Технология
9-сынып / 2013-2014 о.ж
Сабақтың тақырып: Еттен дайындалатын тағамдардың классификациясы
Білімділік мақсаты: -таңдау бойынша бірінші тағамды дайындау технологиясыментаныстырып, тақырып бойынша білімдерін қалыптастыру.
Дамытушылық мақсаты: – күнделікті алған білімдерін, тағам дайындау шеберліктерін дамыту.
Тәрбиелік мақсаты: – бірінші тағамдарды дайындауға, ұқыптылыққа, ас дайындау өнеріне тәрбиелеу.
Сабақ түрі: практикалық сабақ. Оқыту әдісі: – көрсету, тусіндіру, уйрету.
Құрал-жабдықтар: – кастрөл, ас тақтайшасы, пышақтар, тәрелкелер.
Азық түлік: – ет, тұз, сәбіз, көк жуа (пияз), май жұмыртқа, ұн.
Сабақ барысы.
I. Ұйымдастыру кезені ; - сәлемдесу, жоқтарын белгілеу, сабаққа дайындықтарын тексеру.
II. Ұй тапсырмасын тексеру. а ) Шала өнімдер дегеніміз не ?
сұрақтар б) дайындау тәсілдері бойынша қаншаға бөлінеді в) ет қанша уақытта піседі?
г) 1 кг етті құырса қанша грамм болады?
III. Жаңа сабақ.
Бірінші тағам деп біз көжелерді атаймыз. Көбінесе көжелер әр түрлі сорпада, қайнатпаларда дайындалады. Ал көженің қоюын көкөністерден, жармадан, макарон өнімдерден, бұршақтардан, жеміс жидектерден дайындайды.
Әр ұлттық асханасында бірінші тамақтарды әр түрлі етіп жасайды. Мысалы қазақ ұлттық асханасында бірінші тамақтарды, негізінен, ет сорпасынан әр түрлі дәмдеуш терді қосып дайындайды.
Зетханалық жұмыс:
Етпен кеспе дайындау.
Қажетті ыдыс-аяқтар: кастрөл ет кесетін тақтайша, асханалық пышақтар, кепсер, шұңқыр тәрелке, қасық, шөміш.
Азық түлік: сұйықтық үшін: 40 г сәбіз,40г пияз, 20г май, 950г сорпа. Кеспе үшін:75г ұн, жұмыртқа, 14г су, 2 г тұз.
Дайындау технологиясы: – қайнап тұрған сорпаға шала қуырылған сәбізбен пиязды қосып 2-3мин, содан кейін кеспе салып 10-12 минут қайнатады, соңында тұз бен дәмдеуш заттарды қосамыз.
Жұмыс барысы
1. Кеспеге арналған қамырды жұмыртқа, тұз, су қосып илейді.
2. Сәбіз бен пиязды шашақтап турап, қуырады.
3. Сорпаны отқа қояды.
4. Қамырды қалындығын 1 мм етіп жаю, жайылған қамырды шашақтап кесу.
5. Қайнап тұрған сорпаға шала қуырылған көкөністерді салып, 2-3 минут қайнату, дәміне қарай тұз, дәмдеуштер қосып, кеспені салып 10-12 минут қайнату.
6. Дайын тағамды оттан алып, көжені тәрелкелерге бөліп құю, аскөк сеуіп безендіру.
7. Ұсынар алдында сорпада бөлек қайнатылған етті кеспенің үстіне салады.
IV. Сабақ қортындысы а)Оқушылардың зертханалық жұмыстарын тексеріп, жіберілген қателерін айтып, білімдерін бағалау
ә) Үй тапсырмасы: дәрісті қайталау, бірінші тағамдардың дайындалу тәсілдерін, рецептерін жазып келу.
7 сынып / 2013- 2014 оқу жылы
Сабақтың тақырыбы: Көкөністен жасалған салаттар
Сабақ тақырыбы: Көкөністерді алғашқы өңдеуден өткізу,турау, cалат даярлау
Сабақ мақсаты: б) балалардың көкөністер туралы біліктілігін арттыру, көкөністердің топтарымен таныстыру;
д) ойлау қабілетін дамыта отырып, көкөністердітурау әдістерін үйрету;
т) ұқыптылыққа баули келе балалардың шығармашылық ізденісін шыңдау және тех. Қауіпсіздік ережелерін сақтай білуге тәрбиелеу.
Сабақ түрі: Жаңа сабақ Сабақ әдісі: СТО технологиясымен топтық сайыс
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру: Балалармен сәлемдесу, жоқ оқушыларды белгілеу, сабаққа назарын аудару.
Қызығушылығын ояту : Балаларды әңгімеге араластыра отырып, жаңа сабаққа көшу. Балалар, көкөністер жалпы қандай топтарға бөлінеді? Сызбанұсқа бойынша түсінік беру.
Түйнекті – картоп. Тамыр жемісті – сәбіз, қызылша, шалғам, аскөк, желкек, сельдерей . Орамжапырақты – аққаудан, қызылбас, савойлық, кольраби, брюссельдік.
Оқулық бойынша жемісті,жапырақты,пиязды топтарға да тоқталып түсінік беру.сонымен қатар көкөністердің тағамдық құндылығы туралы да мағлұмат беріп, түсінігін кеңейту.Оқулықтағы кесте бойынша көкөніс құрамындағы дәрумендер менминералдық заттар туралы әңгімелеу. Көкөністерге жеке –жеке тоқталу.
Мағынаны тану: Балаларды келесі бөлімге өтуге бағыттау.
- Ал, балалар ,сендер көкөніс турап көрдіңдер ме? Ендеше, тураудың да тәсілдері бар. Турау тағамның әдемілігін арттырып, адамның тамаққа деген тәбетін ашады. Енді қарапайым турау әдісітеріне тоқталайық. Алдымен көкөністерді өңдеу жолдарын үйреніп алу керек.
Көкөністерді өңдеу жолдары:
1 сапасы мен өлшеміне қарай іріктеу, бұзылғанын алып тастау.
2 микроорганизмдерді жою үшін тазалау,жуу.
3 қабығын аршу,шіріген жерлерін алып тастау.
4 қайталап жуу,тазалау.
5 турау.
Енді көкөністерді турауды көріп ,үйрену қажет.
Тураудың қарапайым түрлері: тілімдеу, дөңгелектеу, кесекшелеу, текшелеу, жолақшалау.
Күрделі түрлері де қолданылады. Олар әсемдеу үшін және асханалар мен мерекелік дастарқандарда кездеседі. Оқулықтағы кестемен таныстыра отырып, турап көрсету.
Сарамандық жұмыс балалар 2 топқа бөлінеді де көкөністерді алғашқы өңдеуден өткізу және турау бойынша өзара сайысқа түседі. Бұл кезде оқушыларға техникалық қауіпсіздік ережесі естеріне салынып, оны орындау қатаң қадағаланады. Туралған өнімнен салат түрлері дайындалады.
Сабақты бекіту. Балалардың жұмыстары салыстырылып, тексеріледі. Топтастыру жұмысы орындалып, білімдері сараланып, бағаланады. Үйден тақырыпты оқып келу және салаттың дайындалуын сызбанұсқамен жазып келу тапсырылады.
11-сынып /2013-2014 о.ж
Сабақ тақырыбы:
Достарыңызбен бөлісу: |