Сабақтың түрі: кіріктіру сабағы. Сабақтың көрнекіліктері: интерактивті тақта, бейнеролик,суреттер,сергіту сәті



Дата10.03.2017
өлшемі35,8 Kb.
түріСабақ
Тақырыбы:Балықтар

Мақсаты :Балықтардың тіршілігі және олардың сыртқы құрылысы туралы оқушыларға түсінік беру.

Дүниетанымдарын,сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру.

Сөздік қорын байыта отырып,өз ойларын еркін жеткізе білуге дағдыландыру.

Сабақтың түрі:кіріктіру сабағы.

Сабақтың көрнекіліктері:интерактивті тақта, бейнеролик ,суреттер,сергіту сәті.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

-Балалар,казір бізде дүниетану сабағы.Қанеки оқу-құралдарымызды реттеп сабаққа дайындалайық.Сабақты бастамас бұрын сендердің назарларынды интерактивті тақтаға аударамын .

(Психологиялық дайындық.Бейнеролик көрсету)

-Балалар,сендерге ұнады ма?

-Ендеше,бүгінгі сабағымыз қызықты өту үшін сендерге және өзіме сәттілік тілеймін.

-Бүгінгі сабағымыздың тақырыбын анықтау үшін біз мына сөзжұмбақты шешуіміз қажет.(интерактивті тақтадағы сөзжұмбақты шеше отырып,жауаптарын балалардың өздеріне жазғызу)

Тапсырмалары :

1. Қосмекенділердің басқаша атауы

2. кенді пайдалы қазбалардың құрамында не бар

3.ең кішкентай құс

4.жердің өсімдік өсетін құнарлы беті.

5.Қорегін ұшып жүріп табатын құс

6. Бунақденелілер мен буынаяқтыларды бір сөзбен не дейміз

7.Суды өткізбейтін тау жынысы

8. Бауырымен жорғалаушылардың екінші атауы

-Тамаша.Қанеки хормен ортада шыққан сөзді оқып жіберейікші.(Балықтар)

-Ендеше біздің бүгін өтетін тақырыбымыз «Балықтар»екен.

ІІ. Жаңа сабақ

Мұғалімнің түсіндірмесі:

Балықтар дүние жүзіндегі кез келген су қоймасында (мұхит, теңіз,көлдер,өзендерде )тіршілік етеді.Балықтар - омыртқалы жануарлар. Балықтар тек суда ғана тіршілік етеді, сондықтан олардың дене пішіні мекен ететін орны мен тіршілік жағдайларына байланысты алуан түрлі болып келеді. Енді балықтың сыртқы құрылысына назар аударайық.(Балықтың суретін көрсету)

1.Балықтардың денесі қабыршықтан тұрады.

2.Балықтар өмір бойы желбезек арқылы тыныс алады.
Бастың артқы және бүйір жағында жалпақ желбезек қақпалары болады. Желбезектер осы қақпақтардың астында орналасқан.

3.Жүзбе қанаттары тепе-теңдікті сақтап,бағытын анықтай алады,яғни балықтың жүзу кезіндегі түрлі қимылдары, олардың қанаттарының түрліше қозғалуына байланысты. Балықтар қос қанаттары арқылы  су ішінде денесін бұрып отырады. Егер қос қанаттарын  денесіне таяп байласақ, олар бауырын судың бетіне қаратып қалқып су бетіне шығады

4.Балықтардың ілгері қарай қозғалуына құйрық қанаты басты органы болып табылады, ол денені басқару қызметін атқарады.

5.Барлық сүйекті балықтардың торсылдағы болады.Ол судың төмеңгі қабаттарына дейін баруға мүмкіндік жасайды.

Балықтардың адам өміріндегі маңызы өте зор. Балықтан тамақтық продуктылар өндірумен қатар тіршіліктік маңызы бар пайдалы витамин, қоректік ұн тыңайтқыштық түктер де өндіріледі.Жылына миллиондаған балықтар ауланады да,балықтардың саны азаюда.Сондықтан арнайы су қоймаларында балықтар қолдан көбейтіледі.
ІІІ.Сергіту сәті(Интерактивтік тақта арқылы музыкалық сергіту сәтін жасату)

-Балалар,сендер сендер қандай өзендерді білесіңдер?Ал біздің жақта қандай өзен ағады?

-Қазір Айым Ертіс өзені туралы сендерген әңгімелеп береді. Ал сендер мұқият тыңдап отырыңдар.

-Ертіс өзенінде қандай балықтар бар екен?

-Біздің бірнеше оқушымыз осы балықтар туралы мәлеметтер жинаған еді,енді соларды тыңдап көрейік.(Оқушылар балықтардың суреттерін көрсете отырып, хабарлама жасайды)

-Өте жақсы.Қанеки осы беттерді бір-біріне жапсырайықшы.Бізде балықтар туралы кітапша дайын болды.

-Ал енді альбомдары мен бояуларыңды дайындап жіберіңдерші.

Біз сендермен мынадай жұмыс жасап көрейік.Қазір алақандарына бояуды жағып,альбомның бетіне алақандарынды басыңдар.Сендер сол баспаға балықтың қанаты,құйрығын,көзін,мұрнын қосып салуға болады.ол сендердің қиялдарына байланысты.(балалардыңсуруттерін тақтаға іліп қою)


ІҮ.Сабақты бекіту

-Балалар,қазір оқулығымыздың 137 бетін ашып,мәтінді бір оқып шығайықшы.

(Тізбек бойынша мәтінді оқыту)

Енді «Балықтың маңызы »туралы айтып көрейікші.

Ү.Қорытындылау.

Сонымен,


1.балықтар қайда өмір сүреді екен?

2.балық қалай тыныс алады.

3.Қанаты,құйрығы қандай қызмет атқарады?

4.қандай балықтармен таныстық?

5,Сендерген бүгінгі сабақ ұнады ма?

6.несімен?



-Бүгінгі сабақтан естелік ретінде мен сендерге алтын балықтар сыйлағым келіп тұр.Сабаққа белсенді қатысқандарын үшін алғысымды білдіремін.
Каталог: document library
document library -> Оқу жылындағы оқу-тәрбие үрдісінде жүргізілген жұмыстарға сараптама
document library -> Оқу жылы бойынша №29 Александр Герцен атындағы орта мектебінің «Жас Ұлан», «Жас Қыран»ұйымының жылдық есебі. Мақсаты
document library -> БАҒдарламасы 3 Сүгірбаева А. С 37 10-11 сынып оқушыларына арналған «шешендік өнер» курсы 37
document library -> Новоишим қазақ орта мектебінің аналитикалық талдауы 2011-2012 оқу жылы
document library -> «№4 жалпы орта білім беретін мектеп» кмм бойынша Ұбт-ға дайындық жұмысының жайы
document library -> Сабақ беру үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол жаңадан жаңаны табатын- өнер Жүсіпбек Аймауытов Алғы сөз


Достарыңызбен бөлісу:


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

енгізу | тіркеу
    Басты бет


материалдарды жүктеу