Сабақтың тақырыбы: Түріктер туралы тарихи деректер Мұғалімнің аты-жөні



бет4/5
Дата22.09.2022
өлшемі282,86 Kb.
#150443
түріСабақ
1   2   3   4   5
Байланысты:
mzh.-trkter-turaly-tarihi-derekter 3

«Жетістік» баспалдағы.


Кері байланыс парағы. «Жетістік» баспалдағы.

Қосымша ақпарат

Саралау – Сіз қосымша
көмек көрсетуді қалай
жоспарлайсыз? Сіз
қабілеті жоғары
оқушыларға тапсырманы
күрделендіруді қалай
жоспарлайсыз?

Бағалау - Оқушылардың
үйренгенін тексеруді
қалай жоспарлайсыз?

Пəнаралық байланыс
Қауіпсіздік жəне еңбекті
қорғау ережелері
АКТ-мен байланыс
Құндылықтардағы
байланыс

Рефлексия
Сабақ / оқу
мақсаттары
шынайы ма?
Бүгін оқушылар
не білді?
Сыныптағы ахуал
қандай болды?
Мен жоспарлаған
саралау шаралары
тиімді болды ма?
Мен берілген
уақыт ішінде
үлгердім бе? Мен
өз жоспарыма
қандай түзетулер
енгіздім жəне
неліктен?

Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз.
Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сəйкес
келетін сұрақтарға жауап беріңіз.

Қорытынды бағамдау
Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1:
2:
Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1:
2:
Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды
жетілдіруге көмектесетін не білдім?




Сабақтың тақырыбы:
Түріктер туралы тарихи деректер

Мұғалімнің аты-жөні:
Күні:

СЫНЫП: 7



Қатысқан оқушылар саны:



Қатыспаған оқушылар саны: 0

Сабақ негізделген оқу мақсаттары

6.2.2.3 – көшпелілердің әскери өнеріндегі жетістіктерін сипаттау;
6.4.1.2 – көшпелілердің шаруашылық өмірінің ерекшеліктерін анықтау;

Сабақ нәтижесі:



Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды. Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді.
Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады:
Топтық жұмысты брлесе орындайды.Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша үлестірме ресурстармен жұмыс жасайды.
Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады:
Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады.

Бағалау критерийі

Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.

Тілдік құзіреттілік

Түріктер туралы тарихи деректер



Ресурстар

Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар және әртүрлі заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.

Пәнаралық байланыс

Музыка, қазақ тілі.

Алдыңғы оқу

Түріктер туралы тарихи деректер

Сабақтың жоспары

Жоспарланғануақыт

Сабақ барысы :

Бағалау түрлері

Басталуы
5 минут

Бағалау парақшасымен таныстыру
Топтарға бөлу.



Психологиялық ахуал қалыптастыру:
«Аялы алақан»
Мақсаты: жылылық, сенімділік деңгейін, еркіндікті дамыту.
Нұсқаулық: қатысушылар шеңбер болып отырады. «Бүгінгі сабақтан не алғыңыз, не көргіңіз келеді?» — сұрағын оқушыларға қойып, сұрақтарға жауап алу. Бастапқы қатысушы жанындағы көршісінің қолын ұстайды. Тренинг шеңбер бойымен жалғасады. (Тренинг соңында қатысушылар дөңгеленіп қолдарын ұстайды)

Оқушылар қорапшадан өздеріне ұнайтын түске сай маркерлер алады.


«Аялы алақан»
Тренинг.

Жаңа білім
10 минут

Білу және түсіну
Берілген мәтіндерді балалар оқып алады.

«Көшбасшы және тыңдаушылар» әдісі
Берілген жаңа тақырыпты түсіндіру үшін сыныптан өз еркімен бір оқушы Көшбасшы ретінде өзін ұсынады. Көшбасшының қалауынша мәтінмен жұмыс жүргізу.



Оқулық,
мәтіндер.
«Көшбасшы және тыңдаушылар» әдісі



Ортасы
10 минут

Қолдану
Енді «Түрік» атының қалай пайда болғаны туралы «Сюй патшалығының тарихы» деп аталатын жылнаманың 84-тарауында тағы да бір аңыздың мәліметін айтуға болады. Уи деп аталынатын патшалықтың Тай-у деген ханы Құтқұ нәсілдерді жойғанында, Ашна тұқымындағылардан 500 үй жужандар жеріне барып, Алтын тауда (Алтай тауы) ұзақ уақыт тұрып теміршілікпен айналысқан екен. Алтын таудың көрінісі түрке секілді болғандықтан, олар «түрік» деп аталыпты.
Әңгімеміздің басында сөз етілген Ашина тайпасы VI ғасырдың ортасына жуық жужандардың бақылауында болыпты. Бірақ та 545-547 жылдары Бұмын басқарған түрік тайпаларының одағы Түрік қағанатын құрады.
Жаңа құрылған қағанаттың батыста Днепр өзенінен шығыстағы Амур өзеніне, Солтүстікте Енисейден Тибет қыраттарына дейінгі аралықтағы үлкен территорияда мекендеген халықтардың басын қосқан тұңғыш ірі мемлекет болды.
Бұмын 545 жылы бірінші рет қытайлармен жеке мәмілегерлік қатынас орнатыпты. Сол дәуірде Солтүстік Қытай Шығыс Вэй және Батыс Вэй патшалықтарына бөлініп, өзара соғысыпты. Шығыс Вэй империясы жужан және тоғон хандығымен одақтасып, Батыс Вэй империясын қатты қыспаққа алады. 545 жылы Батыс Вэй достық қатынас жасау үшін түрік билеушісіне елшілік жібереді. Халқының ырқына көнген Бұмын өздеріне билік ететін жужан ханының жауымен байланыс орнатып, Батыс Вэй астанасы Чанъаньға елшілігін аттандырады. Одан бөлек түріктер жужандарға темір қорытып беруді жүргізе беріпті. Ақырындап нығайып алған Бұмын 546 жылы өзінің қожайыны – жужан ханы Анахуанға қарсы шайқасқан 50 мың түтін ұйғырларды талқандап, өзіне қосып алады. Осы жылы телеуіттердің жужандарға қарсы жорыққа шыққан 50 мың атты әскері Бұмын 
әскеріне күтпеген жерден жолығып қалып, амалсыздан олардың қол астына өтеді. Енді ол жужандардан тәуелсіздік алу үшін соғыс бастауға сылтау іздеген болатын. Анахуанға қызын өзіне беруді сұрап елші жібереді. Бұған жужан ханы қатты намыстанып, ашулы жауап қайтарады, сөйтіп соғыстың болуына түрткі болады.
Түріктердің ханы Түмен (Бұмын) жужан қағаны Анағұйға (Анахуан) қызын айттыруға кісі салғанда, Анағұйдың: 
«Сен – менің темірімді балқытатын құлымсың, бұл талапты қоюға қайтіп батылың барады», – деп шамдануы «Жу патшалығы тарихы. Түрік тарауында» айтылады.
551 жылы Бұмын қытайдың Батыс Вэй патшалығының ханшайымын алады, осы жылы Бұмын «қаған» титулын иеленіп, түрік тайпаларын біртұтас мемлекетке біріктірген еді. Дәл осы жылдың қысында соғысқа аттанып, жужан хандығына ойсырата соққы береді. Бұмын «ильхан» («Елхан») лауазымын иеленеді, алайда ол 552 жылдың соңында дүниеден өтеді. Одан кейін таққа Бұмынның баласы Қара Ыссық қаған келеді. Ол тайталасты тоқтатпаған жужандарды талқандайды. Көп ұзамай Қара Ыссық қаған қайтыс болады. 553 жылы билікке Бұмынның тағы бір баласы Мұқан қаған келіп, түрік одағын империяға жеткізеді.
Мұқан қаған жужандармен соғысты аяқтап, Сары теңізге дейін жеткен еді. 556 жылы қытай мен түріктердің біріккен әскері тоғондар еліне шапқыншылық жасайды. Мұқан қағанның інісі Естемір Орталық Азия, Жетісу және Хорезмді бағындырып, Арал теңізіне жетеді. Біраз уақыт өткен соң түріктерге хазарлардың қалдықтары, бұлғар-утурғуттар (Солтүстік Кавказда), қидандар (Маньчжурияда) және соғдылар бағынады. Осылайша Ұлы Түрік империясы құрылады.
Сөйтіп, Түрік қағанатының сол уақыттардағы дүние тарихында алатын орны орасан зор болды. Батысында Византия, оңтүстігінде Парсы елі, Үндістан, ал шығысында Қытаймен шектесіп жатқан алып мемлекет еді. Ғұн империясымен салыстырғанда ауқымы жағынан ғана емес, экономикасы жағынан да күшті болды. Себебі, түріктер Қытайдың еуропа алтынына айырбастауға ағылған жібегін тасымалдайтын Жібек жолына бақылау орнатқан болатын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет