Сабақтың тақырыбы: Векторлар арасындағы бұрыш. Векторлардың скаляр көбейтіндісі



Дата07.02.2022
өлшемі177,31 Kb.
#94319
түріСабақ
Байланысты:
10.11.2020. Ғазиз Т.М. ҚМЖ, КИП-20-9, Геометрия.




Мекеме: Ә.Мусин атындағы БГТК

Пәні: Геометрия

Мерзімі: 10.11.2020

Оқытушы: Ғазиз Т.М.

Курс: І
Топ: КИП-20-9

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспаған оқушылар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Векторлар арасындағы бұрыш. Векторлардың скаляр көбейтіндісі

Оқу бағдарламасына сілтеме:

10.3.4.8 кеңістіктегі векторлардың скаляр көбейтіндісінің анықтамасын және қасиеттерін біледі;
10.3.4.9 векторлардың скаляр көбейтіндісін есептер шешуде қолданады;

Сабақтың мақсаты:

Оқушылар векторлардың скаляр көбейтіндісін біледі, табады, қолданады.

Бағалау крийтерийлері

Оқушы:

  1. векторлардың скаляр көбейтіндісінің анықтамасын біледі,

  2. координаталармен берілген векорлардың скаляр көбейтіндісін табады,

  3. айтылғандарды есеп шешуде қолданады.

Тілдік мақсаттар

Векторлармен жүргізілетін операцияларды сипаттау үшін үш өлшемді кеңістік тілін пайдалану. Скаляр көбейтіндінің мәніне қарасты бұрыштың түрін негіздеу.
Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:
векторлар арасындағы бұрыш...
егер векторлардың скалярлық көбейтіндісі нөлге тең болса, онда...
Пәнге қатысты лексика мен терминология
Вектор координаталары, бұрыш, вектор ұзындығы, скаляр көбейтінді.

Құндылықтарды дарыту

  • Оқушыларда өз бетімен жұмыс істеу мәдениетін дамыту, ұйымшылдыққа үйрету, бірін-бірі сыйлау

  • Өзіне және айналадағы адамдарға құрмет

  • Оқылатын материалға сыни қарау арқылы оқуға құштарлыққа баулу

Пәнаралық байланыстар

Физика, геометрия

АКТ қолдану дағдылары

Сабақты талдау барысында ActiveInspire бағдарламасы қолданылады.

Алдыңғы білім

Кеңістікте вектор координаталары, вектор ұзындығы. Векторларға амалдар қолдану.




Сабақ барысы

Сабақтың кезеңдері

Сабақта орындалатын іс- әрекеттер

Оқыту ресурстары

Басы



Амандасып, студенттерді түгендеу
Сабақ тақырыбы және оқу мақсатымен таныстыру




Ортасы



10 мин. Векторлардың скаляр көбейтіндісі туралы мағлұмат алу. Топпен бірге талқылау.
Теориялық материал

  1. Екі a және b векторларының скалярлық көбейтіндісі деп a*b=|a|*|b|*cosx санын айтады.

  2. Екі a және b векторларының скалярлық көбейтіндісі деп a*b=x1*x2+y1*y2+z1*z2


Оқушылар мұғалімнің көмегімен жоғарыдағы скаляр көбейтіндінің екі формуласын талқылайды, векторлардың скаляр көбейтіндісінің анықтамасын құрастырады.
Жаттығу есептері. Оқушыларға тараптпа материал үлестіріледі. Оқушылар жұпта тапсырмаларды орындап, мұғалімнің нұсқауымен өзара бағалау жасайды.
Мақсаты: Алған білімді пайдаланып векорлардың скаляр көбейтіндісін табу.

    1. (1,- 5, 2) және (3, 1, 2) векторлары берілген. 2а +b мен 3а - 2 b векторларының скаляр көбейтіндісін тап.

    2. = {2; 3; -7} және = {9; -4; 5} векторлары берілген. және векторлары арасындағы бұрышты.

    3. векторы мен векторынның скаляр көбейтіндісін табыңыз.

    4. Егер , ал және болса, онда и векторларының скаляр көбейтіндісін табыңыз.

Жалпы талқылау, тексеру парағын қолдану. Оқушылар есептерді тақтада шығарады.
1. Материалдық нүктенің B(10;8;-2) жағдайынан С(9;4;1) жағдайына түзу сызықты орын ауыстырғандағы күшінің істеген жұмысын есептеңіз.
2. және векторлары перпендикуляр ма?

3. және радиус векторлары берілген. AОВ бұрышын деп белгілейік. Скаляр көбейтіндіні пайдаланып табыңыз








Соңы
5 мин

Үй тапсырмасы:
№1. а және в векторларының скаляр көбейтіндісін тап.

№2

Оқушыларға келесі сұрақтар қойылады:



  1. Бүгінгі сабақ не туралы болды?

  2. Мен не үйрендім?

  3. Қандай қиындықтар болды?

  4. Қалай жеңуге тырыстым (жеңдім)?


Қосымша ақпарат

Саралау

Бағалау

Қабілеті жоғары оқушыларға қиындығы жоғары есептер (қосымша №2) беріледі. Қабілеті жоғары оқушылар басқа оқушыларға тапсырмаларды орындауына көмектеседі

Оқушылар өздерінің берілген материалды меңгеру деңгейлерін талдау есептерді шешу іскерліктері арқылы көрсетеді

Қорытындылау:
Ең жақсы өткен екі тапсырманы атап көрсетіңіз (оқытуға және үйренуге қатысты)
1
2
Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқытуға және үйренуге қатысты)
1
2
Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпаратты білдім?




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет