Сабақтың тақырыбы: VI тарау бойынша қайталау. Сабақтың мақсаты



Дата24.05.2017
өлшемі12,71 Kb.
#16880
түріСабақ
  • Базарбаева А
  • 6 “Е”
  • Сабақтың тақырыбы: VI тарау бойынша қайталау.
  • Сабақтың мақсаты:
  • Білімділік: Тарау бойынша алған білімдерін жинақтап бір жүйеге келтіру, әртүрлі тапсырмалар арқылы оқушылардың білімдерін тексеру. Есеп шығару кезінде ережелер мен сызбаларды дұрыс пайдалануға дағдыландыру.
  • Тәрбиелік: Оқушылардың шығармашылық жұмыс жасау қабілеттілігіне тәрбиелеу, шыдамдылыққа, ұқыптылыққа, алғырлыққа, ұжым намысын жоғары қоюға тәрбиелеу.
  • Дамытушылық: Логикалық ойлау, математикалық тілде сөйлеу қабілеттіліктерін дамыту. Оқушыларды өз бетімен ізденуге, білімін шығармашылық тұрғыда дамыту, сұрақтарға нақты жауап беруге, тез шешім қабылдай алуға дағдыландыру.
  • Сабақтың типі: Білімді жинақтау, жүйелеу, қайталау.
  • Сабақтың әдісі: Модульдік оқыту технологиясының әдіс-тәсілдері, сұрақ, жауап арқылы.
  • Пәнаралық байланыс: Геометрия сызу, биология.
  • Көрнекілігі: Бағалау парағы, сызба суреттер, интерактивті тақта.
  • Үй жұмысын тексеру
  • №1206
  • Координаталар басы О нүктесіне қатысты АВС үшбұрышына симметриялы үшбұрыс салып, оның төбелері координаталарымен жазыңдар.
  • №1210
  • Координаталық жазықтықтағы А (-3;1) нүктесі төбесі болатын, АВСД тік төртбұрышының симметрия центрі - Е(2;3) нүктесі. Оның В, С және D төбелерін координаталарымен жазыңдар. АВСД тік төртбұршының ауданын табыңдар. Дәптердің бір тор көзінің ұзындығын (бірлік кесіндіні) 1 см есебімен алңыдар
  • Координаталық жазықтықта төбелері А (-3;2), В (2;3) және С (3;-2) нүктелері болатын үшбұрыш сызыңдар.
  • А деңгей тапсырмасы
  • Фигураларды дәптерге көшіріп салыңдар. Осы фигуралардың әр қайсысына а түзуіне қатысты симметриялы фигураларды салыңдар.
  • а
  • В деңгей тапсырмасы
  • Төмендегі суреттегі EF және KL түзулері – перпендикуляр түзулер.
  • АОК=400; ВОL=600. АОЕ бұрышының, ВОF бұрышының градустық өлшемдерін табыңдар.
  • В деңгей тапсырмасы
  • а және в түзулерінің қиылысуынан пайда болған бұрыштардың 1һ=600
  • 2, 3 және 4-тің градустың өлшемдерін табыңдар.
  • 60
  • Координаталық жазықтықта А(-5;3) және В (2;3) болатын АВ кесіндісін жүргізіңдер. Е(-2;1) нүктесіне қатысты АВ кесіндісіне симметриялы А1 В1 кесіндісін салыңдар. А1 және В1 нүктелерін координаталарымен жазыңдар.
  • С деңгей тапсырмасы
  • С деңгей тапсырмасы
  • Координаталық жазықтықта;
  • 1) А (-3;3); В (5;3) және С (5;-1) төбелері бойынша АВСД тік төртбұрышын салыңдар. D төбесін координаталарымен жазыңдар.
  • 2) АВСД тік төртбұрышының симметрия центрі болатын Е нүктесін координаталарымен жазыңдар.
  • 3) Бірлік кесіндіні 1 см-ге тең етіп алып, АВСД тік төртбұрышының периметрін, ауданын табыңдар.
  • Сабақты бекіту.
  • ТЕСТ ТАПСЫРМАЛАРЫ
  • 1. Қиылысатын екі түзудің ортақ неше нүктесі болады?
  • а) 1 в)2 с) 3 д) 4
  • 2. Бір бұрыштың қабырғаларының әрқайсысы, екінші бұрыштың қабырғаларының созындысы болатын екі бұрыш не деп аталады?
  • а) жазыңқы бұрыш, в) сыбайлас бұрыш, с) Вертикаль бұрыш д) Доғал бұрыш
  • 3. Қиылысатын түзулер жазықтықты неше бұрышқа бөледі?
  • а) 5 в) 9 с) 12 д) 4
  • 4. Бір-бірімен тік бұрыш жасап қиылысатын екі түзу не деп аталады?
  • а) параллель в) перпендикуляр с) сүйір д) доғал
  • 5. Тік бұрыштың градустық өлшемі
  • а) 80 в) 90 с) 100 д) 110
  • 6. Бір жазықтықта жататын бір-бірімен қиылыспайтын екі түзу не деп аталады?
  • а) параллель в) перпендикуляр с) сүйір д) доғал
  • 7. Жазыңқы бұрыштың градустық өлшемі
  • а) 150 в) 160 с) 170 д) 180
  • 8. Түзу қандай фигура?
  • а) шектеулі в)шектеусіз с) доғал д) сүйір
  • 9. Тік бұрышты координаталар жүйесі орналасқан жазықтық не деп аталады?
  • а) түзу в) сәуле с) координаталық жазықтық д) вертикаль түзу
  • 10. Егер түзу бойымен бүктегенде жазықтықтағы екі фигура бір-бірімен беттесетін болса ондай фигуралар не деп аталады?
  • а) Түзуге қатысты симметриялы в) Шеңберге қатысты симметриялы с) Квадратқа қатысты симметриялы д) Тік төртбұрышқа қатысты симметриялы
  • 11. Егер О нүктесіне қатысты симметриялы нүктелер фигураның өзінде жатса, ол фигура не деп аталады?
  • а) Центрлік симметриялы фигура в) Бұрыштық симметриялы фигура с) Градустық симметриялы фигура д) Дұрыс жауабы жоқ.
  • 12. Тік төрт бұрыштың неше симметрия осі бар?
  • а) 6 в) 2 с) 5 д) 1
  • Оқушыларды бағалау
  • Оқушының аты –жөні
  • Қорытынды баға
  • Үй жұмысы
  • 1-тапсырма
  • 2-тапсырма
  • 3-тапсырма
  • 4-тапсырма
  • 5-тапсырма
  • 6-тапсырма
  • Қосымша тапсырма
  • 1-топ
  • Үйге тапсырма
  • №1233
  • координаталық жазықтықта:
  • А(-8; 2); В (-2;2) және С (-2;-4) төбелері бойынша АВСД квадратын салыңдар. Оның D төбесін табыңдар. D төбесін координаталарымен жазыңдар.
  • ординаталар осіне қатысты АВСД квадратына симметриялы А1 В1С1D1 квадратын салып, оның симметриялы центрі болатын F нүктесін табыңдар. F нүктесін координаталарымен жазыңдар.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет