Сабақтың басы
2 мин.
3 мин.
5 мин.
2 мин.
|
Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу, түгендеу.
Жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру.
(Ұ) «Гүлмен тілек» әдісі. Оқушылар шеңбер бойымен тұрып гүлді алақандарына салып, бір-біріне тілек айтады, бір-бірінің көңіл күйін көтереді.
Топтастыру:
Оқушылар жеміс ағашынан өзіне ұнаған жемісін таңдап топқа бірігеді. Алма жемсін таңдағандар «Түстер» тобына, Алмұрт жемісін таңдағандар «Робот» тобына бірігеді.
Миға шабуыл!
(Ж)«Сұрақтар қобдишасы» әдісін қолдану арқылы сұраққа жауап беру. Ортаға нөмірлер жазылған қобдиша қойылады. Оқушылар кезектесіп қобдишадан бір нөмір алады да, интерактивті тақтадан сол нөмірдің сұрақтарына жауап береді.
Қазақ салт – дәстүрінде (киімдер, бұйымдар және т.б.с.с) қандай түстердің орны ерекше (1-сурет)? Мысалдар келтір.
Қалай ойлайсың Робот адам сияқты түс, жарықты ажырата ма?
Күнделікті өмірден саған датчик ұғымы таныспа? Не үшін қолданады деп ойлайсың?
Робот бағдаршам түстеріне қарай жол ережесін сақтай отырып, қозғалуы мүмкін бе (2-сурет)?
Бағалау: Оқушылардың жауап беруіне сәйкес «Күлегештермен» бағалаймын
Жаңа сабақ.
(Ұ) «Бруннердің бейнелік білім беру» әдісі бойынша интерактивті тақтадан «Түс датчигі»тақырыбы бойынша бейнеролик тамашалайды.
(Д)«Эйлер шеңбері» әдісі арқылы оқушылар бейнероликтен түсінгендерін тақтаға жазады, ауызша өз ойын айтады.
|