Оқушылар: Теңбүйірлі үшбұрыштың белгілері мен қасиеттерін жазбаша және ауызша түсіндіреді.
Пәнге тән лексика мен терминология:
Үшбұрыш, теңбүйірлі,теңқабырғалы,әртүрлі қабырғалы, үшбұрыштың элементтері, биіктік,биссектриса,медиана, үшбұрыштар теңдігінің белгілері
Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:
1.Қабырғаларының арасындағы қатынастар арқылы анықталатын
үшбұрыштың түрлерін атаңдар.
2. Қандай үшбұрыш: а) әртүрлі қабырғалы; ә) теңбүйірлі; б) теңқабырғалы деп аталады?
3. Теңбүйірлі үшбұрыштың қандай қабырғалары бүйір, ал қайсысы
табаны деп аталады?
4. Теңбүйірлі үшбұрыштың табанындағы бұрыштар туралы не айтуға
болады?
5. Теңбүйірлі үшбұрыштың белгісін тұжырымдаңдар.
|