Сабақтың түрі : Жаңа сабақты меңгерту Сабақтың көрнекілігі : слайд, кестелер, семантикалық карта, БҮҮ кестесі



бет3/4
Дата28.06.2017
өлшемі485,93 Kb.
#20207
түріСабақ
1   2   3   4
ІV. Жаңа сабақ



Одағай құрамына қарай дара және күрделі ,тұлғасына қарай негізгі және туынды одағайлар болып бөлінеді.Сөздің әрі қарай бөлшектенбейтін, мағына беретін бөлігі негізгі одағайлар деп аталады.Мысалы:ау,па,әй,пай. Дара одағайлар бір ғана негізгі түбірден тұрады.

Туынды одағайлар: мәссаған (мә саған), әттеген-ай (әйт деген -ай).Одағайларға жұрнақ жалғану арқылы басқа сөз таптары жасалады. Мысалы:уралау,ойбайлау, уралаушы т.б.

Одағайлар жеке өзі сөйлем мүшесі бола алмайды, тек ал, де, деп, дейтін етістіктерімен тіркесіп барып, сөйлем мүшесі болады.Мысалы:Моһ-моһ деп жылқыны шақырады. (моһ-моһ деп-пысықтауыш) Ол ешкімге тәйт деп көрген емес.Күрделі одағайлар:құрау-құрау,пай-пай т.б.
Одағайдың емлесі мен тыныс белгілері

1. Қайталану арқылы жасалған одағайлар дефис арқылы жазылады.


Мысалы: Әлди - әлди, ақ бөпем, Ақ бесікте жат, бөпем («Бесік жыры»)
Сап - сап, көңілім, сап, көңілім (Абай)
2. Одағай сөйлемнің басында келсе, одан кейін үтір қойылады.
Мысалы: Бәрекелді, батырым, осылай болатынын сезгем ( Ә. Әбішев )

-Уа, халайық,құлақ сал көзіме!


3. Одағай сөйлемнің ортасында келсе, оның екі жағынан үтір қойылады.
Мысалы: Сізге, тәйірі, сол да сөз боп па?
4. Одағай сөйлемнің соңында келсе, оның алдынан үтір қойылады.
Мысалы: Жүре берсең, көре бересің деген осы екен ғой, о, тоба - ай!

5. Одағайлы сөйлемдердің соңына айтушының көңіл күйіне қарай нүкте, сұрау белгісі не леп белгісі қойылады.



V. Жаңа сабақты бекіту

316-жаттығу

Одағайларды тауып, түрлеріне қарай ажыратыңдар.

Үлгі: түу - көңіл күй одағайы,ой, обал-ай- көңіл күй одағайы, уһ - көңіл күй одағайы, апыр-ай - көңіл күй одағайы, е, бәрекелді-көңіл күй одағайы,

о-о - көңіл күй одағайы, япыр-ай - көңіл күй одағай, өй, бәле-ай - көңіл күй одағайы
Сергіту сәті
«Құстар қалай сайрайды?»
Бұл ойында, құстардың суреттерін мен көрсетіп отырамын. Ал, сендер олардың қалай сайрайтындығын айтыңдар?
Бұлбұл...(сайрайды)
Тырна...( тыраулайды)
Шағала... (шаңқылдайды)
Торғай...(шырылдайды)
Қаз...(қаңқылдайды)
Үйрек...(пырылдайды)
Қарға.... (қарқылдайды)


Берілген одағайларды сатылай кешенді талдау

Па,тәйт,шөре-шөре

Топтық тапсырма (әр топқа жеке-жеке тапсырма беремін)

І топ  

Семантикалық карта

 


Одағай

Шақыру

Жекіру

Көңіл күй

Негізгі

Күрделі

көс-көс

+










+

әттең







+







тек




+










алақай







+







мә










+




кәһ-кәһ













+

Каталог: uploads -> doc -> 0d1d
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0d1d -> Сабақтың тақырыбы: Адам эволюциясының бағыттары. Адам мен адамтәрізді маймылдардың жалпы ататектері Сабақтың мақсаты
0d1d -> Сабақ Кулшанбаева Гулбану Мусагалиевна
0d1d -> Web-дизайн
0d1d -> Сабақ түрі, өткізу үлгісі: аралас сабақ Сабақтың мақсаттары
0d1d -> Сабақтақырыбы : Квадрат теңдеулерді және оған келтірілетін теңдеулерді шешу
0d1d -> Сценарий аталуы: «Менің- отаным Қазақстан»


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет