Сабақ:
|
Мектеп: №142
|
Күні: 03.05.2017 ж.
|
Мұғалімнің аты-жөні: И. Сүтенова
|
Сынып: 10
|
Қатысқандар саны: 4
|
Қатыспағандар саны:
|
Сабақтың
тақырыбы:
|
Украина Республикасы
|
Сабаққа
негізделген оқу мақсаты
|
Украина Республикасының қалыптасу тарихы, табиғат ресурстары,халқы, өнеркәсібі, ауыл шаруашылығының салалары туралы білу;
|
Сабақтың мақсаттары
|
Барлық оқушылар істей алады:
|
. географиялық орны, астанасы, ұлттық валютасы,мемлекеттік тілі, заң шығарушы органы, қай елдермен шектесетіндігін атап көрсетеді;
|
Оқушылардың көпшілігі істей алады:
|
. климаты, қалыптасу тарихы, елдің табиғи-ресурстық мүмкіншіліктері, ауыл шаруашлығының жетекші, маманданған салаларын атайды.
|
Кейбір оқушылар істей алады:
|
- елдің табиғи ресурстық мүмкіншіліктері жайлы тың мәліметтер ұсына алады;
|
Бағалау критерийлері
|
Географиялық орын, шекарасы
экономикалық жағдайы
Елдің табиғи- ресурстық мүмкіндіктерін жобалайды.
|
Пәнаралық байланыс
|
Тарих, биология, экология, экономика
|
Тілдік мақсат
|
Оқушылар:
Не істей алады?
Географиялық орнын картадан көрсетеді;
Табиғат жағдайларын сипаттай алады;
Маманданған салаларын анықтайды;
|
Негізгі сөздер мен тіркестер (пәнге арналған сөздік және терминология):
|
Киев Русі, гуцулдар, бойкалар, лемкалар, Донецк, Кировой Рог, Мариуполь, Запорожье.
|
Сыныптағы диалог/ жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер
|
Талқылауға арналған сұрақтар:
|
- Ел аумағында табиғат жағдайларының сипаттама беріп көріңізші.
- Украина еңбек ресурстарымен қалай қамтамасыз етілген?
Неліктен екендігін айта аласыз ба?
- Украинада отын- энергетика саласы неге басым дамыған?
Неліктен?
- Ауыл шаруашылығының зоналық мамандану сипаты неден көрінеді?
Нақты мысал келтіре аласыз ба?
|
Тыңдалым мен оқылым бойынша ұсыныстар:
|
«Украина – Шығыс Европадағы ірі мемлекет» бейнекөрінісі, ғаламтор материалдары.
|
Алдыңғы оқу
|
Белоруссияның географиялық орны, қалыптасу тарихы, табиғат ресурстары, шаруашылығы, өнеркәсібі, сыртқы экономикалыық байланыстары.
|
Жоспар
|
Жоспарланған уақыт
|
Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар ескертпелерді жазыңыз
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
|
1 мин
2 мин
2 мин
|
1. Ұйымдастыру кезеңі
2. ( Т ) Суреттер (Карпат тауы, Днепр өзені) қиындылары арқылы сынып оқушылары топқа топтастырылады және жаңа тақырыптың оқу мақсатымен таныстырылады.(БК)
- құрастырғанда қандай суреттер пайда болды?
-бұл суреттерде не бейнеленген? Олардың айырмашылықтары мен ұқсастықтары қандай?
3. (О.Т)Үй тапсырмасы:
Сәйкестендіру тесті.
Ең ірі көлі
|
Минск қыраты
|
Ең ірі ойпаты
|
Минск, Витебск, Могилев
|
Ел аумағындағы қалың орман
|
Нарочь
|
Ең биік нүктесі
|
Беларусь полесьесі
|
Ірі мегаполистері
|
Беловеж нуы
|
|
сурет қиындылары
Сәйкестендіру тесті
|
Сабақтың ортасы
|
5 мин
5 мин
10 мин
6 мин
8 мин
|
1. ( Ұ)Ой қозғау
Украинаның астанасы қалай аталады?
Географиялық орнын каратдан көрсетіңіздерші?
Сіздер Украина жайлы жалпы білетін мәліметтеріңізді айтып беріңіздерші?
3.( М.К) «Украина – Шығыс Европадағы ірі мемлекет» бейнекөрінісін көрсету.
- Сонымен Украина қай мемлекеттермен шектеседі екен?
- Қандай ірі өзендері бар екен? Картадан көрсетіп бере аласыздар ма?
- Басты маманданған салаларын айтып беріңіздерші?
4. (Ж.)« Оқы жұптас талқыла» әдісі
1. Географиялық орны, қалыптасу тарихы.
2. Табиғаты мен табиғат ресурстары
3. Халқы
4. Шаруашылығы.Ішкі айырмашылықтары
4. (Ө) Берілген мәліметтерге сүйене отырып, Украинаның жалпы ішкі өнімінің салалық құрылымына диаграмма құру.
46%
38%
16%
1. ЖІӨ өнеркәсіп үлесі – 38%
2. қызмет көрсету саласы- 46%
3. ауыл шаруашылығы- 16 %
5.(Ө) «Егер мен..» ойыны –арқылы жаңа сабақ аясында сұрақ-жауап алмасып диалогқа түседі, оқушылар тақырып бойынша өз қорытындыларын жасайды.
|
Интербелсенді тақта,слайдтар
бейнежазба
А3 форматты
Парақ, маркер
Циркуль, қарындаш
|
Сабақтың соңы
|
5 мин
1 мин
1 мин
|
(ҚБ)Рефлексия: Шолиер табақшалары
(білу, түсіну, қолдану)
Бағалау
Үйге тапсырма: «Украина халқының мәдениеті мен дәстүрлері» тақырыбына хабарлама дайындау
|
қорапшалар
|
Қосымша ақпарат
|
Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жопарлайсыз?
|
Бағалау – Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?
|
Пәнаралық байланыстар, қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері, АКТ-мен байланыс. Құндылықтардағы байланыс
|
|
|
|
Рефлексия
|
Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.
|
- Сабақ/оқу мақсаттары шынайы ма?
- Бүгін оқушылар не білді?
- Сыныптағы ахуал қандай болды?
- Мен жоспарлаған саралау
шаралары тиімді болды ма?
- Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе?
- Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?
|
Бүгінгі сабағым География пәні бойынша 10- сыныпқа – «Украина» тақырыбы. Оқыту мақсатым - Украина Республикасының қалыптасу тарихы, табиғат ресурстары,халқы, өнеркәсібі, ауыл шаруашылығының салалары туралы білу . Сабақ мақсатына сай құрылымдалған жоспар бойынша бірінші, үй тапсырмасын сұрау барысында оқушыларға сәйкестендіру тестін алдым. Онда мынадай сұрақтар бар болатын :Елдің ең нулы орманы – Беловеж нуы. Ең ірі ойпаты – Беларусь полесьесі т.б .деген сұрақтар. Оқушылар тестті жылдам орындап шықты.
Мақсатқа сай Украина Республикасының қалыптасу тарихы, табиғат ресурстары,халқы, өнеркәсібі, ауыл шаруашылығының салалары туралы, оның ішінде қалыптасу тарихы, ресурстары, шаруашылығын түсіндіру мақсатында «Украина – Шығыс Европадағы ірі мемлекет» бейнебаянын көрсетіп алдым, сонымен қатар өнеркәсібін саралау мақсатында Украинаның жалпы ішкі өнімінің салалық құрылымына диаграмма құрғыздым. Ал, «Егер мен..» ойыны –арқылы жаңа сабақ аясында украина халқының мәдениеті, ұлттық құрамы жайлы сұрақ-жауап алмасып диалогқа түсті, тақырып бойынша қорытынды жасады.
Сынып оқушыларының жалпы сабаққа қызығушылығы жақсы болды. «Миға шабуыл» әдісін кезеңінде Н, Ә, А есімді оқушылар Украина жайлы алдыңғы білетін білімдерін жеткізе білді. Олар ел астанасы – Киев қаласы екендігін, ол мемлекет те бұрын біздің еліміз сияқты КСРО ның құрамында болғанын, бізбен одақтас ел болғандығын, 1986 жылы сәуір айында сол елдің Чернобыль атом электр станциясында ең ірі апат болып көптеген адамдар зардап шеккендігін жеткізді. Сонымен қатар, Днепродзержинскіде елбасымыз Н. Назарбаевтың студенттік шағы өткендігін атап өтті. Ал, А есімді оқушы «Оқы жұптас талқыла» әдісі кезеңінде баяулық танытты және Украинаның жалпы ішкі өнімінің салалық құрылымына диаграмма құру кезеңінде қателесіп кетті.
Саралау шараларына келсем, «Оқы жұптас талқыла» әдісі барысында оқушылар алдымен тақырыпты оқып алып бір-біріне мысалы, Н есімді оқушы А есімді оқушыға Украинаның географиялық орны мен қалыптасу тарихы жайлы өз түсінгені бойынша айтса, А есімді оқушы оған елдің табиғат ресурстары жайлы өз білгенін айтып отырды. Одан соң жұптар өз білгендерін «Украина» тақырыбындағы постер бойынша қорғап шықты. Н, Ә есімді оқушылар өз белсенділіктерін таныта білді.
Мен берілген уақыт ішінде өз мақсатыыма жеттім.
«Оқы жұптас талқыла» әдісі барысында оқушылар алдымен тақырыпты оқып алып бір-біріне мысалы, Н есімді оқушы А есімді оқушыға Украинаның географиялық орны мен қалыптасу тарихы жайлы өз түсінгені бойынша айтса, А есімді оқушы оған елдің табиғат ресурстары жайлы өз білгенін айтып отырды. Одан соң жұптар өз білгендерін «Украина» тақырыбындағы постер бойынша қорғап шықты. Н, Ә есімді оқушылар өз белсенділіктерін таныта білді.
Оқушыларға Өзіндік жұмыс барысында дәптерлеріне берілген мәліметтерге сүйене отырып, Украинаның жалпы ішкі өнімінің салалық құрылымына диаграмма құру тапсырылған болатын.Олар циркульдің көмегімен елдің ЖІӨ өнеркәсіп үлесі – 38%, қызмет көрсету саласы- 46% , ауыл шаруашылығы- 16 % -деп дәптерлеріне диаграмма сызды.
«Егер мен..» ойыны –арқылы жаңа сабақ аясында сұрақ-жауап алмасып диалогқа түсті, тақырып бойынша қорытынды жасады.
Мысалы:- Егер сен Украинаға саяхатқа барсаң қай жерлерін аралар едің
- Мен алдымен жанға жайлы Қырым курорттарына барар едім. Одан соң елбасымыздың жастық шағы өткен Днепродзержинск техникалық училищесіне барып ондағы Н.Назарбаевтың жүріп өткен жолдарынан сыр шертетін естеліктермен танысар едім.т.с.с
Сабақты қорытындылау мақсатында Білу
Бүгін мен................................... білдім
Түсіну
Бүгін мен ................................... түсіндім
Қолдану
.................................................... есептерді шығара алатын болдым, қолданаламын.
|
Қорытынды бағамдау
|
Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да оқуды да ескеріңіз)?
1. «Оқы жұптас талқыла» әдісі барысында оқушылардың өзара ынтымақтасып, жұптасып жұмыс жасағаны
табысты болды.
2.
Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да оқуды да ескеріңіз)?
1. «Егер мен..» ойыны –арқылы жаңа сабақ аясында сұрақ-жауап алмасып диалогқа түсіп, тақырып бойынша қорытынды жасағаны сабақты жақсарта алды.
Мысалы:- Егер сен Украинаға саяхатқа барсаң қай жерлерін аралар едің
- Мен алдымен жанға жайлы Қырым курорттарына барар едім. Одан соң елбасымыздың жастық шағы өткен Днепродзержинск техникалық училищесіне барып ондағы Н.Назарбаевтың жүріп өткен жолдарынан сыр шертетін естеліктермен танысар едім.т.с.с
2.
Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?
|