Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде ойлануды дамыту.
Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады, есте сақтау қабілеті дамиды.
Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.
|
Интерактивті тақта, оқулық.
|
Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу.
31 мин.
|
Мәтін тыңдатылады.
Тыңдалған мәтін мазмұны негізінде сұрақтар қойылады. Қарқыны баяу оқушыларға жетелеуші, түрткі сұрақтар қояды. Қарқыны жылдам оқушыларға бағыттаушы сұрақтар қойылады.
|
Айтылым: Тиімділігі: Бұл тапсырманы орындау арқылы оқушының сыни ойлана білуге, өз ойын еркін жеткізе алуға, өзгенің пікірін құрметтеу керектігіне дағдыланады.
Топтық жұмыс:
Су толтырылған
құтыдағы сөздерге қажетті жұрнақтар жалғау арқылы туынды сөздер жасайды.
|
Айтылым
Дескриптор:
- Мәтін мазмұнына қатысты ойын еркін жеткізеді;
- Тақырып аясында ой бөліседі.
Жалпы - 2 балл.
Дескриптор:
- Құтыдан түбір сөздерді табады.
- Түбір сөздерге тиісті жұрнақтарды жалғайды.
- Жаңа туынды сөздер жасайды.
Жалпы - 3 балл.
|
Су толтырылған құты, жұмыс дәптерлері.
|
Жеке жұмыс
|
Туынды сөздерді қатыстырып, 3 сөйлем құрайды.
Қарқыны баяу оқушыларға 1 сөйлем құрауға тапсырма беріледі.
|
Жазылым: Тиімділігі: Бұл тапсырманы орындау арқылы оқушы сауатты, қатесіз жазуғаға, өз ойын дәптерге түсіруге дағдыланады.
Тыңдалған мәтіннің мазмұнына сәйкес сөйлем құрауға жаттығады.
|
Дескриптор:
Жалпы - 3 балл.
- Туынды сөздерді пайдаланып, уақыт туралы сөйлем құрайды.
|
Оқулық, жұмыс дәптерлері.
|
Сабақтың соңы
Ой толғаныс.
Рефлексия
7 мин.
|
|