Сабақтың тақырыбы: Тас дәуірі (палеолит)
Сабақтың мақсаты.
Білімділік: Адамзат дамуы тарихындағы ең ұзақ тас дәуірінің кезеңдерін хронологиялық ретімен, еңбек құралдарымен баяндап, тас дөуіріндегі Қазакстан аумағының табиғат жағдайы туралы білім беру.
Дамытушылық: Тас дәуірінің әр кезеңінде ежелгі адамдардың материалдық және рухани мәдениеті үздіксіз дамып отырғанын қорытындылап, салыстыра білу, картамен жұмыс істеу дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік: Ежелгі мәдениетті сақтап-қорғауға, адамгершілікке, еңбеккорлыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Әдісі: интерактивті
Пәнаралық байланыс: биология, геогафия, математика
Сабақтың көрнекілігі:
1. «Ежелгі Қазақстан» картасы.
2. «Тас дәуірінің кезеңдері» деп аталатын кесте.
3. Тас дәуірінің күралдарының суреттері.
Сабақтың барысы. I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Үй тапсырмасы.
Өткен сабақтағы сабақ жоспары бойынша бірнеше оқушыдан үйге берілген тапсырманың мазмұнын сұрап шығамын. Одан кейін үйге берілген «Жүмыс дәптеріндегі» тапсырманы жалпы сыныптан әр партаны аралап жүріп, тексеремін. Одан кейін алдын ала дайындаған қағаз қиындыларына әр нұсқаға жеке-жеке жазып келген 3-4 жаңа сөздермен таратып беріп, оның жауабын берілген уақыттан соң жинап алып, тексеріп шығамын.
Жаңа тақырыптың жоспары:
1. Ерте тас дәуірі (Палеолит).
2.Тас кұралдары.
3. Тас дәуіріндегі Қазақстанның табиғаты.
4. Орта тас дәуірі.
5. Жаңа тас дәуірі.
6. Неолит жаңалықтары.
Адам баласының алғаш қолданған еңбек құралдары тастан жасалған. Еңбек құралдарын тастан жасау, оны қолдану дәуірі өте ұзаққа созылған. Сондықтан адамзат тарихының осы кезеңі тас дәуірі деп аталады. Тас дәуірі үшке бөлінеді деп темендегі кестенің көмегімен тас дөуірінің кезеңдерімен таныстырамын.
Тас дәуірінің кезеңдері.
ТАС ДӘУІРІ
ПАЛЕОЛИТ (б.з.б. 2 млн 500-12 мыңжылдыктар)
МЕЗОЛИТ (б.з.б.12-5мыңжылдықтар)
НЕОЛИТ (б.з.б. 5-3 мыңжылдықтар)
----------► 1. Ерте палеолит ( б.з.б. 2 млн 500-140 мыңжылдықтар)
----------► 2. Ортаңғы палеолит (б.з.б. 140-40мыңжылдықтар)
----------► 3. Соңғы палеолит (б.з.б. 40-12мыңжылдықтар)
Одан кейін тас дәуірінің кұралдарын суреттердің көмегімен таныстырып өтемін. Окушылар дәптерлеріне алғашқы адамдардың пайдаланған еңбек құралдарын жазып алады:
тескіш, кескіш (чоппер), қырғыш, чоппинг, қол шапқы, пышақ, найза, болос.
Оқушыларға Казақстанның ерте кезеңдегі табиғат жағдайы мен қазіргі табиғатын салыстыртамын. Оқушылар дәптерлерін екіге бөліп, осы тәртіппен екі бағанды салыстырмалы түрде толтырып шығады.
Ежелгі Қазақстан табиғаты
|
Қазіргі Қазакстан табиғаты
|
|
|
Сабакты түсіндіру барысында төмендегі негізге сүйенемін.
Мезолиттегі өзгерістер:
Мұздың еріп, табиғаттың өзгеруі,
Ірі жан-жануарлардың құрып кетуі,
Жебелі садақтың, бумерангтың, кақпан мен тұзақтың пайда болуы,
Балық аулаудың көбеюі қайықтың пайда болуына түрткі болды,
Мал шаруашылығы мен егіншіліктің алғашкы белгілері пайда бола бастады,
Тас өңдеудің жетіле түсуі,
Еуразия, Қиыр Шығыс, Америка құрлығының адам мекенінің игілігіне айнала бастауы.
Неолит дәуірінің жаңалықтары:
Тас өңдеу әдістері жетіліп, жоғарғы дәрежеге жетті,
Ыдыс жасауды үйренді,
Жабайы аңдарды қолға үйрете бастады,
Егіншілікпен айналыса бастады,
Кен өндірісінің негізгі белгілері пайда болды. Мезолит пен неолит дәуіріндегі жетістіктерді тактаға ілінген тас дәуірінің археологиялық ескерткіштерінің суреті аркылы сипаттап шығамын. Картадан оқушыларға тас дәуірінің ескерткіштері шоғырланған аймақтарды көрсетемін.
Осылайша жаңа тақырыпты осындай тірек кесте, сөздер арқылы түсіндіріп былай корытындылаймын: Тас дәуірі біз көріп отырғандай адамзат дамуының ең ұзакка созылған дәуірі. Мұз басу дәуірі Қазақстан аумағына жетпегенмен, мұздың еруі Қазақстанның табиғатына әсер етті. Мезолит дәуірі палеолит пен неолит кезеңі арасындағы жалғастырушы көпір болса, ал неолит кезеңіндегі жеткен жетістіктерінің маңызының зор болғандығы соншалық, тарихта оны ғалымдар «неолит төңкерісі» деп атады.
Бағалау:
Үйге тапсырма: Параграфтың соңындағы сұрак-тапсырмаларға ауызша дайындалып келу.
Сабақтың тақырыбы: Түрік қағандығы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: «Түрік», «қағанат» атауларына түсінік беру, Түрік қағандығының коғамдық құрылысының ерекшелігін ашып көрсету және саяси тарихы мен шаруашылық жағдайы туралы түсінік беру.
Дамытушылық: Түркі дәуірінің тарихы мен мәдениетін қазіргі Қазақстан тарихы мен мәдениетімен байланыстырып, оқушылардың тарихи ойлап, қорытынды шығара білу қабілеттерін, ой-өрісін дамыту.
Тәрбиелік: Қазақтардың арғы ата-бабалары түріктердің жан-жақты даму тарихын оқыта отырып, оқушыларды отаншылдыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Лекция
Әдісі: баяндау
Пәнаралық байланыс: география
Көрнекілік: 1.Түркі дөуірінің картасы.
2.Түркі дәуірінің ескерткіштерінің суреті.
З.Түркі қағандығының шаруашылығын, тұрмысын сипаттайтын суреттер.
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Үй тапсырмасы.
2-3 окушыға Еділге тарихи тұлға ретінде берген мінездемесін дауыстатып оқытамын. Қалған оқушылар оны тыңдай отырып, өздерінің алып-қосатындары болса қосымша қосады. Одан параграфтың соңындағы қалған сұрақтар бойынша тексеріп шығамын. Осылайша үй тапсырмасын қайталап, оқушылардьщ өткен сабақта алған білімдерін тиянақтағаннан кейін жаңа тақырыпка көшемін.
Жаңа сабақтың жоспары:
1. «Түрік» атауы.
2. Түріктердің көршілерімен саяси карым-қатынасы.
3. Қағандықтың құрылуы.
4. Түрік қағандары.
5. Қағандық халқының кәсібі.
6. Түріктердің рухани мәдениеті.
Б.з-дың I мыңжылдығының орта шенінде Қазакстан даласында ірі этникалық өзгерістер басталды. Бұл дәуірді шартты түрде ежелгі түрік (ежелгі түркі) немесе көне түркі дәуірі деп атаймыз деп, одан әрі ұлы даланың тұрғындары түріктердің шығу тегі туралы аңыздарға тоқталамын. Одан кейін тақтадағы картаның көмегімен түркілердің әр түрлі бағыттағы көршілерін және олармен қарым-қатынасына тоқталамын. Оқушыларға еске сактауға ыңғайлы болуы үшін төмендегі сызбаны пайдаланамыз.
Ирандықтар
|
Тунгус-манчьжурлар
|
Қытайлықтар
|
|
Түркілер
|
|
|
Тохар тайпалары
|
|
Түріктер өздері мемлекеттің құру жолында осы тайпалармен бірде достық бірде жаулық қарым-қатынастарда болғандығын сипаттай отырып, Түрік қағандығының құрылып, қуатты мемлекет дәрежесіне көтерілу кезеңдерін түсіндіремін. Осы кезеңде параграфтағы маңызды даталарға ерекше тоқталып, сабақ барысында олардың хронологиялық кестесін құру.
Маңызды даталар
|
Болған оқиғалар
|
Б.з-дың I мыңжылдығынын ортасы
|
Қазақстан даласындағы ірі этникалык өзгерістер.
|
542 жыл
|
Қытай деректеріндегі алғаш «түрік» атауының кездесуі.
|
У-ГУ ғасырларда
|
Орта Азияның тарихында түрік этносының жаңғыруы.
|
VI р-дың ортасына дейін
|
Түріктердің жужандарға бағынышты болуы.
|
551-555 жылдар
|
Жужандардың түріктерден жеңіліп, кеп бөлігінің қырылуы.
|
551-744 жылдар
|
Түрік қағандығының өмір сүрген жылдары.
|
551 жыл
|
Бумынның түрік қағандығының негізін салып, қаған атануы.
|
552-553 жылдар
|
Қараеске кағанның билік етуі.
|
553-572 жылдар
|
Мұқан қағанның билік еткен жылдары.
|
VІ-VІІ ғасырларда
|
Түріктердің қолдауымен Жетісуда, Жоңғарияда, Шығыс Түркістанда, Оңтүстік Сібірде сауда мекендерінің құрылуы.
|
VII ғасырдың басында
|
Азия кеңістігі үлкен аумағының Батыс жөне Шығыс Түркі державала-рының колында болуы.
|
714-715 жылдар
|
Сырдария бойындағы өлкеге арабтардың жорығы.
|
VІ-ХІІ ғасырдың ортасында
|
Буддизм, манихейлік, христиандық діндердің түркі тілдес халықтардың арасында кең тарауы.
|
Осылайша оқушы білімін дамыта отырып, кағанат халқының кәсібі, оның қағандык өмірінде алатын орны мен маңызын ашып көрсетемін. Окушылардың эстетикалық дамуын назарда қалдырмау үшін түрік халықтарының діни наным-сенімдері, жазу мәдениеті мен әдебиеті туралы жан-жақты сипаттама беріп, оқушыларды имандылык, адамгершілік сияқты ізгі қасиеттерге тәрбиелеу.
Бекіту сұрақтары:
1. Түркі дәуірі немесе көне түркі дәуірі деп қай кезеңді айтамыз?
2. Қытай деректері бойынша түріктер кімдердің ұрпақтары деп есептелінеді?
3. Ескі сына жазуларда түріктер өздерін қандай атпен жазған?
4. Түріктер мен жужандар арасындағы соғыс қай жылдары болды?
5. Түрік қағанаты құрамында өмір сүрген халықтарды атаңдар.
6. Түрік хандарының сенімді көмекшілері болғандар?
7. Түрік қағандығы халқының басым бөлігінің негізгі кәсібі не болды?
8. «Татсыз түрік жоқ» деп жазған кім?
9. «Құдатғу-білік» еңбегінің авторы кім?
10. 714-715 жылдары түркілер кімдермен шайқасты?
Бағалау:
Үйге тапсырма: параграфты оқып, соңындағы сұрақ-тапсырмалар бойынша дайындалып келу.
Достарыңызбен бөлісу: |