Бисенова Эльмира Балтабайқызы
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы,
Тайсойған негізгі мектебінің бастауыш класс мұғалімі
Сабақтың тақырыбы: Топырақтың маңызы
Сабақтың мақсаты:Топырақ.Оның қасиеті мен маңызы,құрамы,құнарлылығы жайында түсінік қалыптастыру.
1.Топырақтың табиғаттағы маңызы туралы,олардың түрлері туралы,бүкіл табиғаттағы алатын орнын ұғындыру.
2.Топырақсыз тіршілік болмайтынын меңгерту.Топырақ туралы алған білімдерін өмірде қолдана білуге үйрету.
3.Өз елін,жерін,табиғатын аялауға тәрбиелеу.
Түрі:жаңа сабақ
Әдісі:түсіндіру,сұрақ-жауап,талдау,ойын техн.
Көрнекілігі: тірек-сызбалар,тал суреті,тәжірибеге қажетті құралдар.
Сабақтың өту барысы:І.Ұйымдастыру бөлімі
1.Психологиялық ахуал
Қоршаған орта-табиғат,
Жануар,өсімдік,адамзат.
Сүю,қорғау-парасат,
Білейік мұны –жамағат.
2.Үй тапсырмасын тексеру.
-Қазір қай мезгіл?
-Күз.
-Күз туралы не білеміз?
Сиқырлы қоржындардан сұрақтар алып үйге берілген тапсырманы тексеремін.
1.Су туралы не білеміз?
2.Судың неше күйі бар?
3.Судың қасиеттерін ата.
4.Күнделікті өмірдегі судың маңызы қандай?
5.Су туралы мақалдар айт.
6.Судың түсі қандай?
7.Судың табиғаттағы маңызы қандай?
8.Суда еритін және ерімейтін заттарды ата.
ІІ.Жаңа сабақ.
Сабағымызды сөзжұмбақ шешу арқылы бастаймыз.
1.Айналадағы бізді қоршаған орта қалай аталады?
2.Айналадағы төрт тұстың бірі.
3.Жұлдыздар мекені
4.Адам тіршілігіне қажетті жағдайлардың бірі.
5.Көкжиек тұстарын анықтайтын құрал не?
6.Белгілі бір заттың көлемін кішірейтетін санды не дейді?
7.Есту мүшесі.
Сабағымыздың тақырыбы:Топырақ.
Адам біле бермейді жер қуатын,
Тек топырақ деп атайды оның атын.
Жерден сұра даналық;ізгілікті,
Жер емес пе біздегі ең ұлы ақын.
1.Мұғалім түсіндірмесі:
Жер бетіндегі өсімдік өсетін жұмсақ қабатты-топырақ дейді.
Топырақтың құрамында не бар екендігін білу үшін тәжірибелер жасап көрсетемін.
Достарыңызбен бөлісу: |