Сабақтың технологиялық картасы Биология. 9 сынып айы, күні: Тақырыбы: Тіршіліктің пайда болуы туралы түсініктердің қалыптасуы. Мақсаты



Дата03.12.2016
өлшемі44,45 Kb.
#3091
    Бұл бет үшін навигация:
  • Түрі
Сабақтың технологиялық картасы

Биология. 9 сынып айы, күні:

Тақырыбы: Тіршіліктің пайда болуы туралы түсініктердің қалыптасуы.

Мақсаты:.

Білімділік: Тіршілктің пайда болуы туралы материалистік және идеалистік түсініктер күресі туралы түсінік қалыптастыру.

Тәрбиелік: Табиғатты аялауға, қорғауға тәрбиелеу.

Дамытушылық: Пәнге қызығушылығын арттыру, ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыру.

Түрі: аралас сипатта

Әдісі: баяндау, сұрақ-жауап.

Көрнекілік: интерактивті тақта, суреттер

Жоспар: I.Ұйымдастыру: сәлемдесу, түгендеу

II. Үй тапсырмасы: сұрақ-жауап арқылы

III. Жаңа тақырып

Барысы «Тіршілік қалай пайда болды?» деген сұрақ адамзатты үнемі қызықтырды. әлемдік дін пайда болғанға дейін бұл құбылыстың сан алуан табыну нұсқалары өмір сүрді. Кез келген халық мифтерінде және аңыздарында «барлығы неден басталды» немесе «алғашқы тіршілік иесі қалай пайда болды» деген тарихи деректер бар. Тірі ағзалардың пайда болуы көбінесе екі жолмен: өліден (судан, тастан, ағаштан немесе оттан) немесе рух қалауымен пайда болу ретінде түсіндірілді. Әлемдік дінде тірі нәрсенің барлығы жоғарғы құдірет кесімді шығармашылығының нәтижесі, яғни жаратылу нәтижесі.

Ғылымның пайда болу мезетінде тіршіліктің пайда болуы туралы көптеген ұсыныстар айтылды. Мәселен, кейбір ежелгі грек ғалымдары тірі тіршілік иесі жұмсақ және жылы ұйыма балдырдан тұтаспаған ағза түрінде пайда болып, жеке мүшелер (бас, қол, аяқ, дене) бірімен-бірі соңынан қосылады деп жорамалдаған. Егер қосылыс сәтті болса, онда толық жарамды, егер үйлесімсіз болса, онда кемтар және құбыжық ағзалар пайда болады деп түсінген.

Сансыз көп болжамдарды екі қарама-қарсы болжамға біріктіруге болады. Биогенез (гр. genesis- шығу тегі, пайда болуы) теориясы тірлік атаулылар тірі нәрседен шықты деп ұйғарды. Ал соған баламалы абиогенез(гр. a - сөз алдынан қосылатын теріске шығару мәніндегі косымша) теориясы тірі тіршілік иесінің өлі нәрседен пайда болуына мүмкіндік береді. Осы бағыттағы өзгеше атау - тіршіліктің өздігінен жаралу теориясы. Кезінде Аристотель бақалар мен бунақденелілер ылғалды топырақтан пайда болады деп жазды. Ғалымдардың көпшілігі XVIII ғасырдың ортасына шейін осы абиогендік теорияны қолдады. Құрттар - топырақтан, шыбындар - шіріген еттен, ал тышқандар дәннен немесе кір-ластан пайда болады деп есептеді.

Бұл ойдан шығарылған ұсыныстардың жалғандығын ашатын маңызды тәжірибелерді ең алғаш итальян ғалымы Франческо Реди 1668 жылы қойған болатын. Ол ыдыстарға ет (өлген жылан) салып, біраз ыдыстардың бетін ашық қалдырды, ал ыдыстардың басқа бөлігінің бетіне кисея (сирек кездесетін мата) жапты. Бірнеше күннен соң ашық ыдыстардағы етте шыбын дернәсілдері құжынап кетті де, беті жабық ыдыстарда олар пайда болған жоқ. Ф. Реди аузы ашық ыдыстарға ұшып келген шыбындар жұмыртқа салды деп дұрыс болжам айтты.

А. Левенгук бірінші болып микроскоп құрастырып, ұсақ ағзалар әлемін ашқаннан соң көптеген ғалымдар біржасушалы ағзаларды қадала бақылай бастады. Құнарлы сорпа немесе шөп тұндырмасында олардың өте көп мөлшерде болатыны байқалды. Осындай құнарлы ортада тіршілік оқай туындайды деп есептелді. Левенгук «анималикулдар» (қарапайымдар) өзіне ұқсастардан пайда болады деп болжам айтқанымен, 1809 жылы Жан Батист Ламарк «саңырауқұлақтардың өздігінен дүниеге келуі» туралы жазды. Бұл болжамды тәжірибе жолымен Л. Спалланцани дәлелдеуді өз қолына алды. Ол құтыға жаңа әзірленген нәрлі сорпа толтырып, аузын дәнекерледі де бір сағат мөлшерінде отта қайнатты. Мұндай тазарту шараларынан соң сорпадағы ұсақ ағзалар ғана емес, тіпті олардың споралары қырылып қалды. Сөйтіп тіршіліктің ешқандай өздігінен туындауы байқалған жоқ.

Алайда абиогенезді жақтаушылар берілмеді. Олар витализм (латынша вита - тіршілік) теориясын ұсынды. Бұл теория бойынша ауада «тіршілік күші» немесе «тіршілік энергиясы» болады. Оған өлі нәрсе енсе-ақ болды, дереу тірі болып шыға келеді. Олар Спалланцани тәжірибесінің нәтижесін «тіршілік күші» кұтыдағы ауа аз болғандықтан, қайнаған кезде өлтірді деп түсіндірді. Құтының аузы дәнекерленгендіктен жаңадан үлестің енуіне жол болмай қалды. Сондай-ақ бұдан басқа кейбір құтыларда лайлану (шіру) үдерісі де басталады. Бүгінгі ғылымға ұзақ қайнатылған кейбір бактериялардың тыныш жатқан споралары өну нәтижесі екені мәлім.

Ғалымдар арасындағы айтыс шиеленісе түсті. Дәл осындай пікірді белгілі дәрігер 1651 жылы Уильям Гарвей «Ovo at ovo» («Жұмыртқа жұмыртқадан шығады») деп жариялады. Француз Ғылым академиясы 1859 жылы тіршіліктің өзінен-өзі жаратылуы жөніндегі мәселеге жаңаша жауап берушілерге арнаулы сыйлық тағайындады. Ол сыйлықты 1862 жылы Луи Пастер алды. Луи Пастер өте қарапайым болды. Ол құтыны жаңа әзірлеген сорпаға (құнарлы орта) толтырып, оның аузын S тәрізді өте ұзын жіңішке имек шыны түтікпен жапты. Соның нәтижесінде ауа құтыға өтіп, сорпамен жанасатын болды. Бактериялар мен олардың споралары түтік бұрылыстарына шөгіп, сорпаға түсе алмады. Құтыдағы сорпа шыны түтікті алғанға дейін лайланған жоқ Шыны түтік алынған соң бірнеше сағаттан кейін сорпа лайлана бастады, бүлініп, ашыды. Англияда Джон Тиндаль шамамен осы мерзімде осыған ұқсас тәжірибелер жасады.

Витализм мен тіршіліктің өзінен-өзі жаратылуына осылай қирата соққы берілді. Алайда енді ғалымдар бұдан да маңызды: «Алғашқы тірі ағзалар қайдан пайда болды?» деген проблемаға тап болды. Луи Пастердің өзі мүлде басқа жағдайлар мен өзге уақытта тірі нәрсенің өліден жаратылатыны мүмкіндігін жоққа шығара алмады.

Э. Геккель көпжасушалылықтың шығу тегі теориясына (1866) арналған өз жұмысына тіршіліктің жаратылу проблемасы өлі табиғаттан тұратын қарапайым бейағзалық құрамдас бөліктерден күрделі ағзалық заттардың синтезделу проблемасына апаратыны туралы жазды.

Ч. Дарвин: «Қандай болса да аммоний және фосфордың қажетті тұздары бар және жарық, жылу, электр әсер ете алатын жылы суқоймада химиялық жолмен одан әрі, әлдеқайда күрделі өзгерістер жасай алатын нәруыз түзіледі...» деп ұйғарды.


IV. Бекіту

  1. Тіршіліктің жаратылу үдерісінде қандай екі қарама-қарсы көзқарас болады?

  2. Л. Спалланцани қандай тәжірибелер жасады?

  3. Л. Пастер тәжірибелері нені дәлелдеді?


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет