Қызылорда облысы
Қармақшы ауданы
Қармақшы ауылы
«Қаракөл» атындағы №113 орта мектеп
Ән-әуез пәнінің мұғалімі Оспан Лиза Тәуіпбайқызы
Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдағы музыка өнері «Вольфганг Амадей Моцарттың өмірбаяны және музыкалық шығармашылығы»
Сабақтын мақсаты:
а) Ғасырдағы музыка өнерін тусіндіру, Веналық және Германиялық классик композиторлар өмірінен мағлұмат беру.
ә) Оқушыларды басқа да елдің кәсіби музыкаларын құрметтеуге қадірлеуге тәрбиелеу.
б) Теориялық білім беру арқылы музыкалық сауаттылығын арттыру.
Сабақтың типі: Жаңа материалды игеру.
Сабақтың түрі: Зерттеу сабақ.
Әдісі: Баяндау, түсіндіру, зерттеу, сұрақ-жауап.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, бағалау парағы.
Оқыту технологиясы: Сын тұрғысынан ойлау.
Пән аралық байланыс: тарих, география, математика, информатика.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру.
Сыныпты топқа бөлу «Атом мен молекула»
Музыка жүріп тұрады оқушылар орта шығып билейді, музыка тоқтаған кезде, мұғалім «6»деген санды айтады оқушылар топтасады , солай «7» дейді, ең соңында «8» саны аталған кезде оқушылар үш топқа бөлінеді.
Бірінші топ «До», екінші топ «Ми», үшінші топ «Соль»
2.Үй тапсырмасы.
Әр топ бір- біріне Йозеф Гайднның өмірбаянымен музыкалық шығармашылығына байланысты бір сұрақтан дайындап келеді.Топ басшылары өздері бағалайды.
3.Жаңа сабақ. Ой шақыру
Тақтаға «Бағыталған оқу» стратегиясы бойынша бірнеше сөздер жазылған. Балалар бұл сөздер нені білдіреді деген сауал қойылады.
Австрия, Вольфганг Амадей Моцарт , опера, соната, квартет,1756ж.
Музыка тыңдау: Моцарт №40 симфония
Бұл қандай музыка?
Қандай аспаптарды естідіңдер?
Бұл симфонияның көңіл-күйі қандай?
Балалар, бүгінгі жаңа тақырыбымыз:
XVIII ғасырдағы музыка өнері Вольфганг Амадей Моцарттың өмірбаяны және музыкалық шығармашылығы.
Мағынаны ашу: оқушылар біздің арамызда кейбір оқушылар Моцарт туралы шағын зерттеу жасап келіпті, сол оқушыларға сөз берейік.
Жақсы балалар!
Мұғалім: Реквием (аза күй) — қаралы характердегі көп дауысты хорға арналған топтамалық шығарма.
Сабағымызды әрі қарай жалғастырамыз әр топқа тапсырмалар беріледі.
«До» тобына Венн диаграммасы арқылы екі композитордың музыкалық шығармашылығымен өмірбаянын салыстыру;
«Ми» тобына дыбыс ұзақтықтарын пайдалана отырып есептер шығару;
«Соль» тобына ( С-dur Т;S;Д); (e- moll Т;S;Д) гаммаларында тұрақты дыбыстарды табу;
Сергіту сәті: «Оркестро» ойыны
Ой толғаныс: топпен жұмыс «До» жазушылар тобы (музыка тыңдау барысында көз алдарыңа елестеген бейнені қағаз бетіне түсіріңдер)
«Ми» ақындар тобы (Веналық классик композиторларына арнау жазу)
«Соль» суретшілер тобы (тыңдаған музыкаға байланысты көз алдарыңа елестеген көріністі қағаз бетіне түсіру)
Бағалау: топ басшыларға сөз беру;
Үй жұмысы: 5 сұрақтан құралған тест құрастыру;
Қандай себептермен Моцарт реквиемді жазды ?
Кері байланыс:
Достарыңызбен бөлісу: |