Сабақтың типі: Теория Оқу мақсаты мен міндеттері: Сабақтың мақсаты


Бақылау дәнекерлеу қосылыстарын статикалық иілуге сынау



бет3/5
Дата07.02.2022
өлшемі88,21 Kb.
#96938
түріСабақ
1   2   3   4   5
Байланысты:
303 сабақ

Бақылау дәнекерлеу қосылыстарын статикалық иілуге сынау
1. Металл материалдардың бақылау дәнекерлеу қосылыстарын механикалық сынау – МЕСТ 699-66сәйкес, полимер материалдар үшін – МЕСТ 11262-80 сәйкес жүргізіледі.
2. Табақшалардың түйісу қосылулары мен қалыңдығы 3 мм және одан артық құбырларды статикалық иілуге сынауға 4 үлгі жатады, оның екеуі – жікті күшейту жағынан (1а - сурет), ал қалған екеуі –жіктің түбі жағынан иеді (1б - сурет). Табақшалар мен құбыр қабырғасының 12 мм және одан жоғары қалыңдығы кезінде үлгілерді 1в - суретке сәйкес «қабырғаға» сынау орындауға рұқсат беріледі. Сонымен қатар сынауға кем дегенде 4 үлгі жатады.
3. Диаметрі 108 мм қоса алғанға дейін металл құбырлардың түйісу қосылыстары үшін қабырға қалыңдығы 6 мм дейін болғанда бұл нормативтік құжаттар талабына қарсы келмесе майысуға сынау жүргізуге рұқсат беріледі.
4. Механикалық сынауға арналған үлгілерді дайындау үшін дайындама кесіндісін механикалық жолмен кесу немесе абразивті құралдармен жүзеге асырады. Дайындаманы плазмалық немесе газдық кесу арқылы дайындап, кесу аумағында 2 мм кем емес тереңдікте механикалық өңдеу жүргізуге рұқсат беріледі. Пластинаның қолдан жасалынған соңғы дәнекерлеу қосылысының ұзындығы 25 мм кем шеткі учаскелері (қосылып тұрған, таврлі) жойылуға жатады.
Қорғаушы газдар мен ұнтақты сымдар ортасында автоматтық және механикалық дәнекерлеу кезінде металл қалыңдығы 10 мм болғанда, флюс астында автоматты дәнекерлеуге, учаске шеттерінің ұзындығын электрошлакты дәнекерлеуде МЕСТ 6996-66* сәйкес қабылданады.
5. Үлгілерді дайындау кезінде сыртқы және ішкі жағынан жіктің күшеюін механикалық жолмен жою көзделеді. Үлгілерді дайындау кезінде бақылау дәнекерлеу қосылыстарындағы төсемшемен жасалынған қалған болат төсемшелер жойылады.




1 - сурет. Статикалық иілуге сынау схемасы, жіктің күшеюі жағынан (а), жіктің түбі жағынан (б), жанынан иіу – «қабырғаға» ию (в), табақшалар мен құбырлардың бақылау түйісу дәнекерлеу қосылыстарынан алынған үлгілер.


Мына параметрлер ұсынылады: D – пуансон диаметрі, L- үлгінің ұзындығы, b-1,5 t, 10 мм кем емес; D=2 t немесе D=2 h; r=t, 25 мм көп емес; К =2,5 D; L=D+2.5 h+80 мм.







Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет