Химия пәні бойынша өзіндік жұмыс жоспары
I тоқсан
Күні 29.09.20
Сабақтың тақырыбы: Тұздар гидролизі
Оқу мақсаты:
9.3.4.3-орта тұз ерітіндісінің ортасын тәжірибе жүзінде анықтау
9.3.4.4 -орта тұз гидролизінің теңдеуін молекулалық және иондық түрде құрастыру
9.3.4.5 -орта тұз ерітіндіcінің реакция ортасын болжау
Қысқаша тезисті конспект:
Оқулық беттеріне, Интернет-ресурстарға сілтеме:
https://www.youtube.com/watch?v=rqvXJNubyb8&list=PLCZ6Ox1-6l5KzybKjyyzFsN2lLXTBDIEq&index=7
Оқулық беттері: 40 бет, Мектеп баспасы
Оқушыларға арналған тапсырмалар:
тапсырма
1. Қай тұздар гидролизге ұшырайды? Олардың гидролиз теңдеулерін жазу керек: K2SO4, Na2Se, BaS, LiCl, NH4NO3, ZnCl2, K2SO3, Na3PO4, HCOOK, NH4ClO4, KBrO, CuSO4, Bi(NO3)3.
2. Мына тұздар ерітінділерін бір-бірінен индикатор арқылы ажыратуға бола ма: NaClO4 және NaClO; KClO3 және NaAsO3; BeCl2 және BaCl2; KJ және NH4J; Na2CO3 және Zn(NO3)2?
3. Орта тұздарға қарағанда гидро- не гидроксотұздар гидролизге көбірек ұшырауы мүмкін бе? Мысал келтіріп, түсіндіріңдер.
Қандай тұздар гидролизге сатылап түседі? Саты саны неге байланысты және гидролиз интенсивтігі бірінші сатыдан соңғы сатыға қарай қалай өзгереді?
Кері байланыс: орындалған тапсырма электронды пошта арқылы жіберіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |