Басталуы
5 минут
|
Бағалау парақшасымен таныстыру
Топтарға бөлу.
Психологиялық ахуал қалыптастыру:
«Аялы алақан»
Мақсаты: жылылық, сенімділік деңгейін, еркіндікті дамыту.
Нұсқаулық: қатысушылар шеңбер болып отырады. «Бүгінгі сабақтан не алғыңыз, не көргіңіз келеді?» — сұрағын оқушыларға қойып, сұрақтарға жауап алу. Бастапқы қатысушы жанындағы көршісінің қолын ұстайды. Тренинг шеңбер бойымен жалғасады. (Тренинг соңында қатысушылар дөңгеленіп қолдарын ұстайды)
|
Оқушылар қорапшадан өздеріне ұнайтын түске сай маркерлер алады.
«Аялы алақан»
Тренинг.
|
Жаңа білім
10 минут
|
Білу және түсіну
Түрік қағанаты туралы деректер. Қазақстан және көршілес аймақтардың ортағасырлық этникалық тарихы түркілер тарихымен байланысты. Қазақстан жерінде түркітектес, түркітілдес тайпалардың көне заманда да болғанын ескереміз. Бірақ нағыз түркілердің этникалық тарихы V ғасырдан басталады. Егер түрік деген атау V ғасырдан бастап пайда болса, онда: «Одан арғы дәуірлердегі тайпаларға қалай түркі тектес, түркітілдес деген сипат береміз?» деген заңды сұрақ тууы мүмкін. Мұны былай түсіну керек. V— VIII ғасырлардың арасы — түркі тайпаларының пайда болып, қалыптасу дәуірі. Ал Алтай тіл тобына жататын түркі тілінің пайда болуы түркі атын алған кейінгі тайпалардан кемінде 1 мың жыл бұрын болған. Көне түркі тайпалары — Орталық Азиядағы, одан тыс жатқан кейінгі түркітілдес халықтардың ататегі. Ежелгі түркі халықтары қоныстанған жерлер бүгінде Қытай Халық Республикасының аумағына қарайды. Ұлы Қытай қорғанының солтүстігіндегі далалық аумақты көк түріктер мекендеген делінеді. Қазір де осы өңірде көк түріктерден қалған жұрнақ ұйғыр, қазақ, қырғыз сияқты халықтар тұрады.
Оның үстіне, ежелгі түркілердің тарихы — қазақ тарихының да бастау көздерінің бірі саналады. Себебі түріктер құрған Түрік қағанатының батыс бөлігі қазіргі Қазақстан аумағын құрайды. Қазақстан тарихында бұл мерзім «Түрік дәуірі» (VI—XIII ғғ.) немесе қазақ мемлекеттілігінің түркілік кезеңі деп аталады. Ендеше Қазақстан тарихының сол айтулы түрік дәуірі қазақ этногенезі мен мемлекеттілігінің, материалдық және рухани мәдениетінің қалыптасып дамуында ерекше басым орын алады. Бұл тайпалар тек қазақ халқының ғана емес, қазіргі бүкіл түрік халықтарының тілінің, әдет-ғұрып, салт-саналарының, дүниетанымының қалыптасуына әсер етті.
Б.з. I—X гасырлар аралығы Орталық Азияның түркі, моңғол, манчжур тайпалары өз ішінен бір-бірімен соғысып, жеке-дара ел болып, мемлекет орнату жолындағы күрес заманы еді. Осы оқиға қытайдың әулеттік шежірелерінде де, мұсылман әлемінің саяхатшылары мен тарихи түпнұсқаларында да кеңінен орын алып, тарихи оқиғалар жазба дерекке түсті.
.
Түркі өркениетінің тамыры терең тарихын зерттеуде қолда бар оның төлтума жазба көне тас ескерткіштері, сонымен қатар М.Қашғари сөздігі, мұсылман авторлары деректері бар. Әсіресе мазмұны мен көлемі жағынан қытай деректерінің орны ерекше. Қытайдың «Көне Тақ кітабы», «Жаңа Тақ кітабы» сияқты тарихи деректер мен Күлтегін, Білге қаған, Тоныкөк ескерткіштеріндегі мәтіндер қазақ мемлекеттілігінің көнетүркілік кезеңін тануға көмектеседі. Бұл тақырыпты зерттеген Дания университетінің профессоры В.Томсон, орыс ғалымдары Н.Я. Ядринцев, В.Радлов, В.П. Васильев, т.б. көне түркілер тарихын зерттеудің дәстүрін қалыптастырды. Кейіннен бұл дәстүрді А.Г. Малявкин, С.Е. Малов, С. Кляшторныйлар жалғастырды. Қытай ғалымдарының да түркітану аясындағы жүргізген еңбектерінен құнды деректер алуға болады. Олардың көне түркі халықтарының тарихы туралы зерттеулерінің ғылыми маңызы зор.
Әлемдік түркітанушылар мен қытайтанушылардың назарына іліккен деректерді атасақ, олар: Рашид ад-Диннің «Жылнамалар жинағы», Ибн Хордадбектің «Жолдар мен мемлекеттер кітабы», Ибн-Халдунның еңбектері, Ата-Малик Жувейнидің «Әлем жаулаушысының тарихы». Қытайдың Юаньши (Моңғол империясының тарихы), М.Қашғаридың «Дивани лұғат ат-түрік», Ю.Баласағұнның «Құтадғу білік», Әбілғазы Баһадүрдің «Түрік шежіресі», «Оғузнаме» сияқты тарихи деректер де мол мәлімет береді.
|
Достарыңызбен бөлісу: |