Сабақтың тақырыбы/ Тема занятия/ Theme: Бердібек Соқпақбаев «Менің атым Қожа»



Дата07.12.2016
өлшемі62,42 Kb.
#3383
түріСабақ
Сабақтың жоспары

Поурочный план

The plan of the lesson

Күні / Дата / Date: 22.12.2015

Сынып / Класс / Class: 4 «Ә»

Пән/ Предмет/ Subject: Әдебиеттік оқу

Сабақтың тақырыбы/ Тема занятия/ Theme: Бердібек Соқпақбаев «Менің атым Қожа»

Сабақтың үлгісі/ Тип занятия/ Type of the lesson: жаңа сабақты оқыту

Мақсаты/Цель/Aim:

білімділік/ образовательная/ educational: – Оқушыларға жазушы өмірі,әлемге танылған әйгілі шығармасы туралы білім беру,толықтыру. Оқушыларды мәтіннің мазмұнымен таныстыра отырып, мәтіндегі негізгі ойды, идеяны ұғындыру.

дамытушылық/ развивающая/ developing:– Жазушы шығармалары арқылы әр оқушының өзіндік ой – қиялына ерік бере отырып, көркем шығармаға әдеби талдау дағдыларын дамыту, ізденуге талпындыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту.

тәрбиелік/ воспитательная/ bringing-up: – Қожа бейнесі арқылы, оқушыларды адамгершілікке, мәдениеттілікке, әдебиетті сүюге, үлгі — өнеге алуға шақыру. Жағымсыз қасиеттерден аулақ болуға тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі:интерактивті тақта,стикерлер,плакат, фишкалар

Әдіс-тәсілдер:әңгімелесу,сұрақ-жауап,көрнекілік әдіс

Сабақ барысы / Ход занятия / Course of the lesson:

І.Ұйымдастыру бөлімі

-Сәлеметсіздер ме,оқушылар!Қалдарың қалай?Бүгінгі сабаққа дайынбыз ба?

Психологиялық дайындық.

Айналаға алақанмен
Жылулықты шашайық
Сәттілік тілеп күлімсіреп
Біз сабақты бастайық-деп, осындай жақсы көңіл-күймен бүгінгі сабағымызды бастайық!

«Ереже»

-Сабақ барысында қолданылатын негізгі ережелерімен таныстыру.Яғни, «Эфирде біреу», «00:00», «100%» ережелері.



Топқа бөлу

-Енді, бүгінгі сабағымызға байланысты сендерді үш топқа бөлемін. «Данышпан», «Ойшылдар», «Тапқырлар» атты топтар.

Өткен сабақты қайталау «Сиқырлы сандық»

-Балалар жаңа сабаққа көшпес бұрын, өткен сабақты қайталап алайық!Ол үшін мына сандыққа назарымызды аударайықшы! Бұл жай сандық емес, «сиқырлы» сандық!Оның ішінде көптеген, неше түрлі тапсырмалар бар!Егер де бұл тапсырмаларды дұрыс, әрі тез орындай алатын болсаңдар, сонда ғана жаңа сабақтың тақырыбын біле аламыз!

Тапсырманы орындау ережесі

-Әр тапсырма 2 сұрақтан тұрады. Топтан шыққан оқушы тапсырманың бірінші сұрағына міндетті түрде жауап беру керек. Ал екінші сұрағына топ мүшелері көмектесе алады. Сонда ғана толық жауап ретінде есепке алынады.

1 сұрақ: Халық ауыз әдебиеті дегеніміз не? Оған нені жатқызуға болады?

2 сұрақ: Әсірелеу дегеніміз не? Оны қандай шығармада кездестірдік?

3 сұрақ: Берілген суреттерден Абай Құнанбаевты тауып ал. Өмірбаяны жайлы не айта аласын?

4 сұрақ: «Жетім» әңгімесінің авторы кім?(Мұхтар Әуезов) Автор жайлы не білесің?

5 сұрақ: Батырлар жыры дегеніміз не? Қазақтың қандай батырларын білесің?

6 сұрақ: Мына суреттерден Шоқан Уәлихановты тауып көр. Ол туралы не білесің?

7 сұрақ: Айтыс дегеніміз не? Айтыстың қандай түрлері бар?

8 сұрақ: Ертегі дегеніміз не? Ертегілердің қандай түрлерін білесің?

9 сұрақ: Қалқаман Әбдіқадыровтың «Жиб-Жица» күресі атты әңгімесі кім жайлы?(Қажымұқан) Ол кім?

-Жарайсыңдар! Өткен тақырыпты меңгерген екенсіңдер!Ендеше бүгінгі жаңа сабақтың тақырыбымен танысайық!
Бейнематериалмен жұмыс «Менің атым Қожа» фильмнен үзінді

-Ол үшін мен сендерге шағын бейнебаян көрсетемін.Мұқият қараймыз.

Рефлексия

-Сонымен,бұл бейнебаян не жайлы екен?

-Бұрын бұл фильмді көріппе едіңдер?
Жаңа тақырып

-Дұрыс айтасыңдар! Бұл «Менің атым Қожа» фильмнен алынған үзінді. Бүгін біз сіздермен Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» атты шығармасының үзіндісімен танысатын боламыз.
Автор туралы мәлімет

-Бірақ, ең алдымен осы шығарманың авторымен танысайық.Бұл әлемге әйгілі шығарманың авторы Бердібек Соқпабаев.

Ол -қазақ балалар жазушысы. Бердібек Соқпақбаев 1924 жылы Алматы облысы Нарынқол ауданы Қостөбе ауылында дүниеге келді.

Ата-анасынан ерте айрылған ол кісілердің қолында жүрген. Балалық шағындағы басынан өткен қиындықтар мен жоқшылық жайлы «Балалық шаққа саяхат» кітабында бейнеленген. 1950 жылы «Бұлақ» атты тұңғыш жинағы шықты. Балаларға арнап «Менің атым Қожа», «Аяжан», «Гауһар» т.б. повестер, «Кездесу», «Бозтөбе» поэмаларын жазған. «Қазақфильм» студиясында «Менің атым Қожа» повесі бойынша фильм түсірілді.
Оқулықпен жұмыс

-Қазір бұл мәтінді 3 бөлікке бөліп оқимыз. Әр топ өзіне сәйкес бөлімді оқиды.Содан кейін сұрақ қою арқылы алған білімдеріңді тексереміз.
Сұрақ-жауап

-Бұл үзінді не жайлы?

-Қандай кейіпкерлер бар?

-Мұндағы басты кейіпкер кім?(Қожа)
Басты кейіпкер дегеніміз- көркем шығармадағы оқиғаға қатысатын негізгі басты адам. Жазушы оның жеке сипатын , іс-әрекетін, мінез-құлқын басқалардан гөрі анық танылатындай етіп суреттейді.
«Ассоциация»

-Қожа қандай? Мәтінді оқып Қожаны көз алдарыңа қалай елестетесіңдер? Қанеки, оның мінезін сипаттап көрейікші.
Сергіту сәті

«Қара жорға» биі арқылы бала бойында патриоттық сезімді ояту.
«Салыстыру» Берілген мәтінді оқу арқылы , екі мұғалімді салыстырып көрейік


Майқанова Сабира

Анфиса Михайловна

Алфавитті қуаламай, тәртіпті сақтамай сұрайды.

Бүгін сұраған адамнан ертең тағы сұрауы мүмкін.

Кімнен сұрайтынын аңдау мүмкін емес.

Тізімнің басынан төмен қарай қуалап сұрайды.

Өзіңе дейін неше оқушы, қашан сұрауы мүмкін екенін біліп отырасың.



«Жақсы-жаман» адам бойындағы жақсы және жаман қасиеттер

-тәртіпті

-clever(ақылды)

-good(жақсы)

- excellent(керемет)

-wonderful(замечательный)


-бұзық

-агрессивный(қатты ашулы)

- tricky(қу,хитрый)

-неответственный

-өтірікші



Қосымша мәлімет

Оқушыларға «Менің атым Қожа» фильмнде ойнаған актерлер жайлы қосымша ақпарат беру. Әр ролдерге тоқталып кету.
Қорытынды бөлім

Рефлексия

-Сонымен оқушылар біз бүгінгі сабақта қандай тақырыппен таныстық?

-Сабақ барысында қандай жаңа нәрсе білдіңдер?

-Өздеріңе тоқып алатындай тәрбиелік мәні бар мәліметтер алынды ма?

Бағалау

Үй тапсырмасын беру

Абдолла Қарсақбаевтың “Менің атым Қожа” фильмі мен Еркін Рахышевтің “Менің де атым Қожа” фильмін салыстырып, ұқсастықтарын тауып жазып келу.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет