Сабақтың түрі: ашық альбом Барысы: 1-слайд І бет «Отты жылдар шежіресі»



бет6/7
Дата11.11.2016
өлшемі0,69 Mb.
#1474
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7



3.Жаңа білімді үйренуге дайындық.

  1. Жердің бетін басады

            Бұл не аппақ мақтадай?

            Кәнекей кім табады?        (қар)



  1. Тікен-тікен тік пісте,

Қысы-жазы бір түсті.Ол не? (Шырша)

  1. Қолы жоқ, сурет салады,

            Тісі жоқ, тістеп алады        (аяз)

  1. Суда мұз бар,



Жерде қар бар

Боран боп соғады

Бұл қай кезде болады?
(Қыс)


  1. Шелек қалпақ басында,

Сәбіз екен танауы.

Қыста қардан туатын,

Тауып көрші, сен оны. (аққала)


  1. Қыста үйге кірмейді

            Жазда жүрмейді      ( шана) 

  1. Қыста айна,

Көктемде су.  (мұз)

  1. Қанаты жоқ ұшады, аузы жоқ ұлиды. (Боран)

  2. Табаныма байладым,

Қос таяқпен айдадым. (шаңғы)

  1. Қыста ғана болады, ұстасаң қолың тоңады. (Қар)


Автор туралы оқушылар не білетіндігін анықтау.

Жетекші сұрақтар:

Сәкен Сейфуллин кім? – Сәкен Сейфуллин ақын.

Сәкеннің қай өлеңімен таныстық? – Туған ел.

Естеріне түсіріп жатқа айтып беру.



С.Сейфуллин

Туған ел

Кеңсің, дала –

Туған ана,

Көйлегің кең, көк ала.

Жан беретін,

Тән беретін

Мейірімді ана – сен ғана.

Төсіңді емген,

Саған сенген

Жан – жануар баласы.

Төсің сүтті,

Бауырың құтты,

Сен – тіршілік анасы.

Жібек жасыл, Анық асыл,

Кестесі гүл киімнің.

Көктем ана,

Сенде ғана

Тіршіліктің түйіні.



Автор туралы мәліметті толықтыру. Сәкен Сейфуллин туралы слайд көрсету.
Дәптерімізді ашып бүгінгі күннің ретін және тақырыпты жазып аламыз.

Сәкен туралы мағлұматтарды жазып алу.





Өлеңді мұғалімнің мәнерлеп оқып беруі.
Мағынаны ашу

Сөздік жұмыс:

қызыл шұнақ – бет қаратпайтын үскірік аяз.

зәр – суық, аяз, ызғар

зәрі сыну – ызғары қайту, жылына бастау

мұздай – сұп-суық

шытынау – сынып кету



Ұшқын-искра

Күннің құлақтануы күннің айналасына тәж пайда болу


Ырымдар:

Күн құлақтанып батса, ауа райы оңалады.

Күн құлақтанып шықса, ауа райы суытып, жауын-шашын болады.

Қыста күн құлақтанса –ол аяздың белгісі


ғ) Оқулықпен жұмыс:
- Тізбектеліп оқу;

- Шумақтап оқу;

- Тауып оқу: Ақын ауа райы қатты суық болған кездегі күн бейнесі туралы айтқан жолдарды өлеңнен тауып оқу.
Сергіту сәті

С.Сейфуллиннің «Тау ішінде» әнін тыңдай отырып, «Аяз адамның» суретін салу

Қорытынды:

Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету технологиясы  «Аргумен және факт» әдісі 

1. Қыста жақсы, бірақ, ......... (аяз, боран болады, тоңасың, аң-құстар азығын тауып жи алмайды, қалың киінесің)

2. Коньки, шаңғы тебу көңілді, бірақ, ...... (аяғыңды қайырып алуың мүмкін, қауіпсіздік ережелерін есте ұстау керек)

3. Қыста адамдар жылы киім киеді, себебі, .......(жаурап ауырып қалуы мүмкін, әсіресе аяқты жылы ұстаған жөн.)

Бекіту сұрақтары

«Шыршаны безендіру» ойыны арқылы


  1. Сәкен Сейфуллин туралы не білдік? – қазіргі қазақ әдебиетінің негізін қалаушы, ақын және жазушы,қоғам, мемлекет қайраткері. Қазақстан Жазушылар одағының негізін қалаушы

  2. Қызыл шұнақ деген не? – қатты аяз, үскірік

  3. Зәрі сыну сөзінің мағынасы? – ызғары қайту, жылына бастау

  4. Мұздай – қатты суық

  5. Қыстағы күннің құлақтануы ненің белгісі? – қатты аяздың

  6. Сабақ барысында тыңдаған Сәкеннің әні қалай аталады? – Тау ішінде

  7. Жамбылдың жасын берсін,

Күләштың әнін берсін,

Сәкеннің ...... берсін тіркесін толықтырып айта аламыз ба? – сәнін (синонимдері – сұлулығы, көкрі, келбеті т.б.)



  1. Үсінуден сақтану жолдарын білеміз бе? – Жылы киіну, көбірек қимыл жасау, шамадан тыс далада жүрмеу.

  2. Үсінген жағдайда қандай шара қолданады? – үсінген жерді уқалау

  3. Сәкеннің азан шақырып қойған есімі – Сәдуақас


Үйге тапсырма: Өлеңді жаттау. Қыс тақырыбына мақал-мәтелдер жинастыру.

Бағалау: Жинаған күндерін санау арқылы бағалау


73-сабақ: математика

Сабақтың тақырыбы: 236+687, 923-236 түріндегі, үш таңбалы сандарды разрядтан аттамай, жазбаша қосу және азайту.

Сабақтың мақсаты: Үш таңбалы сандарды разрядтан аттап жазбаша қосып, азайтуға байланысты есептерді шығарту.

Сабақтың міндеттері: 1. Баған түрінде есептеуге үйрету.

2. Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту.

3. Шапшаңдыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: Сұрақ жауап, түсіндіру

Сабақтың көрнекілігі: Кестелер

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылардың назарын сабаққа аударту



ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

№6 (149 бет)



ІІІ. Жаңа сабақ

1 Қосындының мәні қалай табылатындығын түсіндіру





Каталог: 2016
2016 -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Жырымен елін қуантқан Т.Әбдірахманова – 95ж
2016 -> Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ұлт жанашыры, ел қамқоры, халқымыздың біртуар перзенті
2016 -> Сабақтың тақырыбы Үш бақытым. Мұқағали Мақатаев Туған тілім. Дихан Әбілов Жалпы мақсаты
2016 -> «Алаштану негіздері» таңдау курсы Түсінік хат «Алаштану негіздері»
2016 -> Сабақтың атауы Н.Әлімқұлов Қоңырау Мақсаты
2016 -> Силлабус Пән: Педагогика тарихы Курс: 4 Мамандық: 5В010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» Кредит саны: 2 Экзамен: 7 семестр Семей-2015 «Педагогика тарихы»
2016 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет