Сын — пікір (ғылыми жұмыс туралы пікір) — зерттеулер нәтижелері мен негізгі қағидалар сын тұрғыдан бағаланады. Ерекше назарды теориялық қағидаларының өзектілігіне, зерттеу әдістерінің ұқсамайтындығына, алынған нәтижелердің дәлдігі мен жаңалығына, тәжірибелк пайдалылығына аударады.
Сын-пікірді құруда келесі жүйелікті сақтайды:
зерттеу тақырыбының өзектілігін негіздеу қажеттілігін;
идеялық және ғылыми мазмұнды, тілді, стильді бағалау сын-пікірдің негізгі бөлігі.
Зерттеу нәтижесін баяндау дәйектігі;
Иллюстритивтік материалды, зерттеу көлемін және баяндау қолжазбасын бағалау (толықтыру немесе қысқарту ұсынысы);
жалпы түйін; жұмыстың қорытынды бағасы.
Рецензенттің сыны түбегейлі, ғылыми негізделген, талғағыш, бірақ сонымен қатар зерттеуді жақсартуға ықпал ететін тілектес болу керек.
Баяндама немесе хабарлау автордың негізгі ғылыми қағидаларың, олардың практикалық мағынасын, түйіндеме мен ұсыныстар бар қысқа баяндама. Баяндама уақыты 10-20 минут, дәлел қысқа және айқын болу керек. Баяндаманың негізгі идеясын анықтап, майда-шүйде жақтарын айтып керегі жоқ.
Баяндаманы аудитория алдында оқымайды тек цитаталарын оқып, қалғаның өз сөзімен жеткізу қажет. Баяндамшының эмоциялығы, нанымдығы, пікір таласы тындаушының назарын аудартып, аудиториямен қатынас жасауға мүмкінік береді. Ғылыми баяндамада негізгі болып мазмұн және ғылыми дәлел жатады. Баяндау кезінде тілдің айқындығы, мәнерлігі дауыс ырғағына, қаттылығына және шапшандығына байланысты келеді. Байыпты, асықпай баяндай тыңдаушыларды баурап алады. Баяндамашыға сөздерді мағынасымен қолданып әдеби тілде дұрыс айтуын қадағалау керек. Сұрақтарға қысқа, мәнді жауап беп ғылыми нәтиженді бағалауа ибадаттылық білдіріп, оппоненттердің қатты айту жағдайында ұстамды пен әдептілік сақтау керек. Өзіндік сынау және іскер достық сынға сыйластық қатынас білдіру зерттеудегі кемшіліктерді жоюдың маңызды жағдайы.
Қолданылған әдебиеттер:
https://infourok.ru/studentterdi-ilimizertteu-zhmisin-yimdastiru-486566.html
ЦБР 9965-667-20-9 Пошаев Д.Қ. Ғылыми - педагогикалық зерттеу негіздері
ТАПСЫРМА:
Өздеріңіздің курстық жұмыстарыңыздың тақырыбын ғылыми аппартқа салыңыз
Ғылыми жұмыстың құрылымына анықтама беріңіз
Достарыңызбен бөлісу: |