Сабақтың тақырыбы: Тіл – халықтар достығының кепілі Сабақтың мақсаты: Білімділік



Дата08.07.2018
өлшемі26,53 Kb.
#48356
Сабақтың тақырыбы: Тіл – халықтар достығының кепілі

Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: оқушыларға мемлекеттік тілді білудің маңызы жайлы айту және оны құрметтеуге үйрету. Қазақстан мемлекетінде тұратын барлық халықтардың тілдердің құрметтеу

2. Дамытушылық:берілген мәтінді түсініп,сұрақтарға дұрыс жауап беруге дағдыландыру;тапсырмалар орындау арқылы қисынды ойлау,есте сақтау қабілеттерін,сөйлеу,ұқсастық пен айырмашылықты бөліп көрсете алу қабілетін дамыту. Ауызекі сөйлеу дағдыларын қалыптастыру.

3. Тәрбиелік: ана тілін сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,ойын элементтері,тест тексеру,проблемалық сұрақтар,ойлауды дамыту технологиясы,іздену

Пәнаралық байланыс: тарих,орыс тілі

Сабақтың көрнекілігі: суреттер,тест,ребус,интербелсенді тақта, үлестірмелі қағаз

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі

1.Амандасу,оқушылардың назарын сабаққа аудару

Тренинг. (1 слайд)
Аспанға қарап ай көрдім,
Төменге қарап жер көрдім.
Оңға, солға бұрылып,
Егеменді ел көрдім!
2.Кезекшімен жұмыс

  • Бүгін сыныпта кім кезекші?

  • Сыныпта кім жоқ?

  • Қазір жыл мезгілі қандай?

  • Аптаның қай күні?

  • Дұрыс,балалар,бүгін күн жұма - сәттілік күн. Бүгін сабақта мен сендерге сәттілік тілеймін,өйткені бүгінгі сабақ ерекше сабақ.Бүгін біздің сабағымызға қонақтар келіп отыр,сондықтан біз өз білімізді жақсылап көрсетуіміз керек.

  1. Жаңа сабақты меңгеру

  1. Сынып назарын сабаққа аудару.

  • Балалар, тақтаға назар салып қарайықшы. Сабақтың тақырыбын бізге ребус көмектеседі.Сонымен ең біріншіден ребустің шешуін табамыз.

  1. Ребустің шешуін табу (2 слайд)

  2. Тақырыпты жариялау,мақсатымен таныстыру (3 слайд)

  • Қандай сөз шықты?

  • Дұрыс, сабағымыздың тақырыбы тілге байланысты – «Тіл – халықтар достығының кепілі» Мақсатымыз: Қазақстан мемлекетінде тұратын барлық халықтардың тілдердің құрметтеу

Біздің мемлекеттік тіліміз – қазақ тілі. Біздің Отанымыз – Қазақстан. ҚР- ның өз елтаңбасы, әнұраны, туы бар. Сонымен қатар өз тілі бар. Тіл – халық тарихи, тіл – ұлттық қазына, тіл біздің намысымыз, арымыз, байлығымыз, барымыз. Жыл сайын қыркүйектің 22 - сінде Қазақстанда Тілдер күні атап өтіледі. Бұл бүкіл Қазақстан халқының мейрамы.

Бәріміз осы жерде дүниеге келіп, бәріміз осы таңғажайып Қазақстан мемлекетінде тұрамыз, әр алуан тілде сөйлейміз. Себебі Қазақстан көп

ұлтты мемлекет.

Бүгін мен сендерді үш топқа бөлемін.Біз бүгін топпен жұмыс істейміз. Үстелдің үстінде үш түсті қағаз жатыр. Кімге қандай түс ұнайды соңы таңдайды.



Қызыл түсті I топқа отырады

Жасыл түсті II топқа отырады

Көк түсті III топқа отырады

Артындағы әріптерге назар аударып, әріптерден сөз құраймыз.

  • Ал кімде қандай сөз шықты,сол топтың аты. (4 слайд)

I топ - Намыс

II топ - Бірлік

III топ – Достық

  • Әр топ өз атының мағынасын түсіндіреді. Топ ережесін сабақ бойы сақтаймыз: (5 слайд)

1. Топ жұмысына белсене қатыс, жұмыстың нәтижесі саған да байланысты екенін естен шығарма.

2. Өз ойыңды ашық, қорғанбай айт.

3. Сыныптастарыңның пікіріне құлақ сал, сөзін бөлме.

4. Түсінбегеніңді достарыңнан сұра, көмектесе алмаса, мұғалімнен сұра.

5. Жұмысыңды ұқыпты, тиянақты орындауға тырыс.

6. Өзіңнің және достарыңның жұмысын бағалап үйрен.

7. Бір – бірімізді тыңдаймыз.

Ал енді топ басшыны сайлаймыз. Топ басшына мен бағалау парағын беремін, ол сабақ бойы сендерді бағалайды.Енді сабақты бастайық.


  • I тапсырма: Сөздер (6 слайд)

Сөздер болса, жаңа сөздермен танысамыз.

Ұлттар – национальности

Ана тіл – родной язык

Оқытылады – изучают

Бағдарлама – программа

Тату – дружно

Сөз тіркесін, сөйлемдерді құру

Әр топқа жеке тапсырма беремін

I топ – Намыс: мәтінді оқып, аудару

II топ – Бірлік: мәтінге сұрақтарды құру

III топ – Достық: мәтін бойынша диалог құру

Қазақстанда 130 - дан астам ұлттар тұрады. Олардың бәрі өз ана тілдерін сақтап сөйлеседі. Біздің Республикамызда 178 жексенбілік мектеп бар, 23 ұлттық тілдер оқытылады. Бізде неміс, корей, украин тілдерінде газеттер шығады. Солтүстік Қазақстан облысында «Полония» поляктік теледидар трансляциясы, Оңтүстік Қазақстанда өзбек теледидары жұмыс істейді. «Қазақстан» ұлттық телеарнасында және қазақ радиосында корей, ұйғыр, неміс тілінде бағдарламалар жүреді. Эфирде телерадио бағдарламалары 11 тілде жүреді. Олар: украин, ағылшын, неміс, корей, түрік, өзбек және т. б.

Біз тату тұрамыз.



  1. Сергіту сәті: «Жаса қазағым!» (8 слайд)

  2. Жаңа алған білімдерін түсінуін тексеру

  • III тапсырма: «Кім білгір?» (9 слайд)

Мақал - мәтел - бабадан қалған мұрамыз,
Ықыласымызды мәйектей сөзге бұрамыз.
Мақалбай атай сұрағын алып келіпті,
Сайыскер топтар, көңілмен тыңдап тұрамыз. «Кім білгір?».

Қазір мен сендерге өздерің білетін мақалдарды таратам, ал сендер
берілген мақалдың жалғасын табасыңдар.

I топ – Намыс:

1. Ана тілің алпыс тілге татиды.

2. Тілін білмейтіндер емес, тілін білгісі келмейтіндер - мәңгүрт.  

3. Тіл мәртебесі - ел мәртебесі.

4. Тіл - достықтың алтын көпірі.

5. Тіл - ұлттың сүйенетін тамыры, сыйнатын тәңірі.



  • Язык телу якорь.

  • Кто мало говорит, тот больше делает.

  • Длинный язык с умом не в родстве.

  • Что на уме, то и на языке.

  • Язык языку весть подает.

  • II топ – Бірлік: (10 слайд)

1. Тілі өлген ел - тірі өлген ел.

2. Өз тілің - бірлік үшін, Өзге тілің - тірлік үшін.

3. Тіл сүйексіз болса да, сүйектен өтеді.

4. Тіл қоса алар жер мен көктің арасын, тіл айырар анасының баласын.

5. Тіл ақылдың - өлшемі.


  • Язык без костей мелет.

  • Много говорит - голова заболит.

  • Язык впереди ног бежит.

  • Мал язык, да всем телом владеет.

  • Язык мой - враг мой.

  • III топ – Достық: (11 слайд)

1. Ішімдегінің бәрі тілімде, тілімдегінің бәрі түрімде. 

2. Жақсы тауып айтар, жаман қауып айтар.

3. Ашынған тілді болар, ашыққан ұры болар.

4. Көнектей басыңа шүмектей тілің жау.



5. Тіл жүйрік емес, ой жүйрік.

  • Язык болтает, голова не знает.

  • От приветливых слов язык не отсохнет.

  • Держи язык на привязи.

  • Язык везде достанет.

  • Язык хлебом кормит и дело портит.

  • IV тапсырма: Ойын (12 слайд)

Ойын болса, ойын ойнаймыз. Мен орысша оқимын, ал сендер үш тілде: қазақша, орысша, ағылшынша толықтырасыңдар.

  • Теперь я вам предлагаем принять участие в интереснейшем игре: «Казахская родня»;
    Я смышленый ученик,
    Сам читаю и пишу.
    Вот мой деда говорит:
    Я о них вам расскажу.
    Папа с мамой всех родней,
    Он -...(әке), она – (шеше)
    «Надо знать свою родню»
    Бабушка твоя – (әже(,
    Папы пап твой – (ата)
    Старшая сестра – (әпке)
    Будешь слушаться ее.
    Ну, а старший брат – (аға)
    Не боюсь с ним никого.
    Мой братишка мне- (іні )
    А сестренка – (қарындас),
    Қарындас твоей әпке,
    Как - (сіңлі) – все любят вас.
    Папе будешь ты – (бала),
    А аташке – (немере)
    А детишек немере
    Называют – (шөбере)
    V тапсырма: Өлең (13 слайд)

Ал енді тілге байланысты жатқа өлеңдеріңді тексерем. Итак, мы сегодня убедились: язык – это оружие дружбы и с тех пор как стоит мир, лучшего орудия ее никто не придумал.
1)Әрбір тіл ұлы өзінше,
Атадан қалған аманат.
Құрметте оны, құрметте,
Түсініп мәнін жамағат.
Ана тілің біліп қой,
Еркіндігің, теңдігің.
Ана тілің біліп қой,
Мақтанышың, елдігің.
Ана тілің – арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте!
2)Народ, кто твердо понимает,
Что мир к содружеству рука,
Где человек, бесспорно уважает
Обычаи других и выбор языка.
Как уважаю я язык своей Отчизны,
Считая долгом в совершенстве его знать.
Историю и быт народной жизни
Через него удастся мне познать.
Объединяет много Казахстан
И Президент наш утверждает: «Нужно,
Чтоб был один язык народов разных стран,
И это, несомненно,– язык дружбы». (14 слайд)

  • Ал, балалар, «Тіл» деген сөзбен сендерде қандай ассоциация?

Тіл

Отан, білім,отбасы,байлық,туған жер,мәдениет,жан дүниесі,ананың тілі, намысымыз,достық көпірі (15 слайд)


  • Сабағымызды әнмен жалғастырамыз. Ән үш тілде айтылады.

(16 слайд)«Әрқашан күн сөнбесін »

1. Солнечный круг,небо вокруг-

Это рисунок мальчишки.

Нарисовал он на листке

И подписал в уголке

Әрқашан күн сөнбесін,

Аспаннан тбұлт төнбесін.

Қасымда болсын мамам,

Болайын мен де аман.

May there always be sunshine

May there always be blue sky.

May there always be mammy

May there always be me.

Әрқашан тілімізді құрметтеп ақын, дана, ата-бабаларымыздың қалдырған аталы сөздерін көңілге түртіп, тіліміздің мерейін асқақтата берейік! Балалар, сендер біздің мемлекетіміздің болашағы. Бүгін жақсы оқып, ертең еліміздің абзал азаматтары боласыңдар. (17 слайд)



  1. Рефлексия

  • Біз бүгін не туралы айттық?

  • Сабақ сендерге ұнады ма? (18 слайд)

  • Сабақ сендерге ұнады ма?Егер сабақ ұнаса көңіл күйі жақсы анимацияны көтересіңдер,егер де сабақ ұнамаса көңілсіз анимацияға көтересіңдер. Рахмет!

  1. Сабақты бағалау

Бағалау парағы бойынша бағаларды айту

  1. Үйге

Тіл туралы нақыл сөздер (19 слайд)
Каталог: uploads -> doc -> 0f8f
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0f8f -> Мазмұндама, эссе жаздыру арқылы, түрлі тақырыптарда оқушылардың сөйлеу мәдениетін дамыту, тіл байлығын сөздік қорын молайту
0f8f -> Сабақтың тақырыбы"Ананың анасы"
0f8f -> Сабақтың түрі: саяхат сабақ
0f8f -> Алматы облысы


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет