Сабақтың тақырыбы: Теңге- төл валютамыз Оқу мақсаттары



бет2/3
Дата21.11.2022
өлшемі21,51 Kb.
#159151
түріСабақ
1   2   3
Мағынаны ажырату:
Ұлттық валюта қай жылы шығарылды? 
Ақша қандай қызмет атқарады? 
Теңгенің неше құпия қорғанысы бар? 
Қайдан несие алуға болады? 
Ақшаны қайда жинауға болады? 
Ұлттық валюта дегеніміз не? 
Қазақ теңгесі қайда басылды? 
Ақша сақтайтын мекеме. (Банк) 
Жеке есепшоты бар төлем-қағаз. (карточка) 
Ақша беретін құрылғы. (Банкомат) 
Төлемді растайтын қағаз. (Чек) 
1 теңгеде неше тиын бар? 
Дұрыс -бұрыс
1 Қазақстан валютасы басқа елден әкелінеді. 
2 Ақша – халық байлығы. 
3 Теңгеде 6-ға жуық құпия белгі бар. 
4 Ұлттық теңге дербес ел болғанымыздың белгісі? 
5 Ұлттық валютамыздың дизайнын жасаушы авторлық топтың жетекшісі Шәкен Ниязбеков. 
6 Тиыннан теңге құралады. 
7 Ұлттық валютамыз 1991 жылы 16 желтоқсанда айналымға енді. 
8. Тәуелсіз елдің басты белгілерінің бірі - үлттык ақшасы. 
9. Қазақстанның төл тенгесі 1993 жылы қазан айында шықты. 
10. Теңгенің шеттеріне ою - өрнек салынған. 
11. Теңгемізде мемлекеттік тудың суреті салынған. 
Мақал - мәтелдегі қалып кеткен орынға сөзді жаз.
( дүние, көз, дария, теңге, санап, шашу, есеп, ақшасы, судың, құлып)
1. _____ тиыннан өсер (теңге). Жылқы құлыннан өсер. 
2. Есепсіз ______ жоқ (дүние). 
3. Алтын тапсаң _______ ал. (санап). 
4. Ақша кетуге тырысады, ________ ұстауға тырысады (есеп). 
5. Тамшы тама берсе _______ болар (дария). 
6. ______ оңай, жинау қиын (шашу). 
7. Ақша ашпайтын _________ жоқ (құлып). 
8. ______ да сұрауы бар (судың). 
9. Ақшада ____ жоқ (көз). 
10. Ар - намысы таза адамның ______ аз болады (ақшасы). 
11. Мың ____ болғанша ,Бірқылды басың болсын (сом). 
12. Базарда бәрі бар, -------------ешкім бермейді. (ақшасыз) 
Төменде аталған елдердің валюта атауларын тауып жазыңыз.
1. Ресей ___________-/рубль/
2. Қытай ___________юань
3. Қырғызстан ___________сом
4. Өзбекстан ___________сум
5. Үндістан ____________ рупия
6. Германия _____________марка
7. Америка _____________доллар


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет