Сабақтың түрі: аралас сабақ Сабақтың типі: пысықтау сабағы Әдіс тәсілдері: сұрақ жауап, дидактикалық ойындар



Дата16.02.2018
өлшемі77,84 Kb.
#37713
түріСабақ
Қызылжар орта мектебі

Бастауыш сынып мұғалімі: Қоныс Мадина Мейрманқызы.

Тақырыбы: Сын есім

Мақсаты:


Білімділік: сын есім туралы білімін тиянақтау; сөйлемнен, мәтіннен сын есімді табу дағдысын жетілдіру; сын есімнің зат есіммен байланысын анықтау; сөздік қорын молайту;

Дамытушылық: лексикалық білім, білік, дағдыларын арттыру; ой - өрісін, танымын арттыру;

Тәрбиелік: ұлттық салт - дәстүрді насихаттау және оны құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың типі: пысықтау сабағы

Әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, дидактикалық ойындар.

Көрнекілігі: мазмұнды суреттер, слайдтар.

Құрал - жабдықтары: интербелсенді тақта.

Сабақтың барысы:

I .Ұйымдастыру кезеңі

Күннен, жерден нәр алған

Біз - өмірдің гүліміз.

Сәрсенбінің сәтінде

Сәтті болсын күніміз.

II. Көркем жазу

Қызыл, жасыл, шөп, ұзын, жуан, дәмді, биік, байырғы.

- Балалар, осы сөздердің арасында қай сөз сендерге таныс емес?

- «Байырғы» - бұрынғы, ежелгі деген мағынаны білдіреді.

- Осы сөздер қатарында қай сөз артық деп ойлайсыңдар? Неліктен?

- «Шөп» деген сөз артық, себебі ол - зат есім, қалғандары - сын есім.

III. Артығын тап

1. Жылқы, тай, құлын, ат, асау. Себебі, ол - сын есім, қалғандары - зат есімдер.

2. Дәмді, көже, тәтті, көңілді, әдемі.

3. Майлы, майлады, шегеледі, тойлады, жайнады.

IV. Терме диктант

- Наурыз қандай мереке?

- Наурыз қазақша жаңа күн дегенді білдіреді.

- 22 наурызда күн мен түн теңеледі.

- Наурыз көже жасалады.

- Наурыз көже 7 түрлі дәмнен жасалады.

- Наурызда ренжіскен адамдар бірін - бірі кешіреді.

Өлеңнен сын есімдерді өзіне қатысты зат есімдермен бірге теріп жазу

Ата - бабам тойлаған,

Наурызым, армысың!

Қызығыңа тоймаған,

Дарқан дала, қарлы шың.

Мерекені байырғы

Алды халқым қабылдап.

Ақ дастарқан жайылды,

Ошақта от жалындап.

Дарқан дала, қарлы шың, байырғы мереке, ақ дастарқан.

- Осы сөздердің ішінде туынды сын есім бар ма? Неліктен оларды туынды сын есім дейміз?

- Себебі, олар жұрнақ арқылы жасалған.

V. Сурет бойынша жұмыс

Суреттегі заттарды салыстырып, айырмашылығын сөйлем арқылы айт.

1. Қызыл кітап жуан, ал сары кітап жіңішке.

2. Пияз ащы, ал сәбіз тәтті.

3. Түнде қараңғы, ал күндіз жарық болады.

Берілген сын есімдер заттың сапасын білдіреді деген қорытынды жасалады.

VI. «Бір әріптің ізімен» дидактикалық ойыны

Берілген әріптермен сөйлем құрау, сөйлемде мүмкіндігінше сын есім болғаны жөн.

Мысалы, Әәәә - Әйгерім әдемі әңгелек әкелді.

Қққ, Ооо, Ссс, Ддд, Ттт, Еее, Жжж.

Ааа Ашулы арыстан ақырды. Бұл сөйлемдегі сын есім қандай? Ашулы деген сөзді басқаша қалай айтуға болады?

ашулы арыстан - ызалы арыстан

- Мұндай сөздерді қалай атайды? Мәндес сөздер, яғни мағынасы бір - біріне жуық сөздер дейді.

- Олай болса, оқулықтағы 2 - жаттығуда берілген сын есімдерге мәндес сөздер тауып, үлгі бойынша жазайық.

Ашулы, ызалы; әдемі, сұлу; күшті, мықты; ақылды, білгір; мөлдір, тұнық; үркек, қорқақ.

Берілген сын есімдерден туынды сын есімдерді тап, туынды екенін дәлелде.

Ашулы, ызалы, күшті, ақылды.

(Жұрнақ арқылы жасалған.)

VII. «Адасқан сөздер» дидактикалық ойыны

Орны ауысқан сөздерден сөйлем құрап жаз, сын есімдерді тап, астын ирек сызықпен сыз.

4 3 1 2


1. Өсіп тұр, гүлдер, аулада, қызыл.

3 2 4 1


2. Балды, аю, ұнатады, қоңыр.

4 3 2 1


3. Озып келді, ат, жирен, бәйгеден.

2 3 4 1


4. Қалаларда, метро, болады, үлкен.

Екінші сөйлемдегі сөздердің байланысын сызбамен көрсет.

Ол үшін не істеу керек?

- Сөйлемдегі сөздердің байланысын сұрақ қою арқылы анықтаймыз.

Аю не істейді? Аю ұнатады. Нені ұнатады? Балды ұнатады.

Қандай аю? Қоңыр аю.

VIII. «Жұмбақ зат» ойыны

Бұл ойынның шарты бойынша көсетілген затты сынып тағы оқушылар түлі сөз таптарымен сипаттайды. Тақтаға шыққан бала жасырылған затты табуы тиіс. Алғашқы үш сөйлемге дейін тапқан бала жеңімпаз атанады.

Мысалы, шахмат тақтасы туралы оқушылардың берген сипаттамасы мынадай болды.

- Онда ақ, қара фигуралар бар. Ол төртбұрышты. Онда 64 тор көз бар.

Терезе, дөңгелек, жол белгісі, орамал жасырылды.

IX. Қорытындылау

Сын есім туралы не білеміз?

- Сын есім заттың түрін - түсін, сапасын білдіреді.

- Сын есімдерге қандай, қай деген сұрақтар қойылады.

- Сын есім сөйлемде зат есіммен байланысады.

- Сын есімнің негізгі, туынды түрлері бар.

- Туынды сын есім жұрнақ арқылы жасалады.

X. Бағалау, мадақтау

Сабаққа белсене қатысқан, ұтымды жауап берген балаларды оқушылардың өздеріне анықтау ұсынылады. Оларға қол шапалақтап, қошемет көрсетіледі.

XI. Үйге тапсырма

5 - жаттығу

1. Өлеңді оқу, сын есімдерді табу, қай зат есіммен байланысып тұрғанын анықтау;

2. Абай Құнанбаев туралы мәлімет жинап келу.

Кері қайту

Сабақтың тақырыбы: Наурыз - жыл басы.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға наурыз мейрамының шығу тарихы, наурыз көже берудің маңызы туралы түсінік беру.

Тәрбиелік: Салт - дәстүр, әдет - ғұрып, мәдениетімізді білуге, құрметтеуге тәрбиелеу.

Дамытушылық: Оқушылардың еліне, Отанына деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Ұқыптылыққа, шапшаң болуға дағдыландыру.

Сабақтың түрі: тәрбие сағаты

Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, топтық сайыс

Сабақтың көрнекілігі: Нақыл сөздер, итерактивті тақта, суреттер.

Сабақтың барысы:

1) Ұйымдастыру кезеңі

І. Оқушыларды топқа бөлу.

ІІ. Оқушылар бір - біріне мерекелік жылы сөздер айтады.

Мұғалім сөзі:

Наурыз мейрамы — ежелгі заманнан қалыптасқан жыл бастау мейрамы. Парсы тілінен аударғанда «жаңа күн» мағынасын білдіреді. Қыс кетіп, көктем келіп, наурыздың 22 - сінде күн мен түн теңеледі. Қазақтар бұл мейрамды -"Әз - Наурыз" деп атаған. Халқымыздың ежелгі наным - сенімі бойынша наурыздың алғашқы күні жер - көкті жарып шыққан ерекше дыбыс естіледі. Дыбысты жұмақтан шыққан қой мен оны бағып шыққан қойшы ғана естиді. Наурыз мейрамы жаңа жылдың бастауы ғана емес, достық пен бірліктің, халықты тазалыққа шақырып, еңбекке бастайды.

Наурыз - табиғаттың жаңарып, мал төлдеп, ақтың молаюының белгісі. Халқымыз мұнтаздай таза үйге кірсе, ол үй ауру - сырқаудан, пәле - жаладан аман болады деген сеніммен Наурызға дейін үй ішіндегі жиһаз, мүліктің шаңы қағылып, жуылып, тазартылады. Бұл күні таза киімдерін киіп, жыл басы жақсы басталса, аяғына дейін жақсы болады дейді. Наурыз мейрамында наурыз көже беріліп, түрлі ойын - сауықтар ұйымдастырған. Бүгінгі күні біз де " Шапағат" және " Бәйшешек" топтарының арасын сайыс ұйымдастырғалы отырмыз. Олай болса сайысқа қатысушы топтарды ортаға шақырамыз.

2) Сайыстың барысы

І. Таныстыу.

ІІ. Салтын сүйген, халқын сүйер.(сұрақ - жауап)

ІІІ. Мақал - сөз мәйегі.

ІҮ. Кім тапқыр

Ү. Сандар сыры.

ҮІ. Ас - адамның арқауы

Сайысымыздың бірінші кезеңінің шарты: Екі топ өздерінің топтарының аты, төсбелгісі, ұраны және мүшелерімен таныстырады.

ІІ. Салтын сүйген, халқын сүйeр.

Шарты: Екі топқа сұрақтар қойылады. Қай топ бірінші болып жалауша көтерсе сол топ бірінші жауап береді.

1. Наурыз сөзі парсы тілнен аударғанда қандай мағынаны білдіреді?

2. Наурыз көже неше түрлі тағамның қосындысынан жасалынады?

3. Қазақ халқының ұлттық музыкалық аспаптарын ата.

4. Наурызшешек қандай өсімдік?

5. Қазақ халқының қандай ұлттық дәстүрлерін білесіңдер?

6. Наурыз тілек деген не?

7. Қазақтың ұлттық ойын түрлерін атап беріңдер.

8. Сүттен жасалынатын тағамдарды ата

9. Қазақ халқының ұлттық бас киімдерін ата

10. Наурыз бата деген не?

ІІІ. Мақал - сөз мәйегі.

Шарты: Берілген мақал - мәтелдің жалғасын табу қажет.

1. Орамал тонға жарамаса да, (Жолға жарайды)

2. Тойға барсаң бұрын бар,

(Бұрын барсаң орын бар)

3. Құтты қонақ келсе,

(Қой егіз табады)

4. Батыл жігіт жол бастар,

(Ақын жігіт той бастар)

5 (Алы жасар бала алыстан келсе)

Алпыс жасар кәрі алдынан шығар.

6. Той дегенде қу (бас домалайды)

7. Саналы ел (салтын сақтар)

8. Ата жолы - адамдық, (ана жолы - адалдық)

9. Ағадан - ақыл, (данадан - нақыл)

10. Әке көрген оқ жонар ( шеше көрген тон пішер).

ІҮ. Кім тапқыр!

Шарты: Қазақ халқының ұлттық салт - дәстүр, әдет - ғұрыптарына байланысты берілген сұрақтарға жауап береді.

1. Қуаныш иесіне қуанышына ортақтасып сый беру (көрімдік)

2. Қонақты құрметпен қарсы алып, мал сойып, күтіп алу ( қонақасы)

3. Қуанышты хабар жеткізілген адамға берілетін сый (сүйінші)

4. Көптен көрмеген адамдардың бір - біріне жіберетін сыйы (сәлемдеме)

5. Алыс сапарға шыққан адамдардың туыстарына алып келетін сыйы (базарлық)

6. Жаңадан көшіп келген, жапсарлас қонған отбасына бұрыннан отырған көршілері қонақасы беру дәстүрі (ерулік)

7. Жасы үлкен адамның жасы кішілерге табақтағы еттен дәм тарттыру рәсімі (асату)

8. Үйдің үлкендері жолаушылап кеткенде, қалған жастар жолдастарын шақырып ойын - сауық өткізуі (бастаңғы)

9. Ата - анасының баласына арнап жас төлге ен салу дәстүрі (бәсіре)

10. Көпшіліктің жәрдемін пайдалану дәстүрі (асар)

Ү. Сандар сыры:

Шарты: Екі топ ұяшықта көрсетілген сандарды таңдап, сол санға қатысты берілген сұраққа жауап береді.

7 саны.


1. Жеті жоқты ата.

2. Жеті атаңды атап бер.

3 саны.

1. Үш арсызды ата.



2. Үш жетімді ата

5 саны.


1. Бес парызды ата

2. Бес дұшпанды ата.

ҮІ. Ас адамның арқауы.

Шарты: Екі топ үйден дайындап келген наурыз көжелерінің жасалу технологиясымен таныстырып өтеді.



ҮІ. Қорытынды

Жеңген топты марапаттау.
Каталог: 2016
2016 -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Жырымен елін қуантқан Т.Әбдірахманова – 95ж
2016 -> Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ұлт жанашыры, ел қамқоры, халқымыздың біртуар перзенті
2016 -> Сабақтың тақырыбы Үш бақытым. Мұқағали Мақатаев Туған тілім. Дихан Әбілов Жалпы мақсаты
2016 -> «Алаштану негіздері» таңдау курсы Түсінік хат «Алаштану негіздері»
2016 -> Сабақтың атауы Н.Әлімқұлов Қоңырау Мақсаты
2016 -> Силлабус Пән: Педагогика тарихы Курс: 4 Мамандық: 5В010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» Кредит саны: 2 Экзамен: 7 семестр Семей-2015 «Педагогика тарихы»
2016 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет