдында, оң-сол жағында, жоғары-төменде не бар деген сияқты сұрақ қойып тапсырмалар орындатуға болады.
-Өз маңындағы кеңістікті бағдарлай білуге үйрен: ілгері қарай ілгеріде, алда-алдыңғы жақта, артында-арт жақта, оңға оң –жағында, солға жол жағында. Серуен кезінде де ағаштарды өзара қатыстыру арқылы кеңістікте орналасуын ажырату керек.
Баланың заттарды салыстыра білуін тексеру.
-Кеңістікте орналасқан ұзын-қысқа, биік –аласа, жалпақ-жіңішке, тар-кең деген сияқты заттардың маңызды белгілерін салыстыру кезінде көпшілік бала қиналады.
-Біріншіден ьала жалпылама үлкен –кіші деп жалпылама айта салады.
Зерттеуші ерекше көңіл бөліп тыңдап ұзын лентаның орнына улкен лента, қысқа лентаның орнына кіші лента деп айтпауын қадағалап, қателессе түзету керек.
-Аласа –биік бағана дегеннің орнына үлкен –кіші бағана деп айтуымүмкін. Баланың белсенділік сөздік қорының ішінде биікті,-аласа, қысқаны ұзын, кең-орын тар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет