Сабақтың тақырыбы: Түрік қағанаты Сабақтың мақсаты



Дата25.01.2017
өлшемі0,54 Mb.
#8033
түріСабақ


Айтбенбетова Ақбота Төлебайқызы

Түркістан қаласы, «Шорнақ» жом

Тарих пәні мұғалімі

Сабақтың тақырыбы: Түрік қағанаты

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Түрік қағанатының құрылу тарихын, халқын, шаруашылығын және оның ыдырау себептерін түсіндіру.

Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Өз отанынына деген сүйіспеншілігін арттырып, патриотизмге тәрбиелеу.

Сабақтың әдіс-тәсілі: Сұрақ-жауап, баяндау

Пәнаралық байланыс: Әдебиет, география

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі

II. Жаңа сабақ

Сабақ жоспары

1.Түрік қағанатының құрылуы, жер аумағы

2. Халқы

3. Қағанаттың шаруашылығы

4. Қағанаттың мәдениеті

5.Түрік қағанатының ыдырауы



1. Түрік қағанаты ( 552-603жж.)

542 ж. - «Түрік» атауы алғаш рет қытай деректерінде кездеседі. Қытайлар түріктерді ғұндардың ұрпағы деп санаған.





Түрік қағанатының жер аумағы:

  • Батыста Бумын қағанның інісі Иштеми 10 түмендік күшпен соғдылықтарды жаулады.

  • 555 жылы түріктер Арал теңізіне дейін жетті.

  • Түріктердің Орта Азияны алудағы басты қарсыласы эфталитттер болды. 563-567 ж.ж. эфталиттерді бағындырды.

  • VІ ғ. 70 ж. Солтүстік Кавказ, Қара теңіздің солтүстік жағалауына дейін билік етті.


Теле-түрік тілдес тайпалардың ортақ атауы



Х

А

Л

Қ

Ы



Қытай шежіресі бойынша «теле» сөзінен «түрік» сөзі шыққан.



30-дан аса теле тайпасы болған



Көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығы

Қыстаулары: Іле, Шу, Талас, Ертіс, Сырдария және тау бөктерлерінде орналасқан.

Шаруашылығы


Түрік қағанатының ыдырауы:

  • 581ж. қағанаттың өз ішінде соғыстар басталды.

  • Қытай және басқа елдердің шабуылдары күшейді.


603 жыл қағанат екіге бөлінді



Батыс Түрік қағанаты

Шығыс Түрік қағанаты


III Жаңа сабақты бекіту

«Жұлдызды сәт?» ойыны. Ойынның шарты: Кім сұраққа жылдам, әрі дұрыс жауап берсе жұлдыз беріледі, әрбір жұлдыз бір ұпай саналады.

1. 552жылы Жужань Анағұйын жеңген Бумын алған атақ? (Елхан)

2. Бумын баласы Қара-Еске аварларды қайда жеңді?

(Орхонның жоғарғы жазығында Букрат тауында)

3. Қытайлар түріктерге төлеген салық мөлшері (100 мың теңге, жібек мата)

4. Қытайдың екі жағымен жақсы болуды көздеген түрік билеушісі кім?

(Тобо)

5. Түріктер 6 ғ. қандай елдермен теңесті? (Қытай, Византия, Иран)



6. Түріктер Солтүстік Кавказ бен Қара теңіздің солтүстігіне дейін үстемдік еткен жыл? ( 6 ғ. 70 жылдары )

7. Түрік атауына негіз болған көшпелі тайпа? (Теле тайпасы )

8. Көшпелі және жартылай көшпелі түріктердің қыстаулары қайда болды? (Іле, Талас, Шу, Сырдария, Ертіс)

9. Малшылардың құралдары? (Арқан, көген, желі, бұйда, шылбыр, құрық)

10. Түріктердің алғашқы жерлеу ғұрпы? (Отқа өртеп күлді қойған)

11. Түрік қағанатының екіге бөлінген уақыты ( 603жыл )



12. Каспий теңізінен Солтүстік Үндістан мен Шығыс Түркістанға дейінгі аумақты мекендеген тайпалар? (Эфталиттер)

ІV Бағалау: Сабаққа белсенді түрде қатысқан балалардың білімдерін саралап бағалау

V Үйге тапсырма: Бумын қаған туралы қосымша әдебиеттермен танысу.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет