Сабақтың түрі : жаңа сабак Сабақтың әдісі : сұрақ жауап, көрнекілік, әңгімелесу, талдау, сын тұрғысынан ойлай оқыту



Дата26.01.2018
өлшемі40,35 Kb.
#34028
түріСабақ
Сабақтың тақырыбы: Түйе мен тышқан (монғол ертегісі)
Сабақтың мақсаты: а) Оқушыларға ертегінің мазмұны мен идеясын аша отырып,ертегіні түсініп,дұрыс оқуларын қалыптастыру.
ә)Ауыз әдебиетінің бір саласы ертегіні оқи отырып, қорытынды жасау, негізгі ойды табу дағдыларын дамыту.
б)Жағымсыз қасиеттерден аулақ болуға,сөзбен емес,іспен мақтануға тәрбиелеу.
Көрнекілік: интерактивті тақта,электронды оқулық.
Сабақтың түрі: жаңа сабак
Сабақтың әдісі: сұрақ — жауап, көрнекілік, әңгімелесу, талдау, сын тұрғысынан ойлай оқыту.
Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі
1. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
2. Психологиялық дайындық
Күлім қағып қолымды,
Жылы - жылы сөзбенен,
Бір, екі, үш деп соғамын.
Жүрегімді сыйлайын,
Қарап тұрып көршіме,
Ыстық алақанымен,
Қолыңды бер қысайын.
Жылы - жылы жүзбенен
Маңдайыңнан сипайын

Ханшатыры, Бәйтерек, Аяз ата суреттері 5-6 бөлікке бөлініп қиылған сол бойынша топқа бөлінеді.


Топқа бөліну.Ханшатыры. Бәйтерек.Аяз ата .
ІІ. Қайталау - білім анасы
Сұрақтарға жауап берген сайын суреттер шығып тұрады.

Қазақстан шектесетін мемлекеттерді атап шық.

Қазақстан шекарасының жалпы ұзындығы қандай?

Республиканың ең төменгі жері қайда орналасқан?

Қазақстанның ең ыстық жері қайда?

Қазақстан өлеңінің авторы кім?

Қасым Аманжолов туралы не білеміз?
Қазақстан өлеңін жатқа айт.
Қазақстан жері қандай?

Қазақстандағы ең ірі көл?


Қазақстан қандай мемлекет?

Қазақ баласы қандай?

Отан, туған жер туралы қандай мақал - мәтелдер білеміз?
ІІ. Мағынаны тану
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбын табу үшін мына жұмбақтарды шешіп көрелік.


  1. Кезікті бір жануар,

Үстінде екі тауы бар. (Түйе)

  1. Мысықтан бұл қорқады,

Бұдан піл қорқады. ( Тышқан)

Сонымен жұмбақтың шешулері не болып шықты? «Түйе мен тышқан»


Монғол халқы туралы түсінік беру.

Моңғолия — елі Орталық Азияның шығыс бөлігінде орналасқан. Солтүстігі Ресей Федерациясымен, ал оңтүстігі, шығысы, батысы Қытай Халық Республикасымен шекараласады. Моңғолия бұл екі елдің ортасында орналасқанымен оның батыс нүктесі Қазақстан Республикасының шығыс нүктесіне өте жақын жерде (18 км) орналасқан. Моңғолияның мұхитқа шығысы жоқ. Жер көлемі — 1 564 116 км².

Жер көлемінің үлкендігі бойынша әлемде 17-ші орында. Астанасы - Ұлан-Батыр қаласы. Халық саны: 2 736 800.

Мемлекеттік тілі – моңғол тілі, жазуы кириллица. Моңғол тілінде халықтың 95 % сөйлейді. Қазақтар 4 пайыздан астамын құрайды. Орта мектепте кирилицадан басқа ескі моңғол жазуын оқытылады. Қазақтар көп тұратын Баян-Өлгей аймағында қазақ тілі оқытылады.

Электронды оқулықпен жұмыс.

Ерте-ерте,ертеде адамдар әр жылды жан-жануарлар атымен атауды ұйғарады. Олар он бір жылға он бір жан-жануардың атын береді.Он екінші жылды атамақ болғанда, түйе мен тышқан өз аттарын ұсынып,бір-бірімен айтыса бастайды.

Адамдар олардың екеуін де өкпелеткісі келмей, бұл мәселені өздерің шешіңдер дейді.

« Болжау» стр. әр топтан өз ойларын сұрау.Қалай ойлайсыздар, әрі қарай не болады?


Оқушылардың ой-пікірлерін сұрағаннан кейін,әрі қарай ертегіні тыңдау.

Оқулықпен жұмыс

  1. Ертегі мазмұнымен танысу

  2. Жеке,жұпта оқып талқылау

Балалар түйе мен тышқанның іс-әрекеті арқылы ертегі бізге неге үйретіп тұр?
-Ертегінің негізгі ойы- мақтаншақтық жағымсыз қасиет екенін айтады.

*Мүшел дегеніміз не?



Топтық жұмыс. Сұрақтарға жауап бер.

І топ Түйе неге жыл атына ие болмай қалды?

ІІ топ Ертегіден мақтанудың жағымсыз қасиет екенін аңғару. Жағымсыз қасиетті айту.
ІІІ топ Берілген нақыл сөзді өз бетіңше аяқтау.

Бойыңа сенбе, … сен.



Сергіту сәті.
Мынау-менің жүрегім,
Бәрі осыдан басталған.
Мынау -басым ақылды
Бәрін осы басқарған.
Мынау -менің оң қолым
Мынау -менің сол қолым
Барлық істі атқарған

Суретпен жұмыс. Артығын тап.
-Қай жануар артық? Неге?

Суретке зер сал, жыл аттарынан не артық екенін айту.


Сергіту сәті. Жылдардың ретін есте сақтаудың оңай әдісі

Түйе сеніп бойына,

Қалған ұмыт жылдардан.

Жатпа қарап, мойыма,

Тойма именіп ділмәрдан. (Қазақша жыл санау мен жыл қайыру кестесі бойынша жылдар бірінен соң бірі былай аталады: тышқан, сиыр, барыс, қоян, ұлу, жылан, жылқы, қой, мешін, тауық, ит, доңыз.)

«Сен маған, мен саған» ойыны


1. Түйе мен тышқан неге айтысты?

2. Олар неге келісті?


3.Түйе неге жыл атына ие болмай қалды?
4.Жағымсыз қасиетті айт.
5.Ертегідегі негізгі ойды тап.

Ой толғаныс.


І топ «Балық» ойыны. Балықтың денесіне қазақша жыл атауын ретімен жазып шығу.
ІІтоп « Аяз ата» ойыны .12 жылды атап шыршыға салу.

ІІІ топ «Бәйтерек» ойыны. 12 жылды жылдам жазып шығу.


— Бүгінгі сабақта қандай ертегімен таныстық? Не білдік?
Үйге тапсырма:

Күнделікті ашайық


Үй тапсырмасын жазайық
Бүгінгі алған білімді
Ұмытпай есте сақтайық 99-101-беттер оқу, түсінік айту.
Бағалау

5 болсын алар бағамыз


Біліммен бақыт табамыз
Өнер-білім көп бақыт
Өсе берсін санамыз


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет