Сабақтың тақырыбы: «Зерттеу жұмысының жүйесі және оның құрылымы»



бет10/12
Дата14.05.2020
өлшемі83 Kb.
#67999
түріСабақ
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
896 7412 103064

Кіріспе. Осы бөлімде мәселелер, тақырыптың өзектілігі, зерттеудің объектісі, зерттеудің мақсаты, зерттеудің тапсырмалары, зерттеудің пәні, қорғалатын мәселе жаңалықтары қарастырылады, яғни кіріспеде дипломдық жұмыстың ғылыми аппараты берілуі керек. Ол 10 беттен кем болмауға тиісті.

Мәселе- ол  ғылыми  білімдегі   белгісізден белгіліге  қатынастың,   практикада және ғылымда кездесетін қарама-қайшылықтардың шешілу дәрежесі, бұл белгісіз ғылыми білімнің көлемі, мәселелерді қарастыру, зерттеуші жетістіктің жетіспеушілігін қазіргі уақыттағы білімнің деңгейіне байланыстырады, жаңа факторларды және байланыстарды ашуда логикалық ізденісті табудағы ғылымда бар немесе қоғамдық практикада пайда болған жаңа  сұраныстар алған білімдерін, жаңа білімге деген қозғалыстарға жетуді міндеттейді

Тақырып — бұл дипломдық жұмыстық аты. Тақырып зерттеудің көлемімен, оның мәселелерімен, зерттелудің объектісі және әдістерімен шектеледі. Онда ғылымда жеткен қатынастар және ескі табыстар мен жаңа табыстардың салыстырулары мазмұндалады.

Өзектілігі — қарастыратын жоғары мінездемелер бір-бірімен өзара байланысты, олар бірін-бірі толықтырады.  Мәселені қарастырғанда және тақырыпты талдағанда зерттеудің өзектілігі дәлелденеді. Зерттеуші  тақырыптың өзектілігін аша отырып, «Қандай мәселелермен жұмыс істеу керек?»-деген сұраққа жауап береді. Зерттеуші тақырыптың өзектілігін дәлелдеп, нақты мысалдар келтіріп жазу керек. Бүгінгі күн тұрғысынан келгенде өзектілігі неде? Соны нақтылау керек.

Зерттеудің объектісі-  ғылыми зерттеу жұмыстары жүргізілетін объекті.

Зерттеудің пәні – қарастырылып жатқан  зерттеудің объектідегі жағы. Мысалы, зерттеудің объектісі адам да болуы мүмкін, ал  зерттеу пәні — оның ерекшеліктері.

Зерттеудің мақсаты – нақты тақырыптан тууы керек ол қорытындының көрінісі. Зерттеудің мақсатын айқын көрсету,  ол дипломдық жұмыстарды дайындау барысындағы ғылыми-зерттеулердің методологиялық мінездемелерінің бірі.

Зерттеудің міндеті: Міндет мақсаттан туады. Зертеудің міндеттері —  бұл зерттеудің жалпы жолдары.  Бұл анықтама зерттеу жұмыстарындағы мақсатты орындаудағы мәселелерді шешудегі негізгі қадам.

Болжам- ол дәлелденбеген, теориядан алынған ғылыми түсінік.

Қорғауға ұсынылатын сұрақтар — ол ереже бойынша процестің орындалуын, оның бекітілуін және  құрылымды элементтерінің, критерилері, міндеттемелері, функциялары және т.б. Қорғалатын жағдайлар мазмұнды бөлімінің  зерттелуіне жаңалық енгізіп, келесі бөлімді жазуда  жаңашылықпен сәйкес болу керек. Сонымен бірге қорғауға ұсынылатын сұрақтар нақты мақсаттан туындауы керек. Қорғауға кемінде 3-4 сұрақ белгілену керек.

Жаңалығы —  Жаңашылдық туралы сұрақ зерттеу барысының барлық жағдайларын қамтиды. Зерттеушінің  тапсырмасы- жаңалық қайдан алынады, оның мазмұны қандай және қандай нәтижеге жеттің? Осының нәтижесінде ғылымда және практикада осы айтылған жаңалықтың ақиқаты ашылады. Берілген мінездемелер нақты зерттеулерде екі рет қарастырылады басында және аяғында. Бірінші бөлімде ғылымда, практикада зерттеудің жалпы мағынасы анықталады, нәтижесі көрсетіліп, онымен практикалық тапсырмаларды ғылыми мәселелермен тақырыпты және зерттеудің мақсатын анықтаумен шектеледі. Қорытынды бөлімде алынған нәтиженің мағынасы анықталады. Мұндай анықтама мазмұнды және нақты болуы қажет. Алынған нәтиже ғылымда немесе практикада қандай мағына көрсететінін зерттеуші өзінің тапсырмасында көрсетуі тиіс және осы бөлім жаңа білімде қандай қатынаста болуы қажет. Сонымен қатар тақырыптық ғылыми жаңалығы неде, ол несімен жаңа осы жағын ашу керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет