Білімділік: Тарау бойынша алған білімдерін жинақтап бір жүйеге келтіру, әртүрлі тапсырмалар арқылы оқушылардың білімдерін тексеру. Есеп шығару кезінде ережелер мен сызбаларды дұрыс пайдалануға дағдыландыру.
Тәрбиелік: Оқушылардың шығармашылық жұмыс жасау қабілеттілігіне тәрбиелеу, шыдамдылыққа, ұқыптылыққа, алғырлыққа, ұжым намысын жоғары қоюға тәрбиелеу.
Дамытушылық:Логикалық ойлау, математикалық тілде сөйлеу қабілеттіліктерін дамыту. Оқушыларды өз бетімен ізденуге, білімін шығармашылық тұрғыда дамыту, сұрақтарға нақты жауап беруге, тез шешім қабылдай алуға дағдыландыру.
Сабақтың әдісі: Модульдік оқыту технологиясының әдіс-тәсілдері, сұрақ, жауап арқылы.
Пәнаралық байланыс: Геометрия сызу, биология.
Көрнекілігі: Бағалау парағы, сызба суреттер, интерактивті тақта.
Үй жұмысын тексеру
№1206
Координаталар басы О нүктесіне қатысты АВС үшбұрышына симметриялы үшбұрыс салып, оның төбелері координаталарымен жазыңдар.
№1210
Координаталық жазықтықтағы А (-3;1) нүктесі төбесі болатын, АВСД тік төртбұрышының симметрия центрі - Е(2;3) нүктесі. Оның В, С және D төбелерін координаталарымен жазыңдар. АВСД тік төртбұршының ауданын табыңдар. Дәптердің бір тор көзінің ұзындығын (бірлік кесіндіні) 1 см есебімен алңыдар
А(-8; 2); В (-2;2) және С (-2;-4) төбелері бойынша АВСД квадратын салыңдар. Оның D төбесін табыңдар. D төбесін координаталарымен жазыңдар.
ординаталар осіне қатысты АВСД квадратына симметриялы А1 В1С1D1 квадратын салып, оның симметриялы центрі болатын F нүктесін табыңдар. F нүктесін координаталарымен жазыңдар.