Геометрия 8 сынып.
Сабақтың тақырыбы
Төртбұрыш тақырыбына қайталау есептерін шығару
Сабақтың мақсаты мен міндеттері
Оқушылардың төртбұрыштар тақырыбы туралы білімдерін кеңейту. Төртбұрыштардың қасиеттерін есептер шығаруда пайдалана білу бейімділіктерін арттыру.
Есеп шығару барысында ережелерді дұрыс пайдалана отырып есте сақтау және логикалық ойлау, талдау қабілеттерін дамыту;
Оқушылардың ой өрісін, есте сақтау, сызбамен жұмыс істеу қабілеттерін, дағдыларын дамыту;
Өз ойын қорыта отырып, толық жеткізе білуге, ұқыптылыққа, нақтылыққа тәрбиелеп, шығармашылық қабілеттерін жетілдіру.
Оқып-үйренуден күтілетін нәтиже
Білім мен біліктілік:
Төртбұрыштар туралы меңгерген білімдерін еске түсіреді, қайталайды, түсінеді;
Төртбұрыш тақырыбының қасиеттерін есептер шығаруда тиімді пайдалана алады.
Негізгі идеялар
Оқушылардың жас және психолого - физиологиялық ерекшеліктеріне сай білім беру. Өз бетінше жұмыстарын ұйымдастыруда уақытты дұрыс бөлу, тексеруді ұйымдастыру формасын ойластыру
Оқытуда қолданылатын әдіс -тәсілдер
Интерактивті оқыту әдістері:
СТО, ОҮБ, Блум таксономиясы, топтық жұмыс, жұптық жұмыс, жеке жұмыс, оқумен оқытуды бағалау
Ресурстар (дереккөздер)
1. Мұғалімге арналған нұсқаулық.
2. «Геометрия» оқыту әдістемесі. /Ә. Н. Шыныбеков/
3. 8 - сыныпқа арналған «Геометрия» оқулығы /авторлары Ә. Н. Шыныбеков/
4.Бүкібаева К.О, Миразова А.Т.
Геометрия 8 сынып, Есептер мен жаттығулар жинағы;
5. Төлеубаева С.Қ, Жүнісова Г.К.
Геометрия 8 сынып, Есептер жинағы;
6. Бүкібаева К.О. Геометрия 8 сынып, Дидактикалық материалдар;
7. Қайдасов Ж, Хабарова Г.
Геометрия 8 сынып, Дидактикалық материалдар;
8. Қаңлыбаев Қ.И. Математикадан тесттер жинағы;
9. Математика
Сабақтың типі
Білім бекіту сабағы
Сабақтың түрі
Білім мен дағдыны қорытындылау, жүйелеу сабағы.
Сабақта орындалатын тапсырмалар
«Геометрия» оқулығы бойынша берілген есептер, тест кітаптарынан тақырыптық есептер, логикалық есептер, кестемен жұмыс, сызба, толықтыру тесті, семантикалық карта толтыру
Сабақтың эпиграфы
Ой түйін
" Математика пәнінің маңыздылығы соншалық, сондықтан да оны қызықты өткізуге мүмкіндікті жібермеу керек"
француз математигі Блез Паскаль
Сабақ жоспары
Сабақтың этаптары
Оқыту материалының мазмұны
Дидактикалық міндеттер
1. Сабақты ұйымдастыру
сынып оқушыларының назарын сабаққа аудару;
бүгінгі сабақтың мақсатымен таныстыру, оқыту тәсілдерін талдау;
сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.
2. Өтілген материалды қайталау кезеңі
Интер белсенді тақта көмегімен көрсетіледі. Төртбұрыштың дөңес және дөңес емес болып бөлінетінін естеріне түсіру.
Дөңес төртбұрыш Дөңес емес төртбұрыш
Төртбұрыштың түрлерін анықтау кезеңі:
Оқушылар тіктөртбұрыш, параллелограмм, квадрат, ромб анықтамасын, қасиеттерін айтып өтеді.
3. Семантикалық картамен жұмыс
Оқушылар қайталау кезеңін аяқтаған соң , семантикалық карта толтыруды бастайды.
Параллелограмм
Тіктөрбұрыш
Ромб
Квадрат
Қарама-қарсы қабырғалары тең
Барлық қабырғалары тең
Қарама-қарсы бұрыштары тең
Барлық бұрыштары тең
Диагональдары қиылысу нүктесінде қақ бөлінеді
Диагональдары тең
Диагональдары перпендикуляр және бұрыштың биссектрисасы болып табылады
Семантикалық картаның дұрыс жауабы
Параллелограмм
Тіктөрбұрыш
Ромб
Квадрат
Қарама-қарсы қабырғалары тең
+
+
+
+
Барлық қабырғалары тең
+
+
Қарама-қарсы бұрыштары тең
+
+
+
+
Барлық бұрыштары тең
+
+
Диагональдары қиылысу нүктесінде қақ бөлінеді
+
+
+
+
Диагональдары тең
+
+
Диагональдары перпендикуляр және бұрыштың биссектрисасы болып табылады
+
+
Семантикалық картаның дұрыстығын мұғалім тексеріп , әр дұрыс жауапқа 1 балл белгілейді .
Егер карта толық дұрыс болса , 20 баллға ие болады.
4. Практикалық кезең
Бұл кезеңде ортада тұрған 8 бөлікке бөлінген дөңгелекпен жұмыс жасау керек. Әр оқушы осы дөңгелектің үстіндегі барабанды айналдыру арқылы өздеріне тиісті есепті қанжығасына байлайды.
1 бөлім: Дидактикалық материалдардан 5 баллдық есептер
2 бөлім: Дидактикалық материалдардан 4 баллдық есептер
3 бөлім: Есептер жинағынан 3 баллдық ауызша есептер
4 бөлім: Қ.Қаңлыбаев . Математикадан тесттер жинағынан
5 баллдық есептер
5 бөлім: Қ.Қаңлыбаев . Математикадан тесттер жинағынан
4 баллдық есептер
6 бөлім: Қ.Қаңлыбаев . Математикадан тесттер жинағынан
3 баллдық есептер
7 бөлім: Теориялық ауызша сұрақтар- 3 баллмен есептелінеді
8 бөлім: 2000 жылғы тест кітабынан тест тапсырмалары
(әр түрлі баллдық жүйеде)
Дидактикалық материалдан берілген есептер топтамасы төмендегі үлгіде:
№1 Бер: ABCD параллелограмм
BPAD, BKDC
Д/к:
№2 Бер: ABCD параллелограмм
AE, DE - биссектриса
DC=5см
Т/к: PABCD- ?
№3 Бер: ABCD параллелограмм
AB=AK
0
Т/к:
№4
Бер: EFKY- параллелограмм
FP EK, YH EK
Д/к: EP=KH
A
B
C
D
O
Әр бөлімде 10 есептен. Екі оқушы тақтада орындайды. Бір оқушы интер белсенді, екінші оқушы жұмыс тақтасында орындайды.
Қалған оқушылар орындарында отырып орындайды. Шыққан есепті мұғалімге тексертіп, баллдық жүйе бойынша өзінің жауап парағына нәтижесін жазып отырады.
Бағалау: 3 баллдық, 4 баллдық, 5 баллдық жүйеде іске асады.
Осы практикалық кезең аяқталған соң әр оқушы өзінің баллдарынының арифметикалық ортасын анықтайды.
5. Тақырыптың өмірдегі маңыздылығы
Бүгінгі тақырыптың өмірдегі маңыздылығына тоқталу. Сонымен қатар еліміздегі атаулы мерекелік даталарды атап өту.
Қазан айы қарттар айлығы болып саналатындықтан, оқушылар арқылы өзіміздің гимназиядағы қарт ұстаздарды анықтап, сол ардагер ұстаздарға шаттық шеңберінде жылы лебіздерін арнауға ортаға шақырамыз.
Табанының ауданы 25 м2 болатын киіз үйдің ішіне ені 3,5 м,
ұзындығы 5,5 м болатын текемет жаюға бола ма?
Бұл ортада тұрған дөңгелекті оқушылар қоршай киіз үйдің уықтары сияқты тұрып, жіпті бір-біріне тілек айту арқылы лақтырады. Сонда қазақ үйдің шаңырағы сияқты кескін пайда болады. Яғни ынтымақтастық, бірлік, бауырмашылдық деген мағынаны білдіреді.
6. Сабақты
қорыту
1. Сабақтың мақсатқа жетуіне баға қою.
2. Сабаққа жақсы ат салысқан оқушыларды мадақтау.
3.Сабақтың соңындағы оқушының көңіл-күйін анықтау .(рефлексия)
Табанының ауданы 25 м2 болатын киіз үйдің
ішіне ені 3,5 м,
ұзындығы 5,5 м болатын текемет
жаюға бола ма?
Параллелограмм
Тіктөрбұрыш
Ромб
Квадрат
Қарама-қарсы қабырғалары тең
Барлық қабырғалары тең
Қарама-қарсы бұрыштары тең
Барлық бұрыштары тең
Диагональдары қиылысу нүктесінде қақ бөлінеді
Диагональдары тең
Диагональдары перпендикуляр және бұрыштың биссектрисасы болып табылады
Жауабы:
Параллелограмм
Тіктөрбұрыш
Ромб
Квадрат
Қарама-қарсы қабырғалары тең
+
+
+
+
Барлық қабырғалары тең
+
+
Қарама-қарсы бұрыштары тең
+
+
+
+
Барлық бұрыштары тең
+
+
Диагональдары қиылысу нүктесінде қақ бөлінеді
+
+
+
+
Диагональдары тең
+
+
Диагональдары перпендикуляр және бұрыштың биссектрисасы болып табылады
+
+
Достарыңызбен бөлісу: |