Сабақтың түрі : Жаңа сабақты меңгерту Сабақтың көрнекілігі : слайд, кестелер, семантикалық карта, БҮҮ кестесі



бет1/4
Дата28.06.2017
өлшемі485,93 Kb.
#20207
түріСабақ
  1   2   3   4
Қазақ тілі

6 сынып Мерзімі: 22.04.15ж



Тақырыбы:Одағайдың түрлері

Мақсаты:

а)Білімдік:Сөйлем ішіндегі одағайды дұрыс танып, олардың түрлерін ажыратуға үйрету, әр түрлі жаттығулар арқылы түсіндіре отырып, теориялық білімдерін жетілдіру.

ә)Дамытушылық: ойлау белсенділіктерін арттыру, топта жұмыс жасауға дағдыландыру, өз ойын еркін, ашық білдіруге үйрету, шығармашылық қабілеттерін шыңдау.

б)Тәрбиелік: ойын түрлері арқылы оқушыларды тапқырлыққа, ізденімпаздыққа үйрету, жан-жақтылыққа баулу , пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Сабақтың түрі:Жаңа сабақты меңгерту

Сабақтың көрнекілігі: слайд, кестелер, семантикалық карта, БҮҮ кестесі

Сабақтың әдісі: топпен жұмыс, сұрақ-жауап, "Кім шапшаң?", "Кесінді сыз" ойындары

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

1.Сәлемдесу.

2. Сабаққа назарларын аудару.
Алтын ереже:

- Белсенді қатысу;

- Тыныштық сақтау;

- Бірін-бірі тыңдау;

- Ойын ашық айту;

- Бір-бірін сынамау;

- Ынтымақтылық;
Психологиялық дайындық
Шаттық шеңберін құру

Қуанышты шеңберге,

Қандай жақсы қол берген.

Достарды біз қолдаймыз,

Белсенді жұмыс жасаймыз.

(Бір -біріне жылы лебіздерін білдіру)


Алма ағашындағы стикерлерді алу арқылы оқушыларды үш топқа бөлу.
«Кім шапшаң?» ойыны
- Мына сөздер жиынтығынан жаңа сөз шығару қажет. Ол үшін әр сөздің екінші әріптерінен сөз жасау керек,соны кім тез тауып береді?Сол кезде сендердің топтарыңның аты шығады.

Сөздердің жиынтығы:
- ақпарат, шыны, арба, қала, ана, (ҚЫРАН)

- аспаз, сұлы, аңшы, ақпан, сабақ, арман, (СҰҢҚАР)

- ата, құлын, үлкен, апта, маса, арна (ТҰЛПАР)
Әр топ өз аттарын қорғайды.

1- топ (Алтын күнді қанатымен  жебеген,қыран құс - ерліктің белгісі. Кең- пейілділікті білдіреді.)

2- топ (Жыртқыш құстардың үлкен бір тобы сұңқар тектес немесе сұңқар тұқымдастар деп аталады. Жер шарында олардың 58 түрі бар. Біздің елімізде оның лашын, сұңқар, ителгі, бөктергі т.б. 10-ға жуық түрі бар).

3-топ (Қанатты тұлпардың мәні: еліміздің азаттығының,жеңімпаздығының белгісі.Ол қазақтың  аңыз-ертегісінен  алынған.

  Әр топ (өз топтарының атына) фонетикалық талдау жасайды.

Қыран: қы-ран (2 буын, қы-ашық буын,ран- бітеу.5 әріп, 5 дыбыс бар, бір жағдайда тасымалданады)

Сұңқар: сұң-қар (2 буын, екеуі де бітеу буын, 6 әріп, 6 дыбыс бар, бір жағдайда тасымалданады)

Тұлпар: тұл-пар (2 буын, екеуі де бітеу буын, 6 әріп, 6 дыбыс бар,

бір жағдайда тасымалданады)


ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

Үйге берілген жаттығу жұмысын тексеру.



Лездеме сұрақтар

1. Қазақ тілінде неше сөз табы бар?


2. Шылау дегеніміз не?
3. Шылау атқаратын қызметіне қарай нешеге бөлінеді?

4.Септеулік шылау дегеніміз не?


5.Жалғаулық шылау дегеніміз не?

6.Жалғаулық шылаулар қандай мағыналық қатынаста байланысады?

7.Ыңғайластық қатынасты білдіретін жалғаулық шылауларды ата.

8.Демеулік шылау дегеніміз не?

9.Демеуліктер мағынасына қарай нешеге бөлінеді?

10.Болжалдық демеуліктерді ата.

11.Қандай шылаулар дефис арқылы жазылады?

12.Одағай қандай сөз табы?


ІІІ. Жаңа сабаққа дайындық

Ой қозғау

(Сурет арқылы оқушылардың білімін ортаға салу)





Каталог: uploads -> doc -> 0d1d
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0d1d -> Сабақтың тақырыбы: Адам эволюциясының бағыттары. Адам мен адамтәрізді маймылдардың жалпы ататектері Сабақтың мақсаты
0d1d -> Сабақ Кулшанбаева Гулбану Мусагалиевна
0d1d -> Web-дизайн
0d1d -> Сабақ түрі, өткізу үлгісі: аралас сабақ Сабақтың мақсаттары
0d1d -> Сабақтақырыбы : Квадрат теңдеулерді және оған келтірілетін теңдеулерді шешу
0d1d -> Сценарий аталуы: «Менің- отаным Қазақстан»


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет