Әдебиет. 5-сынып.
Сабақтың тақырыбы: Зәмзәм
Білімділік мақсаты: ислам діні,имандылық жөнінде білімдерін кеңейту.
Бір- бірінің пікірін құрметтейтін ортаны қалыптас-
тыру.Білім-білік дағдысын қалыптастыру.
Тәрбиелік мақсаты: имандылыққа,Алланы тануға,ислам шарттарын
білуге,адамгершілікке,сыйластыққа,елжандылыққа,
еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Дамытушылық мақсаты: түсініп оқу,сөз астарына үңіліп,мағынаны түсіну,
түйінді ой айта білуге,өзіндік пікір қалыптастыруға
жетелеу.Ойларын еркін жеткізе білу және қиялын
дамыту.Шығармашылық ізденісін арттыру.
Көрнекіліктер: интербелсенді тақта,слайд суреттер, «Зәмзәм»
интернет роликтері,үлестірмелі материалдар.
Тақырыпты ашу үшін пайдаланылатын оқыту стратегиялары:
топтастыру,«Өрнекті ара», «Жинақтау»кестесі,
«Жұлдызды жауын» ойыны, «Жүйрік жады» ойыны,
«Таразылау»кестесі, «Шартараптан»ойыны.
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі,бейнелеу,тарих,математика.
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру.а).Оқушыларды түгелдеу.
ә).Зейінін сабаққа аудару.
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау.Сыныпты 4 топқа бөлу: «Иман», «Сенім»,
«Сабыр»,«Ақиқат».
Үйге «Сымайыл»әңгімесі берілген.Оқушылардан түсінігін сұрау.
Жоспары:
1.Ибраһим-Сара-Ажар арасы.
2.Ибраһим бала үшін Ажарға үйленуі
3.Өмірге бала келуі.
4.Қызғаныш.
5.Ибраһим Алланың әміріне бойсұнуы.
«Жұлдызды жауын»ойыны арқылы сұрақтар жаудыру.Интербелсенді тақтада біртіндеп жұлдыздар ашылып,сұрақтар шығады:
1.Алла кім?
2.Құранда неше сүре бар?
3.Адамды Алла қалай жаратты?
4.Адам ата мен Хауа ананы кім азғырды?
5.Сымайыл өмірге қалай келді?
6.Сара қандай сезімде болды?
7.Ибраһим неге Сара өтінішін орындады?
Үй тапсырмасын қорыту.
ІІІ.Жаңа сабақ.Зәмзәм. «Өрнекті ара»әдісі бойынша жаңа тақырыпты оқушыларға бөліп беремін,сол бойынша түсінік шығады.Өзім толықтырып түсіндіремін. «Зәмзәм»жөнінде толық мәлімет беремін.
Жаңа сабақ жоспары:
1.Ибраһим Аллаға тәуекелін берік ұстауы.
2.Ажар тағдыр тауқыметіне сабырмен көнуі.
3.Бала шырылы.
4.Алланың шексіз мейірімі.
Сымайылдың өкшесінен су шығып жатқан Б.Байділдаевтың суретіне тоқталу. Оқушылардың ойын білу.
Сөздік: Зәмзәм – зәм-зәм(араб) –жиыл-жиыл,тоқта-тоқта.
Интербелсенді тақтада картадан және глобустан Мекке мен Мәдинаны көрсету.Мекке,Қағба және Зәмзәм суреттеріне шолу жасау.
Төрт топқа: «Жинақтау»кестесі.
Ибраһим
|
Сара
|
Ажар
|
Сымайыл
|
Пайғамбар.
Бала сүйді.
Алланың әмірін
орындады.
Шариғат заңымен
жүрді.
Аллаға шүкіршілік етті.
|
Ибраһим әйелі.
Бала көрмеді.
Қызғанды.
Қорланды.
Күйеуін үгіттеді.
Айтқанын орындатты.
|
Күң.Кейін
Ибраһим әйелі.
Ұлды болды.
Елсіз жерде қалды.
Қиналды.Алла шапағатын көрді.
Аллаға разылығын
жаудырды.
|
Бала.
Шөлдеді.
Шырылдады.
Әлі кетті.
Кенезесі кеуді.
Алла мейірімін көрді.
Суға қанды.
|
«Таразылау»кестесі:
Сара
|
Ажар
|
Әйел.
Бала көрмеді.
Қызғанышы өрттей жанды.
Қорланды.
Құсаланды.
Ажар мен баланы көргісі келмеді.
Айтқанын орындатты.
|
Әйел.Күң.Ана.
Балалы болды.
Қиыншылық көрді.
Ебелек ұшпас елсізде қалды.
Баласы үшін безеқтеді.
Алланың әміріне мойынсұнды.
Алланың шексіз мейіріміне бөленді.
|
«Жүйрік жады»ойыны:
1.Әңгіме кейіпкерлері:………………………………………………………………………..
2.Зәмзәм суы -………………………………………………………………………………………
3.Алла мейірімі:…………………………………………………………………………………..
4.Алла-…………………………………………………………………………………………………
Бес жолды өлең:
Зәмзәм
Қасиетті,мүбәрәк.
Шықты,ақты,қанды.
Жер бетіндегі сулардың қайырлысы.
Су.
Оқушылар шығармашылығы.Өз ойларын өлеңмен,қара сөзбен,т.б. беру.
IV.Қорытындылау.
«Шартараптан»ойыны(ғаламтордан сұрақтар келді):
1.Кейіпкер дегеніміз не?
2.Ертегінің түрлерін ата.
3.Адам ата мен Хауа ана тыйым салынған
жемісті жемегенде не болар еді?
4.Алланың шексіз құдіреттілігін қай жерінен байқадың?
5.Құран Кәрім кімнен,кімге, кім арқылы түсті?
4.Зәмзәм суы қайда екен?
Интербелсенді тақтадан «Зәмзәм» тақырыбында бейне көрініс(видеороликтер) көрсету.
V.Бағалау.Оқушыларды,белсенді топты бағалау,марапаттау
VI.Үйге тапсырма беру. «Зәмзәм»әңгімесі.Б.Байділдаевтың суретін салып келу
Достарыңызбен бөлісу: |