Гаухар Қошайқызы Айтешова
№ 6 жалпы білім беретін орта мектебінің
қазақ тілі пәні мұғалімі,
БҚО, Ақсай қаласы,
Бөрлі ауданы
Мақсаты: Оқушылардың спортқа деген қызығушылығын арттыру.
Білімділік: Оқушылардың олимпиада ойындары жайлы білімдерін толықтыру.
Дамытушылық: Оқушыларға тақырыпқа сай тапсырмаларды орындата отырып, диалогтік сөйлеу дағдыларын дамыту.
Тәрбиелілік: Спортпен айналысуға тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа сабақ
Сабақтың түрі: тіл дамыту
Сабақтың әдістері: сұрақ-жауап, түсіндіру, ізденіс
Көрнекілігі: слайд, видео, үлестірмелі жұмыстар
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылар үлестірмелі қағаздағы жазылған жасырын тілектерді бір-біріне оқып, сәттілік тілейді.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: Қазақ спортшылары туралы видео көрсету сол арқылы үй тапсырмасын сұрау. Бұл спортшы туралы не білеміз? (мыс. Жақсылық Үшкемпіров кім? Ольга Шишигина кім?)
Миға шабуыл. Видео. « Спорт түрін тап» Түрткі сұрақтар.
1.Бұл видеодан не көрдік ? Бұл не туралы ? қандай спорт түрлерін білеміз ?
ІІІ. Жаңа сабақ .
Сөздікпен жұмыс:
Қысқы – зимний \-яя -ее
Жазғы – летний \ -яя -ее
Бір рет – один раз
Бағдарлама – программа
Оқылым. 96 бет. 1 –тапсырма .Оқылым бойынша сұрақтарға жауап алу.
Олимпиада туралы мәлімет.
Қысқы және жазғы олимпиада ойыны туралы мәлімет. Слайд.
Олимпиада ойындары төрт жылда бір рет өткізілетін ең ірі халықаралық кешенді спорттық жарыс. Тұңғыш рет ХІХ орта тұсында Грекияда Олимпиада ойындарын қайта жандандыру мақсатында біраз әрекеттер жасалды. Сөйтіп, 1859, 1870, 1875 және 1889 жылдары Афинада грек спортшыларының қатысуымен секіру, жүгіру, диск, найза лақтыру, гимнастика сияқты спорт түрлерінен жарыстар өтті.Олимпиада ойындары 6-15 сәуір аралығында өткен. Ашылу салтанатын ағылшындар ұйымдастырған. Ал додаға 13 мемлекеттен (Австро-Венгрия бөлек команда ретінде, Болгария, Ұлыбритания, Германия, Грекия, Дания, Италия, АҚШ, Франция, Чили, Швейцария, Швеция) 241 спортшы қатысқан. Барлығы 9 спорт түрі (грек-рим күресі, велоспорт, гимнастика, жеңіл атлетика, суда жүзу, нысана көздеу, теннис, ауыр атлетика, семсерлесу) бойынша жеңімпаздарды анықтаған. Ал жарыстағы ең ерекше спорт түрі ретінде марафон бағаланған. Бірінші болып келген грек елінің желаяғы Спиридион Луисқа патшаның өзі Грекиядағы ең жоғарғы атақты сыйлаған. Олимпиада ойындары бүкіл Грекияны біріктіретін, жалпы ұлттық оқиғаға айналды. Олимпиада ойындары Грекияның Афины қаласында өтеді.
2) Қысқы және жазғы олимпиада туралы слайд көрсету.
Мәтін (Тыңдалым)
Олимпиада ойындары төрт жылда бір рет болады.
Қысқы және жазғы олимпиада ойындары бар.
ХХХI жазғы Олимпиада 2016 жылы Бразилияда Рио-де-Жанейро қаласында өтті. Қазақстан спортшылары осы олимпиадада 3 алтын, 5 күміс, 10 қола медаль алды.
Спортшылармен танысу
4) Сұрақтарға жауап беру
1)Төрт жылда бір рет қандай ойындар болады?
2)Қандай олимпиада ойындары бар?
3)2016 жылы Олимпиада ойындары қай қалада болды?
4)Қазақстан спортшылары неше алтын медаль алды?
5) Сүрет бойынша «Олар не істеп жүр?» сөйлем құрастырып жаз.
6) Сергіту сәті.
Ән айту.
7.Грамматикалық тақырып. Жіктеу есімдігі.Тақтамен жұмыс.
Мен шаңғы теуіп жүрмін
Бекіту .
Сәйкестендіру. Үлестірмелі жұмыс.
Хоккей,
ат спорты,
шаңғы спорты,
бокс,
шана спорты,
күрес,
жүзу,
коньки спорты,
жүгіру,
велоспорт
|
Жазғы олимпиада
Қысқы олимпиада
Жазғы олимпиада
Қысқы олимпиада
Жазғы олимпиада
Қысқы олимпиада
Жазғы олимпиада
Қысқы олимпиада
Жазғы олимпиада
Қысқы олимпиада
|
Рефлексия:
Балалар сендерге бүгінгі сабағымыз ұнады ма?
Бүгін сабақта не білдім? Стикер ілу.
Үйге тапсырма:Қысқы және жазғы олимпиада ойындары туралы сөйлем құрастыру.
Достарыңызбен бөлісу: |