Сабақтың тақырыбы: «Тригонометриялық функциялардың қасиеттері мен графиктері»



бет1/2
Дата17.10.2019
өлшемі102,93 Kb.
#50203
түріСабақ
  1   2
Байланысты:
25

«Бекітемін» ______________________

Оқу ісінің меңгерушісі Абдолова Ә

______________________2014 ж

№ 25


Пән: алгебра және анализ бастамалары

Сынып: 10 а

Күні: 27.10.14

Сабақтың тақырыбы: «Тригонометриялық функциялардың қасиеттері мен графиктері» тақырыбына есептер шығару

Сабақтың мақсаты:


  • Білімділік:

    • Тригонометриялық функциялардың периодтылығын пайдалана отырып,графикті салу дағдысын қалыптастыру;

    • Жұп және тақ функциялар ұғымын бекіту.

  • Дамытушылық:

    • талдау, алынған білімді қолдана білу.

  • Тәрбиелік:

    • Оқушылар бойында ұқыптылық, білімге құштарлық,адамгершілік қасиеттеріне тәрбиелеу;

    • Оқушылардың белсенділігін дамытуға жағдай жасау.

Қажетті құрал-жабдықтар:проектор; үлестірме материал;бағалау бетшелері.

Сабақтың жүрісі:

I. Ұйымдастыру

Оқушылар топқа бөлінеді.Синус,косинус,тангенс сөздері жазылған карточкаларды алып топқа бөлінеді.Сабақтың мақсаты айтылады.Әрбір топқа бағалау парпқшалары үлестіріледі. Оқушылар толтырып ,мұғалімге тапсырады.



Бағалау парақшасы



Аты жөні

Теорияны қайталау, «математикалық лото»

Топтық жұмыс

Тест

баға

1

 

 

 

 

 

2

 

 

 

 

 

3

 

 

 

 

 

4

 

 

 

 

 

5

 

 

 

 

 




II. «Теориялық қайталау»

Топтар кезектесіп сұрақ таңдап жауап береді



  1. Функция деген не?

  2. Функцияның анықталу облысы деген не?

  3. Функцияның мәндер облысы деген не?

  4. Қандай функция жұп деп аталады?

  5. Қандай функция тақ деп аталады?

  6. Жұп функцияның графигінің қандай қасиеті бар?

  7. Тақ функцияның қандай қасиеті бар?

  8. Негізгі тригонометриялық функциялардың анықтамасы.

  9. Тригонометриялық функциялардың жұптығы туралы не айтыға болады?

  10. Қандай функция периодты деп аталады?

  11. Синус және косинус функциялары үшін ең кіші оң периоды қандай сан?

  12. Тангенс (котангенс) функциялары үшін ең кіші оң периоды қандай сан ?

  13. Синустың анықталу облысы қандай?

  14. Косинустың анықталу облысы қандай?

  15. Тангенстың анықталу облысы қандай?

  16. Котангенстың анықталу облысы қандай?

  17. Синустың мәндерінің облысы қандай?

  18. Косинустың мәндерінің облысы қандай?

  19. Тангенстың мәндерінің облысы қандай?

  20. Котангенстың мәндерінің облысы қандай?

Тапсырма: Кесте топтарға беріліп тақ (жұп ) функцияны анықтайды.

«Математикалық лото»



Нұсқа 1.

Тапсырма: Жұп функция жазылған ұяшықты бояу керек.



Нұсқа 2.

Тапсырма: Тақ функция жазылған ұяшықты бояу керек.
Критерийлер:

  • 2 ұпай, белсенді емес;

  • 3 ұпай, «математикалық лото» тапсырмасында дұрыс жауап айтса

  • 4 ұпай, сұрақтарға белсенді жауап берген, дұрыс жауап айтқан

III. Тригонометриялық функциялардың графигін салу,топпен жұмыс.

1-топ

1) Бір координаталық жазықтыққа салу y = sin x;   y = 3 sin x;    y = sin x – 2

2) Функцияның анықталу,мәндер облысын ,периодын тауып     у = cos 2x + 3 функцияның графигін салыңдар.



2-топ

1. Бір координаталық жазықтыққа салу y = сos x;   y = cos 2x;        y = cos 2x – 1

2. Функцияның анықталу,мәндер облысын ,периодын тауып     функцияның графигін салыңдар.



 3-топ

1. Бір координаталық жазықтыққа салу y = сos x;     y = – 2 cos x;   y = 3  – cos x

2. Функцияның анықталу,мәндер облысын ,периодын тауып     функцияcының графигін салыңдар.



 Өз тапсырмасын орындап болған соң сынып алдында қорғайды.Топтағы әрбір оқушыны тп мүшелері бағалап , бағалау парағына баға қойылады.

Топтағы жұмыс критерийлері:



  • 3 ұпай, жұмыста белсенді араласқан жоқ;

  • 4 ұпай, өз көзқарасын білдіріп ұсыныс енгізді;

  • 5 ұпай, топта белсенді жұмыс жасап дұрыс шығаруға жұмыстанды

IV. Тест жұмысы

1) егер оқушы материалды «3-ке», білем десе, онда 1– 5 тапсырманы орындайды. 


2) Егер «4»-ке білсе 6 – 7 тапсырма.
3) егер «5»-ке білсе, барлық тапсырманы орындау керек.

Тест 

Нұсқа I

А1. sin мәні: а) б) - ; в) ; г) - .


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет