Сабақтың тақырыбы: Түйе мен тышқан (монғол ертегісі) Сабақтың мақсаты



Дата28.01.2018
өлшемі29,08 Kb.
түріСабақ
Өскемен қаласы «№33орта мектебі» КММ Копбаева Жулдыз Рысбековна. Бастауыш сынып мұғалімі

Әдебиеттік оқу. 2 «А» сынып. 11.12.2015



Сабақтың тақырыбы: Түйе мен тышқан (монғол ертегісі)
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Ертегінің мазмұны мен идеясын ашу. Мүшел туралы түсінік беру. Оқушыларды талдау, талқылау, салыстыру және қорытынды жасауға үйрету;
Дамытушылық: Оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуі арқылы ойлау қабілетін, тіл байлығын, сөздік қорларын молайту, есте сақтау қабілеттерін дамыту;
Тәрбиелік: Еңбексүйгіштікке, адалдыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Түрі: аралас сабақ
Типі: жаңа білімді меңгерту
Әдісі: сұрақ - жауап, топтастыру, салыстыру, ассосация құру, «Синкуейн» әдісі, «Тірек сөздер арқылы әңгіме», «Балық қаңқасы»
Көрнекіліктері: «Қазақша жыл санау» кестесі, слайдтар, «Балық» кескіні, «Күн шұғылалары» кестесі, сөзжұмбақ, түйе мен тышқан ойыншығы.
Технология: сын тұрғысынан ойлау
Сабақтың барысы І. Ұйымдастыру. 
Психологиялық дайындық
Жаңа ғасыр, жаңа үміт, жаңа арман,
Жақсы тілек, жайнаған күн шық алдан.
Білім деген шалқар теңіз шалқыған,
Тереңіне сүңги алар талпынған.
Мақсат қою. Әрбір адам қандай іске кіріссе де, ісі сәтті аяқталғанын қалайды. Бүгінгі сабағымыз сәтті болуы үшін мынандай мақсаттар қояйық: тыңдай білу, салыстыру, бір жүйеге келтіру, талдау, қорытындылау. Сендер мақсаттарыңа жеткілерің келе ме? Ендеше, сабаққа жақсы белсенді қатысайық.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
Өлеңді дұрыс, мәнерлеп оқу
Сұрақтарға жауап алу
1. Ақынның қуанған, шаттанған көңілін білдіретін өлең жолдарын тауып оқы.
2. Сөзжұмбақты шешу үшін мына сұрақтарға жауап бер.
1. Қазір қай ай?
2. Желтоқсан көтерілісінің құрбаны
3. Алдағы мереке
4. Біз қазақ қандай халықпыз?
5. Жеріміз бар қасиетті киелі, Соғып тұр ғой туған дала......
6. Біз тәуелсіз елдің.....
ІV. Жаңа сабақ. Отанын сүйетін азамат болып өсетіндеріңе сенемін. Сонымен біздің Отанымыз ҚР. Біз басқа елдермен достық қарым - қатынастамыз.
- Сөзжұмбақтағы ерекшеленген әріптерді қоссақ ертегі сөзі шықты?
- Ертегінің неше түрі бар. Сондай дос елдің бірі - Монғолия.
Бүгінгі оқитын ертегіміздің тақырыбын білу үшін мына жұмбақтардың шешуін табайық.
Кезікті бір жануар,
Үстінде екі тауы бар. Түйе
Мысықтан бұл қорқады,
Бұдан тілі қорқады.
Тышқан
1) Ассосация құру. Түйе мен тышқан туралы не білесіңдер?
Сурет бойынша жұмыс.
2) «Тірек сөздер арқылы әңгімі» әдісі.
Ерте - ерте, ертеде, он екінші, жыл, айтыс, келісім, күннің шығуын күту, күннің ең алғашқы шапағы, түйенің өркеші, ызаланып, күлге аунайды, құр қалыпты.
3) Мәтінмен жұмыс
• Дауыстап оқыту
• Талдау
- Ертеде адамдар қандай шешім қабылдапты?
- Түйе мен тышқан не үшін айтысты?
- Олар қалай келісімге келді? Тауып оқы.
(Түйе не істеді? Ал тышқан ше? Күннің ең алғашқы шапағы таулардың
шыңдарына түскенде не болды? Неге тышқан бірінші көрді? Ал ұтылған
түйе не істеді? Содан бері түйе күлді көрсе не істейді екен?)
- Сонымен түйе неге жыл атына ие болмай қалған екен?
- Ертегіден мақтанудың жағымсыз қасиет екенін байқадың ба? Неден?
4) Дәптермен жұмыс
Бойыңа сенбе,... сен.
12 жыл – бір... (Мүшел – уақыттың өлшем бірлігі. Адамның жасын мүшелмен есептеген)
5) Ертегіні сахналау.
6) Қазақша жыл санауды оқыту: Тышқан, сиыр, барыс, қоян, ұлу, жылан, жылқы, қой, мешін, тауық, ит, доңыз.
«Жатқа біл» өлеңін оқыту, жаттап алудың керек екенін ұғындыру.
Түйе сеніп бойына,
Қалған ұмыт жылдардан.
Жатпа қарап, мойыма,
Талма, именіп ділмардан. С. Мұқанов
7) «Балық қаңқасы» ойынын ойнайық. Балықтың денесіне суретке қарап отырып, жыл атауларын ретімен жазып шыққан топ жеңімпаз болады. Кәне, кім жылдам екен?
V. Рефлексия
Мереке
Көңілді, қызықты
Қуантады, тойлайды, табыстырады
Еліміздің тәуелсіздігі тұғырлы болсын!
16 желтоқсан
Тәуелсіз еліміздің болашағы жарқын болып, жылдан - жылға аман - есен жетіп, болашағымыздың жарқын болатынына сенейік.
Тербетіп тұрса болды жыр - бесігім
Дәулеттің тілемеймін көл көсірін...
Көз тимей,
Кірбің түспей қабағыңа,,
Жалғыз - ақ –
Құтты болғай енді осы күн! С. Жиенбаев

ҮІ. Бағалау.
ҮІІ. Үйге тапсырма
: Ертегіні мазмұндау.
Каталог: uploads -> doc -> 0804
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0804 -> Шығыс Қазақстан облысы. Курчум ауданы,Монекей орта мектебі бастауыш сынып мұғалімі:Қасымжанова А. В
0804 -> Сабақтың тақырыбы Аралар мен құмырсқалар- қоғамдық бунаңденелілер Мақсаты
0804 -> Сабақтың тақырыбы: Жыр -опера кино Мұғалімнің аты-жөні : Шинетова Оксана
0804 -> Диктанттар (І сынып) І. Сөз, дыбыс, әріп, сөйлемдер


Достарыңызбен бөлісу:


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет