Сабақтың типі: жаңа сабақ Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, іздендіру, түсіндіру, сын тұрғысынан ойлау технологиясы, өздік жұмысы



Дата08.06.2018
өлшемі134,57 Kb.
#41351
түріСабақ
Қазақ тілі. 5 сынып

Сабақтың тақырыбы: Спорт-сенің серігің.

Білімділік. Жалпы спорт туралы ұғым беру, әңгімелеу.

Дамытушылық: Спорт жайында мәлімет беру,соған қатысты жаңа сөздермен таныстыру, топтық жұмыс арқылы түрлі тапсырмалар орындау, топта жұмыс істей алуға дағдыландыру, диалогтық оқыту арқылы сыни тұрғыдан ойлай білуге үйрету.

Тәрбиелік: спорттың маңызын ашу,спортпен шұғылдануға тәрбиелеу. 


Сабақтың типі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, іздендіру, түсіндіру, сын тұрғысынан ойлау технологиясы, өздік жұмысы. 

Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта, слайд-суреттер, тапсырмалар.

Күтілетін нәтиже:

Топта жұмыс істей алулары.

Топтық жұмыс арқылы мәтін мазмұнын меңгерулері.

-топтардан «өз топ атауларының қалай аударылатынын» сұрау 

І. Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу.

Психологиялық дайындық.

Мақсаты: Сыныпта жағымды психологиялық ахуал тудыру арқылы балаларды бүгінгі сабаққа даярлау.



«Шын жүректен»

-Балалар , мен сендерге бүгінгі сабақта жақсылық тілеймін. Сендер маған не тілейсіңдер? (Сәттілік)

Балалар, сендер қандай балаларсыңдар? Ендеше алдарыңда жатқан жұлдызша мен бұлт формаларына өздеріңнің қандай балалар екендеріңді жазыңдар (балалар жазып тақтаға іледі) 

-Біздің сыныбымызда осындай балалар бар екеніне қуаныштымын. 

Ендеше іске сәт, сабағымызды бастаймыз. 

Топқа бөлу. Оқушылар сурет арқылы топқа бөлінеді.

1-топ футбол, 2-топ баскетбол

Мақсаты: оқушыларды топпен жұмыс жасауға бағыттау.

«Топ ұстанымы»

Мақсаты: Топта бірлесіп жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру

Өз ұсыныстарын білдіреді.

Бір-бірінің пікіріне сыйластықпен қарайды

-сабаққа кешікпеу;

-басқаның пікірін сыйлау;

-уақытқа бағыну, регламент сақтау;

-тапсырмаларды тиянақты орындау;

Сабақты бастайтын алдында топтың спикерлерін таңдап алайық
Критериалды бағалау беріледі. Әр әрекет бағаланады. Топ мүшелерінің рөлін бөлейік.

Таймкипер – уақытты қадағалайды

Дизайнер – постерді жасайды

Бақылаушы – спикерге көмек көрсетеді, спикерді бағалайды

Спикер – бағалайды

Бағалау парағын топтарға үлестіремін.

ІІ. Фонетикалық жаттығу.

Көп нүктенің орнына тиісті төл дыбыстарды қойып жаз.

К...рес, ..аза..ша күрес, б...йге, к...кпар, ар...ан тарту, қыз ..уу, то...ызқ..малақ, те..ге алу, жаяу жар..с.



ІІІ. Қызығушылығын ояту. Проблемалық жағдаят.Спорпен не үшін айналысу керек?

«Кластер» құрастыру.

-сонымен бүгінгі сабақтың тақырыбы не болмақ?

Спорт-сенің серігің.



ІV .Жаңа сабақ. Мәтінмен жұмыс. Топпен жұмыс.

«Даналық ағашы» оқыта үйрету ойынын өткізу.

Ойынның шарты: Жүргізуші сайланады, оның қолында қорап. Әрқайсысың мәтін бойынша күрделі сұрақ құрастырыңдар. Сұрақтарыңды параққа жазып, қорапқа салыңдар. Мәтінді тағы да бір рет өздерің оқып шығып, әрбіреуің қораптан сұрақ жазылған қағазды алып, сұрақты дауыстап оқып, сұраққа дұрыс және толық жауап берулерің керек. Басқа оқушылар сұрақ пен жауапты тыңдар бағалайды.

«Басбармақ» әдісімен бағалау.

Мәтінді түсініп оқу.

Мәтін бойынша сұрақтар құрастырады.


Спорт.

Қазір Қазақстанда спорттың барлық түрі дамыған .

Көптеген ұлттық спорт ойындары бар . Оның ішінде көбірек өткізілетіні –

бәйге, көкпар, қазақша күрес, аударыспақ.

Тәуелсіз Қазақстан 1994 жылды Дүниежүзілік Олимпиада Комитетінің мүшесі болды. Қазақстандық спортшылар әр түрлі жарыстарда өте жақсы

көрсеткіштерге жетіп келеді.

Біздің команда қысқы Наганада өткен олимпиадалық ойында 100 команда арасында ішінен 11 -орын алды. Атлантада біз 180 команданың ішінен 26-орын алдық. Сиднейдегі спортшыларымыздың жеңісі Қазақстанға даңқ әкелді. Қазақстан Лондон олимпиадасында жеті алтын, бір күміс, бес қола жүлде иеленіп, жалпы командалық есепте 12-орын алды.

Спорттың көптеген түрлерінен әлемге танылған спортшылар аз емес. Мысалы, боксшы Серік Қонақбаевтың шеберлігін дүние жүзі мойындады. Жақсылық Үшкемпіров- күрестен олимпиада чемпионы. Дәулет Тұрлыханов- әлемнің екі дүркін чемпионы, балуан. Бекзат Саттарханов- Сидней олимпиадасының чемпионы. Илья Ильин Қазақстаннан шыққан екі дүркін Олимпиада чемпионы, Зульфия Чиншанло, Майя Манеза, Светлана Подобедова- ауыр атлетикадан чемпиондар, жеңіл атлет Ольга Рыпакова ұзындыққа секіру секторында олимпиада үздігі, Серік Сапиев-олимпиаданың ең үздік боксшысы.

(Қазақстан спортшылары туралы презентация)
3. Ал енді ассоциация картамен жұмыс істейік. Мәтіннен алған білімдеріңді пайдалана отырып, ассоциация картаны толықтырыңдар. (картаны толтыру )



Спортшының аты-жөні

Спорт түрі

Қай жарыстың жеңімпазы

Жарыс өткізілген жыл

Жарыс өткізілген қала

























































Сергіту сәті «Қызыл өрік»

Ү. Шығармашылық жұмыс

«Балық сүйегі»

Ол үшін оқушыларға қазақ тілінде түрлі пікірлер ұсынылады, оқушылар сол пікірлерді маңыздылығына қарай сүйек бойына орналастырады. Ең маңызды пікір балық басына, маңызы жоқ немесе маңыздылығы төмен пікір соңына жазылады.

1-топ- Спорт –денсаулық кепілі



2-топ-Салауатты өмір салты


Жазбаша жұмыс

Тапсырма: Нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып жазыңдар

Спорт денсаулықты ...

Спорт адамды . ,.,.. үйретеді

...  .   .. сақтаған адам ұзақ өмір сүреді.

Керекті сөздер:  салауатты өмір салты, жылдамдыққа, күшті болуға, жақсартады.

Тапсырма: Мақал-мәтелдердің сыңарын тауып жаз.

Денсаулық- денсаулық кепілі

Тәні саудың- егіз

Спорт- жаны сау

Еңбек пен бақыт- зор байлық

Хайку әдісі бойынша жазу. Әрбір топқа жаңа сөздерге хайку құрастыру ұсынылады.
Алгоритм: 
1. Кімді, нені көрдім?

2 қандай?

3 қалай?

Шарты: әр оқушы өзіне берілген сөзге хайку құрайды.Сол хайкуды оқиды.



VІ. Қорытындылау:

«Ыстық орындық» ойынын ойнау.

Әр топтан бір оқушыны орындыққа отырғызып, сабақ бойынша сұрақтар қояды. Жауап толық, дұрыс болса, басбармақпен бағаланады.



VІІ. Рефлексия. Бүгінгі сабақта не үйрендің?

Қай тапсырманы орындаған ұнады?

Кері байланыс

«Даналық ағашын» толтыру.

Әр оқушы 1 сөйлемнен жазады да, ағашқа іледі.

ҮІІІ.Үйге: Спорт туралы өлең жаттау

«Салауатты өмір салты» деген тақырыпқа әңгіме жазу

ІХ.Бағалау. Сабақтың әр кезеңінде өзін-өзі бағалау, жұбын бағалау, тобын бағалау «Басбармақ» әдісі арқылы жүзеге асады. 

Жиынтық бағалауда мұғалім өзінің қоятын бағасымен салыстырады.






Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет