Сабақтың түрі: жаңа білім беру



Дата26.08.2017
өлшемі48,06 Kb.
#29564
Сабақтың түрі: жаңа білім беру.
Әдіс - тәсілі: сын тұрғысынан ойлау, сұрақ – жауап, түсіндіру, түсіндірмелі иллюстративті.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: теңдеу және оны шешу тәсілдерін қайталау. Есепті теңдеу құру арқылы шығаруға оқушыларды дағдыландыра түсу.
Дамытушылық: оқушылардың ой өрісін дамыту, өз бетімен жұмыс істеу дағдысын жетілдіре отырып шығармашылыққа баулу.
Тәрбиелік: отан сүйгіштік, ұжымдық сезімдерін салауатты өмір салтын қалыптастыру.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, тапсырмалар жазылған парақтар (слайдтар)
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушыларды түгендеу. Сабақтың мақсаты мен жоспарын қысқаша таныстыру. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
ІІ. Психологиялық дайындық:
Қане, біздер ойлайық,
Ойымызды жинайық.
Қандай есеп болса да,
Шешпей оны қоймайық.
Үй жұмысын тексеру.
Жоспары:
Бәйге
Жұмыла көтерген жүк жеңіл
Бойы сергектің, ойы да сергек.
Кім шапшаң?
Тапқыр болсаң, тауып көр
Қайталау – білім анасы. Әр топқа қайталауға арналған сұрақтар қою.
І кезең «Бәйге»
Қарама – қарсы қабырғалары өзара тең геометриялық фигураны қалай атаймыз? (Тік төртбұрыш)
Барлық қабырғалары тең төртбұрыш қалай аталады? (Шаршы)
Периметрді қалай табамыз? (Барлық қабырғаларының ұзындықтарының қосындысын табамыз)
№1
15+9+3= 
(35+23)+14= 
70 -(5+6)= 
(30 - 15)+4= 
48+(45 - 30)= 
80 -(13+9)=
ІІ кезең «Жұмыла көтерген жүк жеңіл»
Жаңа сабақ: Теңдеу
Қарапайым теңдеу Күрделі теңдеу
№2. Сурет бойынша есеп құрастыр.
15+9+х= 30
24+х=30
Х=30 - 24
Х=6
15+9+6=30
30=30
Тура теңдік шықты ма?
Тура теңдіктің екі бөлігін де нөлден өзгеше сандарға бөлгенде тура теңдік шығады деуге бола ма?
Берілген теңдіктерді тура санда теңдікке айналдыратын әріптің мәніні табу керек болса онда теңдіктерді теңдеу деп атауға болады.
Теңдеу дегеніміз – құрамына енетін әріптің мәнін табу керек болатын теңдік.
Теңдік Теңдеу
Ұқсастығы: Тең белгісімен байланысқан өрнек
Айырмашылығы: 1. Құрамына тек сандар енетін теңдік
2. Құрамына енетін әріптің мәнін табу керек болатын теңдік
Х х 3 = 10 х 3
Cынап көру тәсілімен теңдеудің шешімі тексерілмейді.
Теңдеудің екі жағын да бірдей санға бөлу тәсілмен теңдеудің шешімі міндетті түрде жазбаша тексеріледі.
III кезең «Бойы сергектің ойы да сергек»
№3
Теңдеулерді шеш.
35+23+х=
100 Х -(23+17)=60 
70 - а=8+9+2
Х+12=50 -(15+5) 
(30 - 15)+у=80 
А+(45 - 30)=75 
Сергіту сәті: Мынау менің жүрегім.
Бәрі осыдан басталған.
Мынау басым ақылды
Бәрін осы басқарған
Мынау менің оң қолым.
Мынау менің сол қолым
Барлық істі басқарған. 
IV кезең «Кім шапшаң?»
№4
Баған түрінде есептеп, дұрыстығын тексер.
46+44= 
98 - 35= 
50 - 17=
90 - 65= 
100 - 89= 
57+29=
57+18= 
70 - 63= 
50 - 38=
V кезең « Тапқыр болсаң, тауып көр»
№5
а) Ұзындығы 56м оралған сым темірден бірнеше метр қиып алынғаннан кейін, тағы 14 м қалды. Орамнан неше метр сым қиып алынды?
56 - X=14
X=56 - 14
X=42
56 - 42=14 Жауабы: 14 метр сым қиып алынды.
ә) Орамнан алдымен 19 м сым темір қиып алынды. Орамда тағы сонша метр сым темір қалды. Орамда неше метр сым темір болған?
X - 19=19
X=19+19
X=38
38 - 19=19 Жауабы: 19 метр сым болған.
Қорытынды:
1. Теңдеу дегеніміз не?
2. Теңдеу нешеге бөлінеді?
Үйге тапсырма: № 6, 7 143 бет
Бағалау:
Шығамын десең биік шыңның басына, Зула, топ жар! Бәйгеге түс, бекем бол,
Адал досың – Біліміңді ал қасыңа. Тула, толқы, тебірен бірақ тасыма!
Назарларыңызға рахмет! Сабақ бітті.
Каталог: wp-content -> uploads -> 2017
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Аңыз әңгімелер «Асан қайғының жерұйықты іздеуі»
2017 -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин әңгімелері
2017 -> Сабақтың тақырыбы Мен не үйрендім? Сабақ негізделген оқу мақсаты
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Жылқы. С. Мұқанов
2017 -> Сабақтарында «мнемотехника»әдісін пайдалану. №48 «Ақ көгершін»
2017 -> Оқушыны іздендіру жолы – шығармашылық
2017 -> Сабақтың тақырыбы Менің отбасым. І дыбысы мен әрпі
2017 -> Әңгіме шебері Ы. Алтынсарин
2017 -> Б.Қ. Абдыкаимова №56 «Береке» балабақшасы тәрбиеші Астана қаласы
2017 -> Қысқа мерзімді жоспары: Мұғалімнің аты-жөні


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет