Сабақ жоспары
№53
Пән: математика
Сынып: 6 «А»
Күні: 08.11.16
Сабақтың тақырыбы: Теріс сандарды қосуға есептер шығару
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік: Теріс сандарды қосу тақырыбы бойынша алған білімдерін тиянақтау, толықтыру және бағалау, есептер шығару тәсілдерімен таныстыру.
Дамытушылық: Оқушылардың ой-өрісін кеңейту, ойлау, есептеу қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, ынтымақтастыққа, жауапкершілікке, өзін-өзі басқаруға, еңбек ете білуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Бекіту сабағы
Сабақтың түрі:Сұрақ-жауап, шығармашылық ізденіс
Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
1.“Қайталау – білім анасы”
Екі теріс санның қосындысы қалай табылады?
Екі теріс санның қосындысы теріс сан ба, әлде оң сан ба?
Екі теріс санды қосқандағы қосындының мәні үлкен бе, әлде қосылғыштардың біреуі үлкенбе?
2.“Жүзден жүйрік” Ауызша есепте!
(-15) + (-*)= -23 7. -9,1 +(-0,9) =
(-3,25) + (-*) = -4 8. -3 + (-11)=
(-8,4) + (-*) = -10 9.
(-*) + (-99,9) = -100 10.
11. -1 + (-7) =
12. -4 +(-6) =
3.Біліміңді сынап көр!
Кеше термометр -90С –ты көрсетсе, бүгін одан -30С –қа өзгерді. Бүгін термометр неше градусты көрсетіп тұр?
Жердің солтүстік жарты шарындағы Оймякон елді мекенінде ең төменгі температура -710С болды. Бірақ «Восток» станциясындағы полярлық зерттеулер нәтижесінде Жер шарындағы ең төменгі температура одан да -18,20С –қа төмен екені анықталды. «Восток» станциясының зерттеуі бойынша Жер шарындағы анықталған ең төменгі температура неше градус?
3. Алғашқыда бұйымның бағасы а тг болды. Бұйымның бағасы бірінші айда 320 теңгеге, екінші айда 140 теңгеге арзандады. Бұйымның бағасы екі рет арзандаған соң неше теңге болды?
“Кім көп біледі?”
Қосуды орында: -11,6 + (-4,3) а) 15,9 в) -7,1 с) -15,9 д) 7,1
Қосындысы -14-ке тең болатын екі санды тап:
а) -15 және 2 в) -7,5 және -6,5 с) 7,5 және 6,5 д) 15 және -2
Өрнектің мәнін тап: -11,2 +х, егер; х= 29,1 болса.
а) -17,9 в) -40,3 с) 40,3 д) 17,9
Қандай бірдей екі санның қосындысы -3,6 –ға тең?
а) -1,8 және-1,8 в)1,8 және 1,8 с)-8,6 және 5 д)3,2 және -6,8
Азайтуды орында және сәйкестікті анықта: а) -9,1-14,2
в) -5,3-(-2,5)
с) 4,8-6,1 A= -2,8; B= -23,3 Д=-1,3
А) АВД В) АДВ С) ВАД Д) АДВ
Теңдеуді шеш: -16 +(15-х) = 7 а) -8 в)6 с) 8 д) -13
Өрнектің мәнін тап: 18-х-13+4, мұндағы х=-12
а) -3 в) 21 с) -21 д) 15
5.Сергіту сәті.
Адам тәулігіне орта есеппен 8 сағат ұйықтайды. Егер де адам өмірі орта есеппен 80 жыл аралығында болса, онда адам осы аралықта неше сағат ұйықтайды?
6.“Білгенге - маржан”. Фишка ойыны
ІІІ. Қорытындылау
“Сен ешбір жаңа нәрсе меңгермеген және өзіңнің біліміңе ештеңе қоспаған күнді немесе сағатты бақытсыз сана” деген екен Ян Амос Коменский. Олай болса, әрбір сәтімізді тек ізденуге, жаңалыққа ұмтылуға арнайық!
ІV. Үйге тапсырма беру.
V. Бағалау
Сабақ жоспары
№54
Пән: математика
Сынып: 6 «А»
Күні: 09.11.16
Сабақтың тақырыбы: Теріс сандарды қосуға байланысты мәтіндік есептер шығару
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік: Теріс сандарды қосуға байланысты мәтіндік есептерді шығаруға үйрету .
Дамытушылық: Есеп шығару қабілеттерін дамыту. Өз бетінше еңбектену белсенділіктерін арттыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды дәлдікке, ұқыптылыққа, жылдамдылыққа, ептілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: бекіту
Сабақтың көрнекілігі: деңгейлік тапсырмалар
Сабақ барысы: І Ұйымдастыру кезеңі:
а) Сәлемдесу
ә) Оқушылар тізімін тексеру
б) Сабақтың мақсатымен таныстыру.
ІІ Үй тапсырмасын тексеру:
ІІІ Дамыту кезеңі. Есептер шығару:
Ауызша орындалатын тапсырмалар: №444
Шешуі: -1,9+(-1,2)=-3,1(см) жауабы: -3,1 см
№445
Шешуі: -20+(-10) =-30 (см) жауабы: -30 см
446
Шешуі: -19+(-8) =-27 (см) жауабы: -27 см
Тақтада орындалатын тапсырмалар: №458
Шешуі: -2+(-3)+(-5)=-10(градус) жауабы: -10(градус)
№460
Шешуі: -270+(-42)+(-27) =-339 (м) жауабы: -339 м
453
Шешуі: а-140-320 =а-460 (тг) жауабы: а-460 см
Орындарында орындалатын тапсырмалар: №1
-7+4=-9(градус)
№ 2
-5+3=-2
-8+10=2
Сабақты бекіту кезеңі:
Теріс сандарды қосу ережесін тұжырымда
Екі теріс санның қосындысы теріс сан ба, әлде оң сан ба?
Сабақты қорытындылау: Оқушыларға сабаққа қатысқанына сай баға қою.
Үй жұмысы: №450, 456, 457
Сабақ жоспары
№__
Пән: математика
Сынып: 6 «А»
Күні: _____________
Сабақтың тақырыбы: Рационал сандарды қосуды қайталауға арналған жаттығулар
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік: Теріс сандарды және таңбалары әр түрлі сандардың қосындысын табу.
Дамытушылық: Есептеу дағдыларын жетілдіру. Өз бетінше еңбектену белсенділіктерін арттыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды дәлдікке, ұқыптылыққа, жылдамдылыққа, ептілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: қайталау сабағы
Сабақ барысы: І Ұйымдастыру кезеңі:
а) Сәлемдесу
ә) Оқушылар тізімін тексеру
б) Сабақтың мақсатымен таныстыру.
ІІ Өткен тақырыпты қайталау:
Теріс сандарды қосу
Таңбалары әр түрлі екі санды қосу
Үй тапсырмасының орындалуының барын тексеру, сұрақтарына жауап беру.
ІІІ Дамыту кезеңі. Есептер шығару:
Тақтада орындалатын тапсырмалар: № 504
-12+(-13)=-25
-39+(-51)=-90
-27+(-43)=-70
-85+(-91)=-176
-64+(-56)=-120
-57+(-41)=-98
-156+(-63)=-219
-207+(-91)=-298
-7,3+(-8,1)=-15,4
-6,5+3,2=-3,3
15,7+(-23,5)=-7,8
-6,91+12,4=5,49
46,56+(-58,17)=-11,61
-91,3+(-3,65)=-94,95
№507
Орындарында орындалатын тапсырмалар: №505
17+(-50)=-33
36+(-60)=-24
41+(-73)=-32
58+(-31)=27
130+(-203)=-73
113+(-150)=-37
210+(-76)=134
300+(-39)=261
№510
(-2)+(-4)+(-6)+(-8)+(-10)+(-12)+(-14)+(-16) =(-2-8)+(-4-6)+(-14-16)+(-10-12) =-52
(-1,1)+(-1,3)+(-1,5)+(-1,7)+(-1,9)+(-2,1) =(-1,1-1,9)+(-1,3-1,7)+(-1,5-2,1) =-6,6
Сабақты бекіту кезеңі:
- Таңбалары әр түрлі екі санды қосу
Сабақты қорытындылау: Оқушыларға сабаққа қатысқанына сай баға қою.
Үй жұмысы: №508, 509, 511
Достарыңызбен бөлісу: |