Сабақтың технологиялық картасы І блок «Мақсаттылық»



Дата12.03.2018
өлшемі131,79 Kb.
#38614
түріСабақ
«Бекітілді»

_______ ____________________

(қолы) (аты-жөні)


Сабақтың технологиялық картасы

І блок «Мақсаттылық»

Пән атауы: Физика

Мамандығы: «Негізгі мектептің шет тілі мұғалімі»

Тобы: ШТ-Д-15

Күні:21.10.2015ж

Оқытушының аты-жөні: Аманбаева Г.Қ

Сабақтың тақырыбы:

Деформация түрлері. Серпімділі, беріктілік, пластикалық.

Құзыреттілікті қалыптастырудағы сабақтың негізгі мақсаты:

Базалық

Деформация түрлерін, Гук заңы туралы негізгі ұғымдардын, тәсілдерін, қасиеттерінің негізгі ережелерін меңгеруі

Кәсіптік

Берілген тапсырмаларды, жағдаяттарды шешуде ақпаратты таңдауға шешімдер қабылдай және өз шешімінің салдарын бағалай білуі

Коммуникативтік

- нақты қоршаған ортамен байланысты есептерді шығара алу, мысалдарды шешу үшін әртүрлі ауызша және жазбаша жұмыстарын жүргізу;

- топтық тапсырмаларды бірлесіп, қауымдастықта шығара білуге үйрету;



Проблеманы шешу

Өз бетімен мақсатты жоспарлауға, дәлелдеуге және іске асыруға қалыптасуы

Сабақтың міндеттері:


Білімділік

Серпімділік күші, деформация және Гук заңының қандай физикалық шамаларға тәуелді екендігін білу міндеті.

Тәрбиелік

Оқушылардың білім деңгейін және білім мазмұнының тұрақтылығы мен оны игерудегі іскерлік пен дағдыны бақылау.Сабақ барысында оқушылардың дербестігін, пікір алмасуға, шығармашылық өздігінен білім алуға тәрбиелеу.

Дамытушылық

Серпімділік күші, деформация және Гук заңы туралы білімдерін, оқушылардың өзіндік ойлау белсенділігі мен танымдық қызығушылығын дамыту.Жауапкершілікті сезіне отырып жұмыс жасауға, өз жолдасының пікірін тыңдауға тәрбиелеу.

Сабақтың типі:

Лекция

Сабақтың түрі:

Аралас

Оқытудың технологиясы:

ДОТ,МОТ, КОТ элементтері

Қалыптасатын



Білім

Білік

Дағды

Деформация түрлерін (күштік әсер, пластикалық және серпімділік күшін), Гук заңын біледі;

Деформация түрлерін, қасиеттерін ажырата білуі, графигін түсіндіре алады;

Деформация түрлерін, қасиеттерін ажыратып анықтай алады;

Пәнаралық байланыс:

Математика

ІІ блок «Сабақтың жабдықталуы»

Қолданылатын дидактикалық материалдар:

Таратпа материалдар

Негізгі әдебиеттер

Қосымша әдебиеттер

ОӘК

Электронды оқулық, ноутбук, интерактивті тапсырмалар, слайд-презентация, тест тапсырмалары

Еспептер



1. Жданов Л.С., Жданов Г.Л., Физика.Учебник для средних специальных учебных заведаний.-М.:Наука,1986

2. Кронгарт Б.А.,Кем В.И.,Қойшыбаев Н. Физика /Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану – математика бағытындағы 10-сыныбына арналған оқулық/.-Алматы: Мектеп, 2006

3. Г.Я., Буховцев Б.Б Физика / Орта мектептің 10-сыныбына арналған оқулық/.-Алматы: Мектеп, 2001

4. Сборник задач и вопросов по физике. Учебное пособие для средних специальных учебных заведений. / Под ред. Р.А.Гладковой. – М: Наука, 1998

5. Дондукова Р. А. Руководство по проведению лабороторных работ по физике. –М.: Высш. Шк., 1984


1. Прокофьев В.Л., Дмитриева В.Ф. Физика. –М., 1983

2. Методика преподавания физики в средних специальных учебных заведениях /Под. Ред. Пинского А.А., Самойленко П.И. –М.: Высш. Шк., 1986

3. Рябоволов Г.И., Дадашева Н.Р., Курганова В.А. Сборник дидактических заданий по физике. –М.: Высш. Шк., 1985

4. Степанова Г.Н. Сборник задач по физике –М.: Просвещение, 1995

5. Рымкеевич А.П. Сборник задач по физике. –М.: Просвещение, 1990


Масса және күш тарауына арналған дидактикалық кешен

Қолданылатын техникалық құралдар:

плакаттар, оқулық , кестелер, тест парақшасы, интерактивті тақта, штатив, динамометр,

ІІІ Блок «Ұйымдастыру – рефлекциялық»

Сабақ барысы:

Оқытушы іс-әрекеті

Оқушы іс-әрекеті

Күтілетін нәтиже

Оқыту технологиясы

І. Оқу іс-әрекетін ұйымдастыру, мотивация

-топ оқушыларын түгелдеу;

-аудиторияның сабаққа дайындығын бақылау;

-сабақ мақсатын қою;


-оқу құралдарының дайындау;

-сабаққа назар аудару;



-сабақ өтуге қолайлы жағдай




ІІ. Сабақтың тақырыбы

Мақсаттың қойылуы

Серпімділік күші, деформация және Гук заңының қандай физикалық шамаларға тәуелді екендігін білу

-жаңа материалдарды ұғынады;

- Деформация түрлеріне және Гук заңына мысалдар келтіреді;

-есеп шығару үлгісімен танысады;


-жаңа ұғыммен таныс болады,

-Деформация және түрлерін, Гук заңын ұғынады;

-есептер шығаруға дағдыланады;

- Деформация түрлерінің ерекшеліктері жөнінде ұғым қалыптасады;



ДОТ, МОТ КОТ элементтері

ІІІ. Білім, іскерлік, дағдыларды қалыптастыруға керекті білімдер

  1. Деформация дегеніміз не, оның түрлері

  2. Серпімділік күші

  3. Гук заңы




-есеп шығаруға қажет материалдармен қаруланады;

-есеп шығару барысында кестемен жұмыс жасай ды;



Алған білімдерін пайдалана отырып, аталған тақырып

бойынша сабақта жұмыс жасауға(есеп шығаруға) дайын болады;



ДОТ, МОТ элементтері

ІҮ. Алған білімді бекіту

  • Бақылау сұрақтары

  1. Күш деген не?

  2. Күштің түрлері.

  3. Серпімділік күші дегеніміз не?

  4. Гук заңы нені анықтайды?

  5. Деформация дегеніміз не, оның қандай түрлері бар?




-берілген есептерді шығару;

-дәптеріне түсіріп алу;

-ой-тұжырым жасау;


Формулаларды қолданып есептер шығаруды меңгереді, машықтанады, логикалық ой-өрісі дамиды;




Ү. Білімді бақылау, бағлау

Сабақта белсенділік танытып, есеп, тест сұрақтарына жауап берген оқушыларды бағалау

Білім нәтижесін сараптайды

Өз білімін бағалауды үйренеді




ҮІ. Үй тапсырмасын беру

Теориялық тапсырма: Газ заңдары

Шығармашылық тапсырма: Исаак Ньютон, Роберт Гук еңбектеріне реферат жасау; Рымкевич есептер жинағынан есептер шығару

Үй тапсырмасын сұрау

1. Бір дененің екінші денеге әсері қалай байқалады?Мысал келтіріңіз.


2. Дененің жылдамдығы ненің әсерінен өзгереді?
3. Күш деп нені айтады?
4. Күш сызбада қалай кескінделген?
5. Күш қандай шама: скаляр ма, әлде вектор ма?
6. Күш бірлігі ретінде не қабылданған?
7. Күштің өлшем бірлігінің қатынасы.

Осы тақырыпқа қатысты терминдерді ағылшын тілінде үйренейік.



Қазақша

Орысша

Ағылшынша

Күш

Сила

Ғorce

Серпімділік

Упругость

Elasticity

Гук заңы

Закон Гука

Hooke'slaw

Деформация

Деформация

Deformation

Созылу

Растяжение

Stretching

Сығылу

Сжатие

Compression

Бұралу

Кручение

Torsion

Майысу

Изгиб

Bending

Ығысу

Сдвиг

Shift

Серпімді

Упругий

Elastic

Пластикалық (серпімсіз)

Пластичный

Plastic

Дененің серпімді деформациялануында пайда болатын күшті серпімділік күші (Deformation force) деп атайды. Серпімділік күші денені құрайтын бөлшектердің электромагниттік өзара әсерлесуінен пайда болады

Денелердің күш әсерінен формасы мен көлемінің өзгеруі деформация (Deformation) деп аталады

Деформация себебі: атомдардың арақашықтығын өзгерткенде олардың арасындағы күштер де өзгеріске ұшырайды және ол күштер денені бастапқы қалпына әкеліуге тырысады.

  1. Денеге күштіңәсер етуін тоқтатқаннан кейін ол дене бұрынғы қалпына қайтып келсе, ондай деформацияны серпімді деп атайды.

  2. Денеге күштіңәсер етуін тоқтатқаннан кейін ол дене бұрынғы қалпына қайтып келмесе, ондай деформацияны серпімсіз деп атайды.

Серпімсіз денелерде серпімділік күштері болмайды!

Серпімді деформация түрлері:



Созылу

Сығылу

Бұралу

Майысу

Ығысу

Енді оқушылар сендер тақтадағы нұсқауларға сүйене отырып тәжірибелер жасап қорытынды жасайсыңдар.

Жаңа тақырыпты тәжірибе арқылы игеру

1-тәжірибе:

Серіппені штативке іліп, оған массасы белгілі жүктерді іліп созылуын бақылаймыз. Әрбір жүкті ілген сайын созылуын сызғышпен өлшеп, белгілеп алып отырамыз.

Қорытынды жасаймыз.

Дәптерге жазу:

«серіппеге неғұрлым көбірек жүк ілсек ол көбірек созылады.»

2- тәжірибе.

Қатаңдығы басқа серіппені штативке іліп, оған алдыңғы серіппеге ілген жүктерді ретімен іліп п созылуын бақылаймыз. Әрбір жүкті ілген сайын созылуын сызғышпен өлшеп, белгілеп алып отырамыз. Алдыңғы серпіппенің ұзаруымен салыстырып қорытынды жасаймыз.



Дәптерге жазу:

«серіппенің созылуы оның жасалған материалына тәуелді.»



1-эксперименттің қорытындысы

Серпімділік күші дененің абсалют ұзаруына (созылуына) тура пропорциональ



2-эксперименттің қорытындысы

Серпімділік күші дененің жасалған материалының қатаңдығына тура пропорциональ



Серпімді деформация үшін Гук заңы (Hooke's law)

Деформация кезінде пайда болатын серпімділік күші дененің абсалют ұзаруына (сығылуына) тура пропорциональ және деформацияланған бөлшектердің орын ауыстыруына қарама-қарсы бағытталған.

Fсерп=-kx k- дененің қатаңдығы, x- деформация.



Тақырыпты қайталап есептер шығару:

А-деңгей

  1. Болат серіппе 260Н күштің әсерінен 40мм-ге созылды. Серіппенің қатаңдығы неге тең?

  2. Шиыршық серіппенің ұзындығы 3,5 см-ге қысқартқанда 1,4 Н серпімділік күш пайда болады. Оны 2,1 см ұзартқанда серпімділік күші қандай болады?

  3. Есікті ашқанда оның серіппесі 12 см ұзарды, сонда серпімділік күші 0,004кН тең, серпімділік күші 10Н-ға тең болуы үшін серіппені қаншаға ұзарту керек?

  4. 320Н күштің әсерінен амортизатордың серіппесі 9мм-ге сығылады. 1,6кН күштің әсерінен серіппе қаншаға сығылады?

В-деңгей

  1. Жай тұрған серіппенің ұзындығы 88 мм, оны 120 мм-ге дейін ұзартқанда 120 Н серпімділік күші пайда болады. Осы серіппеге 90Н күш түскендегі ұзындығын анықтаңдар.

  2. Серіппенің қатаңдығы 6*103н/м. Оның оның серпімділік қасиетінің сақталу шегі 18мм. Егер серіппеге 50Н, 100Н және 150Н күш түсіретін болсақ серіппенің серпімділік қасиеті сақтала ма?

  3. Серіппеге массасы 20 кг жүк ілгенде, оның ұзындығы 12 см, ал 50 кг жүк ілгенде 15 см болса, онда оның бастапқы ұзындығының мәні қандай болған?

С-деңгей

  1. Қатаңдығы 400 Н/м металл сымға ілінген, массасы 3 кг дене вертикаль жоғары 2 м/с2 үдеумен қозғалады. Сымның созылуы неге тең. ()

  2. Қатаңдығы 0,3 кН/м трос массасы 2 кг денені тең үдеуімелі вертикаль жоғары көтерілгенде 4 см – ге созылады. Дененің үдеуі неге тең. ()

  3. Көтергіш кран тросының массасы 600 кг денені, 3 м/с2 үдеумен вертикаль жоғары көтерілгенде 10 см – ге созылады. Тростың қатаңдығы? ()

  4. Қатаңдықтары бірдей k тізбектей жалғанған 4 серіппенің жалпы қатаңдығы қандай болады?


Сабақты бекіту :

  • Серпімділік күші әсерлесуші екі бөлшектің ара қашықтығының өзгеруіне байланысты болады.

  • Бұл күш денелерді сыққанда, созғанда және т.б. жағдайларда пайда болады.

  • Серпімділік күшті Гук заңы арқылы анықтауға болады.

  • Минус таңбасы серпімділік күшінің деформацияланған бөлшектердің орын ауыстыруына қарама-қарсы бағытталғанын көрсетеді.

Тест

NetClass бағдарламасы бойынша ноутбуктармен жасалады

Нәтижесі экранға шығарылады.

1. Қатаңдық коэффициенті 100 Н/м серіппені 0,01 м-ге созатын күш

A) 100 Н.

B) 50Н.

C) 1 Н.


D) 5 Н.

{Правильныйответ} = C



2. F=3 Н күштің әсерінен 6 см-ге ұзарған серіппенің қатаңдығы

A) 10 Н/м.

B) 50 Н/м.

C) 0,5 Н/м.

D) 5 Н/м.

{Правильный ответ} = В



3. Қатаңдығы 300 Н/м серіппе 50 мм-ге созылды. Жүктіосындай деформацияға ұшыратқан күштің шамасы неге тең?

A) 15Н


B) 20 Н

C) 21 Н


D) 18 Н

{Правильный ответ} = А



4. Серіппеге ілінген массасы 3 кг жүк, оны 1,5 см созады. Егер 4 кг жүк ілінсе, онда оның созылуы

A) 6 см.


B) 4,5 см.

C) 4 см.


D) 2 см.

{Правильный ответ}=D



5. Роберт Гук өзінің заңын қай жылы тұжырымдады?

А. 1661


B. 1660

C. 1662


D. 1665

6.Серпімділік ағылшынша?

А. Force


B. Еlasticity

C. Density

D. Mass

7. Күш ағылшынша?

А. Force


B. Volume

C. Density



D. Mass
Каталог: uploads -> doc -> 0518
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0518 -> Адам баласы кейбір өсімдіктерді әр түрлі ауруларды емдеуге пайдалануға болатындығын алғашқы қауымдық кезеңне бастап ақ білген


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет