Сабақтың технологиялық картасы І блок «Мақсаттылық»


Қола дәуіріндегі Қазақстан



бет4/6
Дата22.06.2017
өлшемі2,17 Mb.
#19662
түріСабақ
1   2   3   4   5   6

Қола дәуіріндегі Қазақстан


Дәуірдің ерекшеліктері. Неолит дәуірінде-ақ байқала бастаған шаруашылық өзгерістері б. з. б. II мыңжылдықта [1]малшылық-егіншілік экономикасы мен жоғары дамыған металлургияның калыптасуына жеткізді. Өндіруші тұрпаттағы экономикаға көшу Қазақстан аумағындағы бүкіл жағдайды түбірінен өзгертті. Қоныстарың жиі өзгертетін, жігерлі, пысық малшы тайпалар ұлан-байтақ және қуатты бірлестіктер кұрды; бүлардың калыптасуында соғыс кақтығыстары едәуір рөл атқарды. Қару енді жабайы хайуандарды аулау үшін ғана емес, сонымен қатар тайпалар арасындағы қақтығыстарда да жиі пайдаланылатын болды. Қару жасау бірте-бірте металл өндеудің дербес саласына айналды. Археологиялык материалдар бойынша, Андронов тұрпатты ескерткіштер калдырған далалық малшы-егінші тайпалардың мәдени ортақтығы жақсы мәлім. Барлық жергілікті өзгешеліктеріне қарамастан, ұлан-байтақ аумаққа тараған бұл тайпалар неолит дәуіріндегі тайпалык ала-құлалықты айқын мәдени біркелкілік ауыстырғанын көрсетті. Қола дәуіріндегі коғамның ілгері басуы екі факторга байланысты. Олардың бірі — жаңа дәуірді белгілеген фактор - палеометалдардың өндірістік жолмен игерілуі болды. Б. з. б. II мыңжылдықтың ортасында Қазақстан тайпалары кола бұйымдар жасау ісін меңгерді. Қоланың өзі бұйымның неге арналуына карай, әр түрлі пропорцияда мыс пен калайының, кейде сүрменің, құшаланың, қорғасынның қорытпасы болып табылады. Мыспен салыстырғанда коланың бірсыпыра артықшылықтары бар: оның өзгешелігі — өзі катты, балку температурасы төмен, түсі алтын сияқты әдемі. Қола еңбек құралдары мен қару жасау үшін колданылатын негізгі шикізат бола бастады. Қазақстан жер қойнауында полиметалдардың, ең алдымен қалайы-мыс рудаларының барынша молдығы бұл аумақта металлургияның мықты ошағы шығуының бір себебі болды. Б. з. б. II мыңжылдықтың басында-ақ Еділ бойы, Орал өңірінің, Қазақстан мен Алтайдың далалық тайпаларында кешенді малшылық-егіншілік шаруашылык калыптасады. Ал б. з. б. II мыңжылдыктың ортасында Қазақстанның далалық тайпаларында алғашқы өндірістің орлеуі байқалады, мал шаруашылығы жедел дамиды. Осы уақыттан бастап далалық Еуразия тұрғындарының шаруашылығында мал шаруашылығы неғұрлым көбірек орын ала бастайды. Б. з. б. II мыңжылдыктың аяғында — I мыңжылдықтың басында далалық өңірлердегі тұрғындардың көпшілігі шаруашылықтың маманданған жаңа түріне — көшпелі мал шаруашылығына көшеді. Батыс Азия мен Шығыс Еуропаның далалық аймағында бақташы тайпаларының бөлініп шығуы, шынында, б. з. б. II мыңжылдықтың басында болды деуге келеді, алайда әр- қилы табиғи ортадағы даму қарқынының әр түрлі болғанын ескеру керек. Алғашқы экономиканың қайта құрылуына бәрінен бұрын табиғи-климаттық өзгерістер себепші болды. Мәселен, қола дәуірінде ұзаққа созылған салқын-ылғал кезеңнің орнына климатгың жылылық пен қуаңшылыкка қарай бірте-бірте өзгеруінің мың жылдан асатын дәуірі келді, сөйтіп ксеротермиялык минимум дәуірі басталды. Қуаңшылық дәуірінде өзендердің суы тартылды, жайылмадағы алаңқайлар бірте-бірте құрғады, көлдердің су деңгейі төмендеді, түптеп келгенде, солтүстік жарты шардағы кұрлықтардың жалпы ылғалдылығы азайды. Климаттың жедел құрғауына байланысты Шығыс Еуропа мен Батыс Азиядағы далалық тайпалардың шаруашылығы мен тұрмысында болған өзгерістерді археологиялык деректемелер де растайды. Батыс және Орталык Қазақстанның ұзақ уақытқа арналған коныстарында сумен жабдықтаудың жаңа әдісі — кұдык қазу шытады. Егер Қазақстанның солтүстік аудандарының тұртындары мен Батыс Сібірдің орман және тайгалы аймақтарының тайпалары энеолит пен алдыңты қола дәуірінде шаруашылық және мәдениет жағынан бір-біріне көп ұқсас болса, кейін климат өзгергенде бұл ұқсастық жойылады. Б. з. б. II мыңжылдыктың ортасында, Орталық Қазақстандаты сияқты, бұл аудандарда да малшылык-егіншілік шаруашылық өрістеп, мал шаруашылығы басым дамиды. Оңтүстік Сібірде Нарым өлкесінің тайгалы-батпақты аудандарына дейін бұл аймақтың тұртындарына тән емес ежелті мал шаруашылығының шаруашылық дәстүрлерінің кең таралуын және Қазакстанның далалык тайпалары мәдениеті ыкпалының күшеюін, сірә, нақ сол табиғи-климаттық кұбылыстармен түсіндіруге болар. Тұрғындардың қоғамдық құрылысы мен отбасылық некелік катынасарында елеулі өзгерістер болды. Қола дәуіріндеті экономиканың басты-басты екі батыты болып табылатын мал шаруашылығы мен металлургияның тез дамуы өндіргіш күштердің өсуіне, қоғамдык еңбек мамандануының күшеюіне, қоғамдық өмірдегі ірі өзгерістерге жеткізді. Жеке отбасылар оқшауланды, отбасылық меншік кеңейді, рулық қауым ішінде мүлік теңсіздігі өсті.

Қала мәдениеті


Қола дәуірінде Азияда бұрын қалыптасқан қала мәдениеті (Месопотамия, Элам, Мысыр, Сирия) одан әрі дами түсті және жаңа мәдениеттер (Үндістанда – Хараппа, Қытайда – Инь) қалыптасты. Мұндай жағдай Еуропада да байқалды. Қала жұрттары, сарайлар, жергілікті жазу, т.б. деректер Еуропадағы өзіндік мәдени орталық еді. Бұл дәуірде кен қорына бай Кавказдың маңызы зор болды. Ол Шығыс Еуропаның далалық аудандарын мыс бұйымдарымен жабдықтайтын Еуразиядағы ең ірі металлургия орталықтарының біріне айналды. Қазақ жерін сол тұста мекендеген тайпалардың осы кезеңдегі мәдениеттері қола дәуірі ескерткіштері алғаш ашылған жерлердің атымен – Андрон мәдениеті, Беғазы-Дәндібай мәдениеті деп аталады. Қазақстандық археологтардан қола дәуірі бойынша Орталық Қазақстанды Ә.Марғұлан мен К.Ақышев, Солтүстік Қазақстанды А.Оразбаев, Шығыс Қазақстанды С.С. Черников пен А.Г. Максимова зерттеп, әр аймақтардағы өзгешеліктерді ашып көрсетті. Қола дәуірін кезеңге бөлуде зерттеушілер арасында әр алуан пікірлер бар. Қазақ жеріндегі қола дәуірі мәдениеттерінің басталуы мен дамуын Ә.Марғұлан негізгі үш кезеңге бөледі. Алғашқы кезеңі – ортаңғы; өркендеп дамыған кезеңі – Нұра және Атасу сатылары; соңғы кезеңі – өтпелі сәт пен Беғазы-Дәндібай мәдениетінен тұрады. Қола дәуірндегі экономиканың басты екі бағыты болып табылатын мал шаруашылығы мен металлургияның тез дамуы өндіргіш күштердің өсуіне, белгілі бір еңбек саласына маманданудың күшеюіне, қоғамдық өмірдегі ірі өзгерістерге жеткізді.

Көне кен орындары


Көптеген көне кен орындарынан мыс (Жезқазған, Зырянов, Қаршыға, Жалтыр, Ащылы, Ұратөбе, Күшікбай), қалайы (Атасу тауы, Қалба мен Нарын жоталары), алтын (Степняк, Қазаншұңқыр, Балажал, Ақжал, Дайбай, Майқапшағай, Ақабек) кентастары алынды (қола Ежелгі кен қазбалары). Тас және балшық құйма қалыптарда шаруашылыққа және тұрмысқа қажетті құралдар (орақ, балта, қанжар, пышақ, найза мен жебе ұштары, т.б.) құйылды. Сәндік заттар (ілгек, тізбек, білезік, моншақ, өңіржиек, сырға, т.б) жасалды. Қазақстан аумағын қола дәуірінде мекендеген тайпалардың әр түрлі материалдан (металл, тас, сүйек, қабыршақ) алуан түрлі заттар (еңбек құралдары, қару-жарақ, сәндік заттар, тұрмыстық бұйымдар) жасауда жоғары шеберлікке жеткені аңғарылады. Олар соғу, құю, қақтау, қысып өрнектеу, тегістеп жылтырату техникасын жақсы меңгерді, қатты материалдан жасалған заттарға өрнек сала білді. Қоныстарын өзендердің жайпақ жағасына, кең жайылмаға, мүйіске, кейде көл маңына салды. Қоныстар 6–10 үйден, үлкендері 20 үйден құралды. Тұрғын үйлері жартылай жертөлелер мен жер бетіндегі үйлер болып бөлінеді. Жартылай жертөлелер дәліз сияқты шығар аузы бар тік бұрышты, сопақ және сегіздік тәрізді салынды. Қабырғаларды бойлай тік бағандар орнатылды, арасына ағаштар немесе шарбақтар қойылып, балшықпен сыланған. Тұрғын үйлер аумағы 100 шаршы метрден 300–400 шаршы метрге дейін жетті. Орталық және Батыс Қазақстанда ағаш аз болғандықтан, тұрғын үй қабырғаларына тас көп қолданылды. Жер үстіндегі үйлердің қабырғалары бөренелерден жасалды. Қоныстарға жақын жерде рулық зираттар болды. Қабірлердің үсті айнала жалпағынан салынған немесе қырынан қойылған және қазылып орнатылған тақта тастардан тік бұрышталып, шаршыланып, дөңгелектеніп қоршалды, кейде обалар да етегінен тақта тастармен айнала көмкерілді.

Ескерткіштер

Кейбір ескерткіштер көрнекілігімен, құрылыстарының күрделілігімен ерекшелінеді. Мыстытас, Беғазы ескерткішін тұрғызу үшін салмағы 3 тоннаға жететін алып мәрмәр тастар қолданылған. Батыс Қазақстандағы Тастыбұтақ 1 (Федоров кезеңі) қорымында мәйіттер қабірге немесе жалпақ тастан жасалған жәшіктерге салынып жерленген. Кей жағдайларда мәйітті өртеу рәсімі де кездеседі. Орталық Қазақстанның Нұра кезеңіне жататын жерлеу рәсімі, негізінен, мүрдені өртеп тас жәшіктерге немесе табытқа салу болды. Атасу кезеңінде мәйіттер бүктетіліп, көбінесе сол қырынан жатқызылды, қолдары қусырылды, басы батысқа қаратылып, кейде аздап солтүстіккеке не оңтүстікке бейімделіп жатқызылды. Нұра кезеңінен келе жатқан қазулы шұңқырмен және цисталармен қатар, тік бұрыш тас жәшіктер тарады. Жәшіктер шомбал, жалпақ төрт тақта тастан құралып, қабір шұңқырының төрт жағынан қойылды. Керамика ыдыстарын жасаумен, негізінен, әйелдер шұғылданды. Ыдыстар қолмен жапсырылып жасалды. Қола дәуірінің алдыңғы кезеңінде бүйірі тік немесе біраз шығыңқы, мойны ішке қайырылған, түбі жайпақ ыдыстар басым болды. Ортаңғы қола дәуіріне тән құмыралардың түбі жайпақ келеді, иіні дөңгелектеніп немесе иініне мойны мен бүйірін бөліп тұратындай ойық жасалады. Соңғы қола дәуірін иіні дөңгелек, бүйірі аздап шығыңқы құмыралар сипаттайды. Ернеуіне қиғаш және айқыш-ұйқыш кертпелері бар балшық таспа жапсырылады. Оларға әрбір кезеңнің өзіне тән геометриялық өрнектер (жарты, үш бұрыш, меандр, ирек сызық, қисық ойық, т.б.) түсірілді. Қола дәуірінде әлеуметтік және әскери-саяси құрылымдарда рулық-тайпалық бөлімшелер пайда болды. Материалдық игіліктерді өндіруде ерлер рөлі күшейді. Туыстық әке жағынан есептеле бастады. Қола дәуірінің соңғы кезеңінде ру ыдырап, одан жеке отбасы шаруашылықтары бөлініп шықты, айырбас кең өріс алды. Қола дәуірі тайпалары тұрмысы мен әл-ауқаты табиғатқа тәуелді болғандықтан, адам табиғат күшін құдірет деп білді. Олардың отқа табынғандығын мәйітті өртеу ғұрпы, қабірге күл мен көмір қалдықтары салынғаны дәлелдейді. Тайпалар арасында ата-бабаға сыйыну, о дүниеге сену кеңінен тарады. Құрбандық күнге, отқа, айға, жұлдыздарға арнап шалынды. Қола дәуіріндегі Қазақстан тайпалары негізінде ертедегі көшпелілердің мәдениеті қалыптасты.



Қола дәуіріндегі тайпалар

Тест:
1) Қола дәуірінің алғашқы кезеңінде қандай шаруашылық тез

дамып негізгі салаға айналды?
А. Егін шаруашылығы Ә. сауда қатынасы

Б. Мал шаруашылығы В. Аң аулау
2) Б.з.б 2мыңыншы жылдықтың алғашқы ширегінде Еуразия даласында не өндіру ойлап табылды?
А. Темір Ә. Қола

Б. Тас В. Мыс
3) Қола дәуірінде қандай бірлестіктер құрылды?

А. Рулық Ә.

Б. Тайпалық В.
4) Андронова Селосы маңынан табылған ескерткішті алғаш рет қай жылы А.Я.Тугаринов ашты?
А) 1914 ж Ә) 1955 ж
Б) 1920 ж В) 1900 ж

5. Андрон мәдениетінің негізгі орталықтарының бірі?
А) Қырғыстан Ә) Қазақстан
Б) Қытай В) Ресей

6. Түгіскен мазарларының бірінен қаншадан астам ыдыстың жиынтығы табылды?
А) 60 Ә) 40
Б) 100 В) 80



7. Түгіскеннен табылған материялар мазарларының б.з.д қай ғасырларда салынғанын көрсетеді?
А) ХІ – V ғ Ә) VІІ – V ғ
Б) Х – VІІ ғ В) ІХ - VІІІ ғ

8. Андрондық тайпалардың үйлерінің көлемі қанша шаршы метр?
А) 60-150 шаршы метр Ә) 200-400 шаршы метр


Б) 100-400 шаршы метр В) 70-700 шаршы метр
9. Қола дәуіріндегі тайпалардың тұрмыс тіршілігі неге тәуелді болған?
А) Суға Ә) Табиғатқа
Б) Жануарға В) Көкке

10. Ежелгі қола құралдары қай жерлерде табылды?

А) Оңт. Иран, Түркия Ә) Ирак, Иран

Б) Қазақстан, Ресей В) Ресей
11. Қола дәуіріндегі қоғамның дамуы неше факторға байланыты?

А) 3 Ә) 6

Б) 4 В) 2
12. Материалдық иеліктерді өндіруде кімдердің рөлі күшейді?

А) Әйелдердің Ә) Жастардың

Б) Ерлердің В) Үлкен әжелердің
13. Анд­ро­нов тай­па­лары қашан өмір сүрген?

А) темір дәуірі Ә) тас ғасы­ры

Б) қола ғасы­р В)Тас­тан мысқа өтпелі ке­зеңде
14. Қола­ның құра­мы қан­дай?

А) Қалайы мен мыс­тың қор­тынды­сы

Ә) мыс пен ал­тынның қорыт­па­сы

Б)та­биғат­та та­за түрде кез­де­седі

В) мыс пен темір қорыт­па­сы
15. Қола ғасы­ры ор­та­лық Ев­ра­зия кон­ти­нентінде қай мәде­ни­ет­пен бай­ла­ныс­ты?

А) түркі мәде­ни­еті Ә) сақ мәде­ни­еті

Б) скиф мәде­ни­еті В) анд­ро­нов мәде­ни­еті
16. Анд­ро­нов мәде­ни­етінің ес­керткіштері алғаш қашан та­был­ды?

А) 1924 ж. Ә) 1950 ж.

Б) 1914 ж. В) 1921 ж.
17. Анд­ро­нов мәде­ни­еті қай дәуірдің ал­дында қалып­тасты?

А) қола ғасы­ры Ә) не­олит

Б) темір ғасы­ры В) тас ғасы­ры
18. Анд­ро­нов тай­па­лары тұрғылықты ме­кен-жай үшін (б. з. б. XVI­II-VI­II ғғ.) нені пай­да­ланған?

А) үңгірлерді Ә) ағаш үй­лерді

Б) киіз үй­лерді В) бал­шық үй­лерді
19. Анд­ро­нов­тарға бағалы болған мал­дың түрі

А) си­ыр Ә) жылқы

Б) қой В) ешкі
20. Қола дәуірінде қан­дай үй тұрақта­ры көбірек та­раған?

А) киіз үй­лер Ә) тас­тан және бал­шықтан жа­салған үй­лер

Б) үлкен жертөле­лер В) үңгірлер
21. Анд­ро­нов­тықтар жер­леу рәсімінде адам­ды қалай қойған?

А) ұзын­нан со­зылған, қолы қусы­рылған түрде

Ә) бетін төмен қара­тып

Б) жа­уап­тардың ішінде дұры­сы жоқ

В) бүктел­ген түрде
22. Жер­ленген анд­ро­нов­тықтар­дың ба­сы қай жаққа бағыт­та­лып қойылған?

А) шығыс не­месе солтүстік-ба­тыс

Ә) солтүстік

Б) ба­тыс не­месе оңтүстік-ба­тыс

В) оңтүстік
23.Қола дәуіріедегі адамдар астықты немен орған?

А) Пышақпен Ә) Қолмен

Б) Орақпен В) Арамен

Қола дәуір кезеңіндегі Қазақстан
Металлург мамандығының жетілуі

Овал 3Қару-жарақ Мүлік теңсіздігінің шығуы

Отбасылық меншіктің кеңеюі

Еңбек құралдары

Аталық рулық қатынас

Мал шаруашылығының Көшпелі мал шаруашылығы

Қола дәуірі




Блок-схема: процесс 15Блок-схема: процесс 16Блок-схема: процесс 17Блок-схема: процесс 18Блок-схема: процесс 19Блок-схема: процесс 20Блок-схема: процесс 21Блок-схема: процесс 22



Қола дәуіріндегі Қазақстан аймағындағы ескерткіштері және мәдени кезеңдері

Андронов мәдениеті Нұра кезеңі (б.з.б XVII-XVIғғ.)

Атасу кезеңі (б.з.д. XV-XIIғғ.)

Беғазы-Дәндібай мәдениеті (б.з.д.XII-VIIIғғ.)

Жерлеу дәуіріндегі ерекшеліктер

Көне қорғандар тас қоршау, тас сандық жартылай өртеп қою, қол-аяғын бауырына алып отырғызып жерлеу

Жерлеу орындары дөңгелек, төртбұрыш. Тас сандық. Қос қабір. Қол-аяғын бүгіп бір қырынан жатқызып жерлеу

Қорған қоршаулар. Үлкен жерлеу құрылыстары

Ыдыстар, құралдар жасаудағы ерекшеліктер

Қыш ыдыстар- иығы дөңгеленген, мойнынан бүйіріне қарай тіктеу. Өрнек мойнынан бүйіріне дейін біртұтас

Қыш ыдыстар – құмыралар, өрнек мойнында, ортан белінде, кейде түп жағында

Қыш құмыралар – ернеуі тік, бүйірі шар тәріздес, түбі тегіс. Өрнектер әр түрлі

Әлеуметтік – рухани дамуы

Құмыраларға тамақ салып бірге қою мінәжат ететін арнаулы орын

Мал етін салған құмыра қою. Туыстар зираты

Жекеменшік қатынас орнай бастады

Қола дәуіріндегі ру-тайпалардың шаруашылығы, қоғамдық құрылысы

Блок-схема: процесс 35Блок-схема: процесс 36Блок-схема: процесс 37Блок-схема: процесс 38Блок-схема: процесс 39Блок-схема: процесс 40Прямая со стрелкой 42Прямая со стрелкой 44

Қола дәуірі тайпаларының шаруашылығы

Кестені толтыр:




Р/с

Жылқының сипаты

Шоқтығының биіктігі

1








2








3










  1. Кен бұдан 5 мың жылдай бұрын өндіріле бастаған. Ал қола дәуірінде кенді өндіріп, балқыту кең көлемде жүргізілген. Қола дәуірі нешінші мыңжылдықтар аралығын қамтығанын уақыт сызығына салып көрсет. Кенді өндіріп балқытуға дейін қанша уақыт өткенін есепте.


5 м.ж ІІІ м.ж ІІ м.ж 1 1 2010

Б.з.б Б.з

Есеп: 5 м.ж – ІІ м.ж = ІІІ м.ж

Жауабы: ІІІ мыңжылдық өткен.




  1. Ежелгі заманда Жезқазған өңірінде шамамен 100 мың т.

мыс қорытылған. Успен руднигінде 200 мың т кен

өндірілген. Қай рудникте көп өндірілді және қанша т

артық (кем) өндірілген?

Жезқазған – 100 мың т Успен – 200 мың т



Есеп: 200 000 – 100 000 = 100 000

Жауабы: Успен руднигінде көп өндірілген. 100 мың т артық.

Жезқазғанда 100 000 т кем өндірілген.



Қола дәуір кезеңі

Ерте қола дәуірі

Б.з.б. XVIII – XV ғ.ғ.

(Феодоров кезеңі)


Орта қола дәуірі

Б.з.б. XV – XIIIғ.ғ.

(Алакөл кезеңі)


Кейінгі қола дәуірі

Б.з.б. XIII – VIIIғ.ғ.



(Замараев кезеңі)


3.



Андрон мәдениеті мен Беғазы-Дәндібай мәдениетін салыстыр.


Андрон мәдениеті

Беғазы-Дәндібай







7. Андрондықтардың шаруашылығы мен кәсібі.

Мал бағу (бақташылық) Кетпенді-теселі егіншілік Балық аулау



  1. Отыршылық (бидай, арпа, тары)

  2. (сиыр, қой, ешкі, жылқы) Дән тартатын диірмен

(тесе, мыс пен қола орақ)


Қазақстан қола дәуірінің ерекшеліктері.


Андрон мәдениеті



1. Металл өңдеу игерілді. Кенг өндіру мен металл өңдеу ісі өркендеді


2. мал бағудың көшпелі түріне қалыптаса бастады.

3. Жер өңдеудің қарапайым түрі, теселі егіншілік дамыды.




Жартылай жер

бетіндегі үйлер

Жертөле

Сәйкестендіру тесті


р/с

Тапсырмалар

Дұрыс жауап тізімі

Қате жауаптар тізімі

1

Қала дәуірінің хронологиялық шеңбері




1. Тәсілі егіншілік.

2

Қала дәуіріне жататын Солтүстік Қазақстандағы қоныстар.




2. 30 қоныс, 150 оба

3

Орталық Қазақстан аумағынан зерттелген қола дәіріне тән қоныс, оба саны.




3. Петровка, Боголюбов.

4

Андрондықтардағы егіншілік.




4. б.з.б. 2800 жыл – б.з.б. 900 жыл аралығы

5

Қола дәуіріндегі өрістеген ыдыс түрі.




5. Арқайым


6

Ерте қола дәуірінің логиясы




6. Сиыр, қой, ешкі, жылқы

7

Қола дәуіріне жататын Қостанай облысы мен Ресейдің Челябі облысының шекарасынан табыған қала.




7. Көзе құмыралар.

8

Андрпондықтар өсірген мал түрі.




8. Жертөле, жартылай, жер бетіндегі үйлер.

9

Андрондықтардың баспаналары.




9. б.з.б. XVIII – XV ғасырлар.



Бақылау сұрақтары:
1)Қола дәуірі қай жылдаоды қамтиды?
2)Қоланың қоспасын атаңыз?
3)Ежелгі қола құралдары қай жерлерде табылды?
4)Адамзат баласы мысты қай дәуірде игерді?
5)Мыспен салыстырғанда қоланың артықшылығы қандай?
6)ЙҚола дәуірінің алғашқы ширегінде қандай шаруашылық тез дамыды?
7)Андрон мәдениетінің қола дәуірдегі басқа мәдениеттерден ерекшелігі?
8)Қала мәдениеті жайлы не білесің?
9)Қола дәуірінің ескерткіштері?
10)Андрон тайпалары немен айналысты?



1 Проблемалық жағдаят



Адамзат баласының жер бетінде пайда болуы жөнінде қандай көзқарастар бар? Бұл пікірге өз көзқарастарың қандай?



3 Проблемалық жағдаят
1. Ежелгі тас ғасыры адамдарының ой-өрісі, тәжірибесі дами келе нені үйренді?

2. Алғашқы адамдардың баспанасы болды ма?

3. Олардың ашқан жаңалықтарының қандай пайдасы болды?


3 Проблемалық жағдаят



1. Алғашқы адамдар қонысы - әйелдер, балалар және ер адамдар бар үлкен топ. Алғашқы адамдардың қонысы көбіне ірі аңдар өтетін жерге жақын болды.Әйелдер мен балалар жеміс-жидек, жерге түскен дәнді, құстардың жұмыртқаларын жинады. Ер адамдардың міндеті-.......................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................






Каталог: uploads -> doc -> 0283
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0283 -> Мерзімі: 28. 09. 2015. Сынып: 3 «А» Мұғалім: Сарсенбаева Жайна Сынып сағаты Тақырыбы: Мектептегі оқушының міндеті мен ережесі Мақсаты: 1
0283 -> Сабақ реті: Тарау


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет