Сабақтың тақырыбы: Жамбылдың өмірі , шығармашылық жолы
Сабақтың мақсаты: білімділік- Жыр алыбы – Жамбыл бабамыздың өмірбаяны мен шығармашылығын оқытуда оқушыларға жан- жақты , терең білім беру үшін ақынның туған халқына, оның әдебиетіне сіңірген еңбегін танып білуді, іздендіре отырып меңгерту;
дамытушылық- оқушылардың терең ойлау қабілеттерін, ауызекі сөйлеу деңгейлерін, мәнерлеп оқу машықтарын дамытутәрбиелік- адами –шынайы биік қасиеттерге адамгершілікке,қайырымдылыққа , елжандылыққа,әдебиетті сүюге,сыйластыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі- жаңа білім беру сабағы.
Сабақтың түрі- зерттеу сабағы.
Болжамданған нәтиже- өз ой—пікірлерін еркін,ашық айта алулары, білім мазмұнын игеруі.
Пәнаралық байланыс: тарих, өнер, география.
Сабақтың көрнекілігі : интерактивті тақта,ақын кітаптары, ақын туралы мағлұматтар жинағы.
Сабақтың барысы:Оқушылармен сәлемдесіп, бүгінгі сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру.
Жаңа тақырыпты меңгерту.
I.Қызығушылықты ояту кезеңі.«Ой қозғау» стратегиясы.
а) Жамбыл туралы не білесіңдер?
ә) төменгі сыныптарда қандай шығармаларымен таныстыңдар?
б)ақын атына айтылған қандай сөздерді білесіңдер?
в) суырып салма дегеніміз не?
«Сұрақ -жауап» бөлімі бойынша «Жүз жыл жырлаған жүрек» Жамбылдың өмірі мен шығармашылығына шолу жасалады.
«Топтастыру» стратегиясы.
Ақын өміріне, ақындық қасиетке байланысты сөздерді теріп алып топтастыру. Ақынның ақындық ,тұлғалық бейнесін жасау.
Өлең сөздің даналығы
Өнерлі Дара жүйрік
Суырып салма Айтыс дүлділі
айтыскер Ауыз әдебиетін жалғастырушы
«Жылдар жаңғыры» хронологиялық кесте
Жылдар
|
Негізгі оқиғалар
|
Шығармалары
|
1846ж
|
|
|
1863—1864жж
|
|
|
1881ж
|
|
|
1916ж
|
|
|
1936ж
|
|
|
1941-1945жж
|
|
|
«Жыр алыбы—Жамбыл» Жамбыл баба жырларына кезек берейік.
Оқушылардың жаттаған өлеңдері тыңдалады.
«Инсерт» әдісі бойынша: «Не білдім, не білгім келеді?» деген сұрақтар негізінде алдарыңда жатқан параққа өз ойларыңды түсіріңдер.
Не білдім?
|
Не білгім келеді?
|
|
|
|
|
Қорытындылау, бағалау
«Менің пірім – Жамбыл баба» тақырыбына ой толғау жазу,жазғандарын тыңдау.
Үйге тапсырма: Жамбыл Жабаевтың шығармашылығын оқып , өз қалауларымен өлеңдерін жаттап келу.
Достарыңызбен бөлісу: |